Имам Хұсейннің (ғ.с.) белгісіз серіктері (1)
Имам Хұсейннің (ғ.с.) серіктері арасында кейбіреулері жазбалар мен мінберлер арқылы танымал болғанымен, кейбіреулері туралы көп айтылмаған, сондықтан олар туралы мәліметтер аз. Имам Хұсейннің (ғ.с.) азырақ танымал серіктерін таныстырамыз.
Адал серіксіз бірде-бір қозғалыс өмірге келген емес және жанкешті көмекшілерсіз аяқталған жоқ. Орасан зор өзгерістер жасау арқылы тарихта қалған сындарлы көтерілістердің көшбасшысы немесе жетекшілерінің маңызды және тиімді рөліне қоса, мұндай қозғалыстардың өлместігі мен тұрақты болуы осы көтерілістерге қатысып, өз басшысын жалғыз қалдырмаған адал серіктердің ерлігі мен құрбандығымен байланысты екені сөзсіз.
Тарихтағы ең үлкен және ықпалды қозғалыстардың бірі Ашура қозғалысы болып табылады, бұл қозғалыста имам Хұсейннің (ғ.с.) адал серіктері оның мәңгі қаоуына маңызды рөл атқарды.
Имам Хұсейн (ғ.с.) серіктері туралы: «Мен серіктерімнен артық серік білмеймін»,- деп айтқан. Шәһидтер көшбасының (ғ.с.) сенімді серіктерінің ішінде кейбіреулері жазбалар мен мінберлер арқылы танымал болғанымен, кейбіреулері көп ааталмайды, сондықтан олар туралы мәліметтер аз.Имам Хұсейнды (ғ.с.) тарихта мәңгілікке қалдырған адал серіктерінің ерекшеліктеріне тоқталғымыз келсе, сабыр, ықылас және адалдық сияқты үш негізгі қасиетті атап өтуге болады. Ашура көтерілісі кезінде ең қиын жағдайда болғандар имам Хұсейнмен (ғ.с.) бірге өлімнен қорықпаған, олар төзімділік пен табандылық арқылы жәннатты өздері үшін сыйға айналдыру үшін және «Инсан» сүресінің екінші аятының шынайы үлгісі болу үшін шәһид болды. «Оларды сабыр еткендіктері үшін жұмақ және жібекпен сыйлайды».
Мүслім бин Касир Азди – Ашура көтерілісінде көрнекті және тиімді рөл атқарған имам Хұсейннің (ғ.с.) адал серіктерінің бірі, бірақ біз ол туралы аз оқып, аз естідік.
Әкесі Кәсир бин Қалиб Садфи Алла Елшісінің (с.ғ.с.) сахабаларының бірі саналатын Йемен тайпаларынан шыққан ізгі адам, Құран ғұламасы және хадис рауаятшысы болған. Мүслім имам Хусейннің (ғ.с.) әкесі имам Әлидің (ғ.с) накесиндермен (келісім-шартты бұзушылар) соғыстарында Джамал шайқасында болды. Ол осы соғыста ерлікпен шайқасқанда 47 жаста болып, майданда соғысып жүрген Амр бин Дхаба Тамимидің жебесінен аяғынан жараланып, мәңгілік ақсақ болып қалады. Ол имам Хұсейнді (ғ.с.) Куфаға шақыруда үлкен рөл атқарған және басқаларды имаммен бірге жүруге жігерлендірген жауынгер мұсылман болды. Сүлеймен ибн Сурад әл-Хузаидің Куфедегі үйі күрес ошағына айналғанда, ол да Әбу Абдулла әл-Хұсейнге (ғ.с.) хат жазушылардың және имамды Куфеге шақырушылардың бірі болды. Ол Мүслім Ибн Ақил көтерілісі кезінде, ант бергендердің көпшілігі қашып кеткен кезде Мүслімнің адал көмекшісі болып қалды.
Мүслім бин Касир Азди өзінің қартайғанына және аяғының ақсақтығына қарамастан, Әбу Абдуллаһ әл-Хұсейнге (ғ.с.) жетуге тырысып, Кербала маңында имамның керуеніне жетіп, имам Хұсейнге (ғ.с.) еріп жүрді. Жасы жетпіске таяп қалды, бірақ Ашура көтерілісінде ерлік көрсетуге жасы да, ақсақ аяғы да кедергі болған жоқ. Ол Хұсейннің (ғ.с.) махаббаты үшін бар күшімен соғысып, Ашура күні таңғы шабуылда Язид әскері имам Хұсейннің (ғ.с.) серіктеріне қарай оқ жаудырған кезде шәһид болды.
Имам Хусейнге (ғ.с.) арналған зиярат етуде Мүслімнің есімі аталып, оған сәлем беріледі: «Сәлем саған Мүслім бин Касир Азди».
******************************
Наср бин Әби Низар – Ашурада имам Хусейннің (ғ.с.) басқа серіктерінің бірі, ол Хабаши патшасы Нәджәшидің ұрпағы. Әкесінің мұсылмандар алдындағы қызметі үшін хазірет Әли (ғ.с.) оны сатып алып, азат етті. Ол Наджаши әулетінен аман қалған жалғыз ер адам еді, сондықтан Наджаши қайтыс болғаннан кейін Хабаши халқы оны патшалыққа сайлау үшін Мәдинаға келеді, бірақ Наср қабылдамай: «Мұсылман емес сендерге патша болуды неге қабылдауым керек? Қазір Алла Тағала маған нығмет беріп, мұсылман болдым. Біліңдер, Алла елшісіне (с.ғ.с.), оның отбасына (ғ.с.) бір сағат қызмет ету мен үшін Хабашстандағы өмір бойы патшалығымнан жақсырақ»,- деді.
Әби Низар патшалар әулетінен еді, бірақ оның патша болғысы келмеді, өйткені ол әлемнің патшаларын тапты. Ол алдымен Алла елшісінің, кейін хазірет Әлидің (ғ.с.) қасында болып, оған қызмет етті. Оның хазірет Әлиге (ғ.с.) қызмет ету туралы әдемі естеліктері бар. Осы естеліктердің бірі Әһли Бәйт (ғ.с.) тұрғысынан уақфтың маңыздылығын көрсететін Әби Низар құдығы туралы.
Әби Низар имам Әлидің (ғ.с.) Айн Әби Низар фермасын уақыф ету оқиғасын былайша баяндаған: «Бір күні Али (ғ.с.) маған келді. Мен далада жұмыс істеп, құдық қазып жүрген едім. Ол: «Тамақ бар ма?» – деді. Мен: «Бұл саған ұнамайтын тағам. Мен пимен (сасық құйрық) халва жасадым»,- деп жауап бердім. Ол: «Әкел» деді және орнынан тұрып, су ағынына барды. Ол қолын жуды, содан кейін тамақтанды. Пи (май) тамақтан кейін қолына жабысып қалды. Барып, қолын құммен жуып, майын кетірді де, дымқыл қолын ішінің үстіне қойып: «Кімде-кім іш оны отқа кіргізсе, Алла оны мейірімінен айырады»,- деді. содан соң қолына қайланы алып, құдыққа барды. Шамалы су шыққанша, қайламен жерді қазды. Маңдайы терлеп кетті. Ол терді сүртіп, қайтадан құдыққа барды. Сол құдықтан түйенің мойнындай су шыққанша ентігіп, еңбек етті. Имам (ғ.с.) суды көрген кезде: «Мен бұл жерді бағыштап, садақа жеп білуіме Алламен куә етемін»,- деді. Сосын қағаз әкеліп былай деп жазды: «Бұл Алланың құлы Әлидің Мәдина кедейлеріне бағыштап, аманат еткен садақа»,- деп жазды.
Бұл құдыққа «Әби Низар» есімін беру себебі оның осы құдықты қазудағы күш-жігерін бағалау. Әби Низар құдығы берекесі соншалық, Муавияның үнемі оған көзін тікті. Имам Хұсейн (ғ.с.) кезінде Муавие хатпен бірге екі жүз мың динар жіберіп, Әби Низар құдығын сатуды сұрайды. Имам Хұсейн (ғ.с.) қабылдамай: "Әкем оны қиямет күні сауабын алуы үшін бағыштады, мен оны сатпаймын",- деді.
Имам Әли мен имам Хасан (ғ.с.) шәһид болғаннан кейін Наср бин Әби Низар имам Хусейнге (ғ.с.) қосылып, онымен бірге Мәдинадан Меккеге, одан Кербалаға барды. Ол атты әскер көмекшілерінің бірі болды және соғыстың басында және Ибн Саад әскерінің шабуылында шәһид болды.