Шіл 26, 2023 17:35 Asia/Almaty
  • Имам Хұсейннің (ғ.с.) белгісіз серіктері (2)

Ұлы эпостарда ықпалды болғандар ешқашан ұмытылмайды. Ұлы Ашура көтерілісінде ерлік көрсетіп, шәһидтер көшбасшымен (ғ.с.) бірге болған Хұсейн Ибн Әлидің (ғ.с.) адал серіктері тарих жадынан ешқашан өшпейтін ұлы эпос жасаушылар. Осы арнаулы көмекшілердің кейбірі әртүрлі себептерге байланысты уақыт өте аз есте қалса да, олардың терең және орасан әсері еш уақытта ұмытылмайды.

 

  

Аслам бин Амр имам Хасанның (ғ.с.) түрік қызметшілерінің бірі болды. Имам Хасан  (ғ.с.) шәһид болғаннан кейін имам Хұсейн (ғ.с.) оны ағасының (ғ.с.) балаларынан сатып алып, имам Саджадқа (ғ.с.) сый етті.  Аслам оқуды және жазуды білетін, әдемі қолжазбасы бар және имам Хұсейннің (ғ.с.) хатшыларының бірі саналған. Хұсейн Ибн Әли (ғ.с.) мектебінде тәрбиеленген ол имам (ғ.с.) керуенімен Мәдинадан Меккеге, одан кейін Кербалаға жолға шықты.  

Мерген, садақшы, хатшы, Құран қариі және араб тілін білетін Аслам бин Амр Ашура күні: «Найза мен қылышымның соққысынан теңіз толқиды, ал кеңістік   жебелеріме толады, қолым мен қылышым қозғалса, күншіл жүрек қорқыныштан жарылады»,- деген. Кейбіреулер бұл эпикалық жырды оған жатқызады: "Менің басшысым Хұсейн (ғ.с.) және ол қандай жақсы имам. Ол Пайғамбардың (с.ғ.с.) жүрегінің сүйінші және ескертушісі. Әли (ғ.с.) мен Фатима (ғ.с.) оның ата-анасы. Ол кісідей мұндай құрметке кім ие болады?"

Аты-жөні римдік екені анық, нәсілі түркі тектес, Иранның солтүстігіндегі Дилам қаласынан шыққан Аслам бин Амр Кербала даласында ерлікпен соғысып, Омар Саадтың ондаған әскерін өлтірді. Ақыры көп жарақаттың салдарынан күшінен айырылып, жерге құлады. Имам Хұсейн (ғ.с.) оның басына келіп, жылап, бетін бетіне қойды. Асләм көзін аоып, имамды (ғ.с.) көргенде: «Хұсейннің (ғ.с.) бетін бетіме қойғанынан артық қандай құрмет бар?!»- деді. Содан соң күлімсіреп, шәһид болды.

 

                       ****************************************

 

Бурайр ибн Хұзайр Хамдани – шиіттердің және Пайғамбар әулетінің ерекше жақтастарының бірі және имам Хұсейннің (ғ.с.) Кербаладағы тағы бір адал серігі.

Бурайр Бани Машрех әулетінен, Хамедан тайпасынан шыққан (Йеменнен) Куфада тұрған.Тарихшылар Құранды көп оқығандықтан оны өз заманының  үлкен қариі атаған. Ол Куфа мешітінің қариларының бірі әрі тақуа тәпсірші болған. Имам Әли мен Имам Хасанның (ғ.с.) сөздері жинақталған «Әл-Қазая уәл-Ахкам» кітабы  оның еңбектерінен және Мамқани (шиа заңгерлерінің бірі) бұл кітапты шииттік фиқһ кітаптарының бірі деп санайды.

Имам Хұсейннің (ғ.с.) қозғалысы туралы білгеннен кейін Бурайр ибн Хұзайр  Хамдани оған қосылу үшін Куфадан Меккеге шығып, имаммен (ғ.с.) жүздеген шақырым жол жүріп Кербалаға жетті. Имам Хұсейн (ғ.с.) Кербалаға тоқтауға мәжбүр болғанда Бурайр: "Уа, Алла Елшісінің ұлы, Алла Тағала бізге сенің алдыңда соғысып, өлтірілуімізді нәсіп етті,  сенің атаңның қиямет күні бізге шапағатшы болуы қандай бақыт»,- деді. Хур мен оның қасындағылар имамның (ғ.с.) Куфеге қарай жолына тосқауыл қойғанда, ол серіктерін жинап, былай деді: «Расында, бұл дүние өзгерді, бет-бейнесін өзгертті және оның жақсылығы артқа бұрылды және кетті, одан ыдыстағы судың қалдығы сияқты қалдық пен оба жайлауындай аз ғана өмірден басқа ештеңе қалмады.

Расында, мүмін (өлім) Аллаға жолығуына ойлануы  керек. Сондықтан мен өлімді бақыт деп, ал залымдармен өмір сүруді азап деп санаймын...». Содан кейін ол оларға қалып, өлтірілу немесе өлімнен арылу туралы шешім қабылдауға еркін қалдырды. Бурайр имам Хусейнге (ғ.с.): «Уа, Алла Елшісінің перзенті, Алла Тағала бізді сенің қасында соғысуды және сені қорғау жолында өлуге сайлады. Қиямет күні атаңыз шапағат етеді. Пайғамбарының қызын өлтіргендер  құтқарылмайды. ​​ Олар Аллаға қасірет, олар Аллаға қалай жолығады, азап шегеді!

Аба Абдуллаһ әл-Хусейннің (ғ.с.) шатырындағы адамдар шөлдеп, қиналған кезде Бурайр одан адамдармен сөйлесуге рұқсат сұрайды. Ол жау әскеріне барып: "Уа, халайық, Алла Тағала адамдарды ақиқатқа шақырып, олардың жолында жанып тұрған шырақ бар екенін айтып, сүйінші хабармен уахи етті. Енді Евфраттың суына назар аударыңдар, оны кез келген адам, тіпті шөлдегі жануарлар да пайдаланады. Бірақ бұл суды Алла Елшісінің ұлы үшін жауып тастадыңдар»,- деді.

Соғыс басталып, Язид бин Муқал Бурайр ибн Хұзайрмен бетпе-бет шықты. Бурайр Язидтің басына қылышпен қатты соқты, ол қайтыс болды. Бурайрдің  ерлікпен шайқасқаны сонша, ешкім онымен бет-бет күресе алмады. 

Ақырында ол дұшпандардың бірімен соғысып жатқанда, Каъб бин Джабер бин Амр Азди оған арт жағынан шабуыл жасады. Каабтың достарының бірі оған: «Бұл кісі мешітте бізге Құран үйреткен Құран қариі Бурайр ибн Хұзайр, оны өлтіргің келе ме?»- деді. Кааб оның сөзін елемей, Бурайрге найзамен шабуыл жасап, найзаны оның арқасына сұғып алды. Бурайр жерге құлады, содан кейін Кааб, оны қылышымен өлтіргенше соқты. Кааб Куфеге қайтып келгенде, әпкесі оған: "Сен Алла Елшісінің (с.ғ.с.) ұлымен соғысқа шығып, Құранның ұлы ұстазын өлтірдің. Аллаға ант етемін, мен сенімен енді сөйлеспеймін", - деді.

Ашураның ұлы көтерілісі иманды адамдар үшін ұлы қозғалыс және өзін Хұсейннің (ғ.с.) ұлы дастанымен байланыстыру мүмкіндігі болды. Күмәнсіз, осы ұлы дастанның хабарларының жарыққа шығуы мен мәңгі ұмытылмауы ең қиын жағдайда өмірлерінің соңына дейін тұрып, Хусейннің (ғ.с.) ақиқаттығына еш күмәнданбаған хазіреттің (ғ.с.) серіктерінің шынайы көмегінің арқасында болды.

 

 

 

Тегтер