Қыр 25, 2023 13:11 Asia/Almaty
  • Қасиетті қорғаныс апталығы 2: Қасиетті қорғаныс – иманның көрінісі

1980 жылдың 22 қыркүйегінде Ирактың БААС-шыл режимі Шығыс пен Батыстың екі алпауыт державасы мен аймақтың автократиялық режимдерінің қолдауымен Иран шекараларына аяусыз шабуыл жасады.

 

 

1980 жылдың 22 қыркүйегінде Ирактың БААС-шыл режимі Шығыс пен Батыстың екі алпауыт державасы мен аймақтың автократиялық режимдерінің қолдауымен Иран шекараларына аяусыз шабуыл жасады. Бұл Иран Ислам Республикасының құрылғанына көп уақыт өтпеген жағдайда болды. Иранның саяси, әкімшілік, әскери және әлеуметтік құрылымы Ислам революциясының қажеттіліктері мен негіздеріне сәйкес қалыптаспаған болатын. Ислам Республикасының жаңадан құрылған жүйесі Шығыс және Батыс деген екі лагерь қолдайтын қарулы армияның жаппай агрессиясына қарсы тұруға дайын емес еді. Саддам режимі Иранға басып кіргеннен кейін имам Хомейнидің басшылығымен бүкіл Иран халқы осы басқыншылыққа қарсы жұмылдырылып, «Қасиетті қорғаныс» деген атқа ие болған ерлік жасады.

Қасиетті қорғаныс - Иран мұсылман халқының рөлдік сахналарының  ең жарқын көріністерінің бірі. Саддамның агрессорлық режимімен сегіз жылдық соғыстың рухани өлшемінде бұл иман мен күпірлік арасындағы соғыс болды. Шайқас көріністерінде рухани өлшем, Алламен байланыс, ықылас, дүние-мүлікті елемеу, бір сөзбен айтқанда иман күшейген сайын табыс, жеңіс пен ерлік көбірек көрінді.

Иран жауынгерлерінің Саддам режимімен сегіз жылға созылған шайқасында соғыс пен қиратудан басқа тағы бір өлшем соғыс  ағымында тиімді рөл атқарды. Бұл ирандық жауынгерлердің адамгершілігі мен ахлағы.  Ирандық жауынгерлердің шайқастың алдыңғы шебінде және арт жағындағы адамгершілігі және ахлағы  олардың Алла Тағалаға және Алланың соңғы елшісі Мұхаммад пайғамбарға (с.ғ.с.) және Әһли Бәйтке (ғ.с.) деген берік сенімінің көрінісі болды. Ирандық қолбасшылар мен жауынгерлер әскери техника саласындағы кемшіліктерінің орнын толтырып, жақсы жабдықталған жаудан басымдық беретін жалғыз қару – Алла Тағалаға сенім деп есептеді.

 

 

Шәһид Саяд Ширази: "Иран Ислам Республикасының армиясы бүгінде Исламға қызмет етуде соғысуда және иман қаруымен қаруланған. Біз бұл қаруды  армиялардың көбінде таба алмаймыз",- деген. "Хейбар" операциясындағы әуе күштерінің қолбасшысы: "Бұл операциялар Мәжнун аралдарына жау білмей қалатындай жылдам әрі ауыр тасымалдауды қажет етті. Түнгі мобильді әуе операциясы Таяу Шығыс тарихында өте құнды және бұрын-соңды болмаған түрде және әлем тарихында сенімді түрде жүзеге асырылды. Әуе күштері жауынгерлері басқа жауынгерлермен бірге Исламға және шейіт болған халқымызға құрмет көрсетуді мақтан тұтады. Олар дүниежүзіне қаражат тұрғысынан қарағанда, "жаһандық үстемшілер бізге шек қойған болуы мүмкін, бірақ иман тұрғысынан [олар] өте жоғары деңгейде және иманға сүйеніп, шектеулі мүмкіндіктерімен үлкен істер атқара алатынын дәлелдеді",- деді.

Иран жауынгерлері Құдайға сенуді ең күшті және тиімді қару деп санап: «Қолындағы барлық жетілдірілген қару-жарақ пен Шығыс пен Батыстың екі алпауыт державасы көрсеткен барлық қолдауға қарамастан, Ирак БААС әскері ирандық жауынгерлердің күштеріне қарсы тұра алмады. Өйткені Аллаға сенім қаруы қашанда ең күшті қару болған. Ирак БААС режимі шапқыншылықтың алғашқы күндерінен-ақ Хузестанды жаулап, бірнеше күнде Теһранға жету деген армандарының орындалмайтынын және алда көптеген қиындықтардың бар екенін түсінді. Хорамшахр халқы мен жауынгерлерінің теңдессіз қарсылығы мен құрбандығы және Ирак әскерінің броньды күштерінің оның көшелерінде жерленуі өте маңызды өлшемнің шайқас алаңына кіргенін көрсетті. Бұл Алла Тағалаға деген сенім мен иман еді.

 

 

Ирактың БААС әскеріне қарсы ирандық жауынгерлердің шайқас майданында болғандардың барлығы осы теңсіз соғыста жеңіске жеткізетін ең маңызды фактор – Алла Тағалаға сенім деп есептеді. Ислам революциясының ұлық жетекшісі Имам Хомейни (р.а.) сегіз жылдық қасиетті қорғаныс кезінде Ислам жауынгерлерінің БААС басқыншыларын жеңуін иманның жеңісі деп санап, жаунгерлерге: «Бауырлар бұл жеңістерге иман күшімен және исламдық қуатпен жеттіңіздер»,- деді. Ислам революциясының ұлық жетекшісі мұсылман жауынгерлерінің сенімінің жеңісі тұрғысынан қасиетті қорғанысты Исламның басындағы соғыстармен салыстырды. Керманшах облысындағы Наусуд қаласын жеңіп алып, оған қарайтын биіктерді иемденгеннен кейін армияның біріккен штабының орынбасарына (Шаһид Фаллахиге): «Бұл жеңіс пен болашақ пен өткеннің басқа да көптеген тетіктері бар жеңістері – иман мен Исламның күпірлік жағын жеңуі және адами құндылықтардың залымға қарсы жеңісі. Бұл Исламның басында аз қару-жарақ пен көп иман мен міндетке ие болған мүміндер тобы барлық қару-жарақпен және шайтандық күштермен жабдықталған күпірлік топтарды жеңгені сияқты»,- деді. Имам Хомейни (р.а.) осы құнды сенімге сүйене отырып, жауынгерлерге: «Иман жүрегіңде болса, жеңіске жетесің және осы нұрды, иман нұрын жүрегіңде көбейтуге тырысу керек», - деп жол көрсеткен. Иран Ислам революциясының қазіргі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи де сегіз жылдық қасиетті қорғаныстағы жауынгерлердің жеңісінің сыры иман деп санайды. Ол: «Бұл ұлы жеңістерге біз қалай қол жеткіздік деген сұрақ туындайды. Жауабы бір нәрсе. Сенім мен руханияттың көлеңкесінде сіз әрқашан құнды байлықтай ұстандыңдар. Соғыс құралдары соғыста өте маңызды фактор болып табылады, бірақ ол анықтаушы фактор емес. Өйткені құралдарды адамдар пайдаланады. Адам қандай болады? Өзіне сенетін және өлімнен қорықпайтын күшті адам немесе құралдың көлеңкесіне жасырынғысы келетін әлсіз адам. Қолындағы құрал сөздің шын мағынасында жауды жеңеді, Аллаға иман келтіру адамдарға күш береді»,- деді.

Соғыстың қызып тұрған кезі мен қасиетті қорғаныстың қызу сахналарында болған ИИР Сақшылар корпусы мен армиясының көрнекті қолбасшылары жеңістерге деген сенімнің теріске шығарылмайтын әсерін жан-тәнімен сезінді. Революция сақшыларының бұрынғы қолбасшысы және сегіз жыл бойы қасиетті қорғаныстың жоғары қолбасшыларының бірі болған генерал-майор Сафави Хейбар операциясындағы ислам жауынгерлерінің ерлігіне тоқталып: «Олар Маджнун аралдарында сенімнің күпірлікті, сенімнің технологияны, сенімнің қаруды жеңетінін көрсетті»,- деді. Генерал Захиранджад, 1360-1363 жылдардағы Иран армиясының Біріккен штабының бастығы, 1360 жылы желтоқсанда әл-Құдс арқылы жасалған операцияда Бастанды жеңіп алғаннан кейін «сенім исламдық жауынгерлердің жеңісінің ең маңызды факторы болып табылады»,- деді. Ирак БААС армиясының күштері де өздерінің жоғары материалдық күштері мен көптеген державалардың қолдауына қарамастан, операцияларда сәтсіздікке ұшырауларының себебі олардың сенімсіздігі екенін мойындады.  БААС әскерінің қолбасшыларының бірі тұтқыннан кейін: «Біздің ең мықты бекіністеріміздің бірі болған Абадандағы жеңілістен кейін біздің барлық қолбасшыларымызға Иранда қалмайтынымыз анық болды. Күш-қуат, құрал-жабдық, оқ-дәрі жағынан артық болмасада, сіздерден кем емес. Сауд Арабиясы, Мысыр, Судан, Иордания сияқты аймақтың барлық елдері бізге әскери көмек көрсетуде. Бірақ біздің арамызда бір нәрсе жоқ, ол біздің сәтсіздікке себеп болды, ол иман»,- деп айтты.

Құдіретті Аллаға иман келтіру Ирак БААС әскеріне жетіспейтін таптырмас элемент болды. Хазірет аятолла Хаменеидің айтуынша, дұшпанға жетіспейтін нәрсе – иман күші мен күрескерлерде болған таза әрі шынайы иманның қызуы. Бұл жауды өзінің кемшілігі мен әлсіздігін қару-жарақпен және техникамен өтеуге мәжбүр етті. Аятолла Хаменеи: «Мұнда Ислам жауынгерлері мол иманмен соғысса, дұшпан мақсатсыз, имансыз соғысады, сондықтан иман бостығын қарумен толтыруға тура келеді»,- деп айтты.

 

   

 

 

Тегтер