Қаң 18, 2024 21:06 Asia/Almaty
  • Газа күні

Иранның күнтізбесінде 19 қаңтар Газа ұлттық күні деп аталады.

 

Иранның күнтізбесінде 19 қаңтар Газа ұлттық күні деп аталады. 2008 жылы 27 желтоқсанда Израиль режимі Газа секторын аяусыз және адамгершілікке жатпайтын қырғи ұшақтарымен нысанаға алып, шабуыл 17 қаңтарға дейін жалғасты. Израильде бұл соғыс «Құйылған қорғасын операциясы», ал палестиналықтар арасында Газадағы қырғын немесе 22 күндік соғыс деп аталады. Бұл тең емес соғыста 1450-ден астам палестиналық шәһид болып, 5000-ға жуық адам жараланды. Сионистік режим 22 күндік тоқтаусыз шабуылдарында Газа секторындағы көптеген тұрғын үйлер, ауруханалар, мектептер, мешіттер, емханалар мен басқа да инфрақұрылымдарды қиратты. Бұл соғыста сионистік режим өзінің барлық әскери күшімен және Американың қолдауымен алғаш рет ХАМАС исламдық қарсыласу қозғалысын толығымен жоюды көздеді және ХАМАС бұл соғысқа қарсы тұру және ауыр қаруланған сионистік режимге қарсыласу қабілеті бар екенін көрсетті. Заңсыз Израиль режимі 2104 жылы Газа секторына тағы да кең ауқымда және ұзақ уақыт бойы жаппай шабуылдар жасады. 51 күнге созылған бұл шабуылдарда 2158 Палестина азаматы шәһид болып, 11 мыңнан астам адам жараланды, Газаның инфрақұрылымы қирап, Газа халқының өмір сүру жағдайы қиындады. Бірақ Палестина халқы исламдық қарсыласу қозғалысына қолдау көрсетіп, осы шабуылдарға қарсы тұру және қарсылық көрсету арқылы сионистік режимді атысты тоқтату келісімін қабылдауға мәжбүр етті. Газа соғысының сионистік режим үшін әлеуметтік, экономикалық және әскери өлшемдегі салдары соншалық, соғыс аяқталғаннан кейін Израиль режимінің кабинетіндегі саяси дағдарыс өте шиеленісіп, осы режимнің ондаған шенеунігі мінднінен шеттетілді. Әрбір басқыншылықтан кейін исламдық қарсыласу сионистік басқыншылыққа қарсы тұру тәжірибесін пайдаланып, бұрынғыдан да көбірек дайындалды. Басып алынған Палестинадағы Газадан ең шалғай қалалар мен өнеркәсіптік және әскери орталықтарды нысанаға алу сионистерге палестиналық жауынгерлердің Газа секторына қалаған уақытта шабуыл жасауға рүұсат етпейтін күшке ие болғанын көрсетті. Өйткені олар исламдық қарсыласудың күшті жауабына тап болады.

Сионистік режим Газа секторындағы Палестина исламдық қарсыласуынае кезекті жеңілістерінен кейін Газа секторын жан-жақты қоршау арқылы   бұл жерде өмір сүретін екі миллионнан астам палестиналықтардың ерік-жігері мен қарсылығын сындыра алады деп ойлады. Газа секторын көп жылдық қоршауға алғанымен, сионистер өз мақсаттарына жете алмады. Керісінше, шектеулер палестиналық жауынгерлерді ұзақ мерзімді соғысқа дайындап, қару-жарақтың барлық түрлерімен қамтамасыз етуге және израильдік сарбаздармен партизандық соғыс жүргізуге  мәжбүр етті. Газа секторының астындағы туннельдер желісі палестиналық жауынгерлердің олардың осалдығын азайтып, сионистерге көбірек соққы беруі үшін негізгі шараларының бірі болып табылады.

"Әл-Ақса дауылы" операциясы және жүздеген палестиналық жауынгердің басып алынған Палестинаның тереңіне енуі және ондаған сионистік сарбаздың өлтірілуі мен жүздеген адамның тұтқынға алынуы Палестина исламдық қарсыласуының қабілеті мен дайындығының шыңын және сионистік режимнің барлау және қауіпсіздік әлсіздігін көрсетті. Сионистердің бұл операцияға реакциясы Газа секторына жасалған жойқын шабуылдар болды. Израильдің барлау және қауіпсіздік беделіне, әсіресе «Темір күмбез» жүйесіне тиген ауыр соққыны жасыру үшін Нетаньяху Газа секторының палестиналық бейбіт тұрғындарынан кек алды.

Жүз күннен астам уақыт бойы сионистік режим Газа секторына құрлықтан, әуеден және теңізден шабуыл жасауда. Бұл шабуылдардың мақсаты Газаны тұруға жарамсыз ету, израильдік тұтқындарды босату және ХАМАС-ты тарату. Осы уақытқа дейін 24 мыңнан астам Газа тұрғыны шәһид болды. Бұл шәһидтердің жетпіс пайызы балалар мен әйелдер. Халықаралық көмек ұйымы Оксфам соңғы есебінде сионистік режимнің Газада күн сайын 250 палестиналықты өлтіретінін жариялады. «Оксфам» веб-сайтының хабарына қарағанда, бұл ұйым былай деп қосты: "Бұл кісі өлтіру Израильдің Газаға қарсы соғысын 21 ғасырдағы ең қанды қақтығысқа айналдырды". Хабарда әрі қарай былай делінген: "Газадағы күнделікті өлім деңгейі Сириядағы (күніне 96,5 адам), Судандағы (күніне 51,6 адам), Ирактағы (50,8) және Украинадағы (43,9), Ауғанстандағы (23,8) және Йемендегі (15,8) қақтығыстардан жоғары. Салли Аби Халил, Oxfam ұйымының Таяу Шығыс департаментінің директоры: «Израильдің Газада жасап жатқан қылмыстары шынымен жан түршігер",- деді. 100 күн бойы Газа халқы нағыз тозақты бастан кешірді. Ешбір жер қауіпсіз емес және Газаның бүкіл халқы ашаршылық қаупінде.

Нетаньяхудың геноцидтік машинасы жүздеген палестиналық балаларды, ерлер мен әйелдерді шәһид етіп, жаралап, екі миллион адамды босқынға айналдырды. Газа секторының үлкен бөлігі жойылды. шәһид Екі миллионнан астам палестиналық үйлері мен инфрақұрылымдарының қирағанына қарамастан Газа секторынан кетуден бас тартты. Сионистер тұтқындардың бірін де босатқан жоқ. Палестиналық жауынгерлер күн сайын ондаған израильдік әскерилерді өлтіріп, жаралайды. Газаның ешбір жері сионистік танктер мен көлік тасымалдаушылар үшін қауіпсіз емес. Олар палестиналық жауынгерлер үшін қолжетімді нысанаға айналды. Израиль ауруханалары мыңдаған жаралы сарбазды емдеуге қауқарсыз. Нетаньяху басып алынған аумақтарда да, халықаралық жүйе саласында да абыройға ие емес. Сионистік режимнің премьер-министрі мен Израиль кабинетінің нәсілшіл министрлері күн сайын жоба құрып, палестиналықтарды өлтірудің жалғасуын қуаттады. Бірақ Америка мен Еуропадағы сионистік режимнің жақтастары сионистік режиммен арақашықтықты сақтауға тырысып, сионистердің мақсаттарының жүзеге асырылмайтындығына назар аударады. Олар Палестинадағы қарсыласуды жоюға болмайтынын жақсы біледі. Осы себепті АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен соңғы үш айда Таяу Шығыс аймағына жасаған көптеген сапарларында Газа секторы мен Батыс жағалауда Палестина мемлекетінің құрылғанын қайта-қайта атап көрсетеді. Тель-Авивтегі билеуші ​​сионистер қабылдауға дайын емес идея. Газа секторында флертандықтардың өлтірілуінің жалғасуы сионистік режимге қарсы жаңа майдандарды ашты. Мұсылман және Батыс елдерінде Палестина халқына қолдау көрсету деңгейі күн сайын артып келеді. Тель-Авивтегі билеуші ​​сионистер Екінші дүниежүзілік соғыста еврейлердің қырылуына баса назар аудара отырып, Палестинаны басып алуды және осы жер халқының қоныс аударуын ақтады. Осы үгіт-насихат саясатының аясында Израильге қарсы әрекеттер Батыс елдерінде антисемитизм болып саналып, қылмыс болып саналды. Бірақ бүгінде Еуропа мен Америка елдерінде Палестина халқын қолдау және жалған Израиль режимін айыптау мақсатында бірнеше мың және бірнеше жүз мың адамдық жиындар өтуде. Халықаралық қылмыстық сотта Израильге геноцид жасады деген айып тағылды. Нетаньяху бұл аймақты қирату арқылы Газа атын Палестина географиясынан өшіре алмады, керісінше, соңғы үш айда Палестина халқының ісі мен Газа атауы әлемде мәңгілік болды.  

 

Тегтер