Нау 26, 2024 19:09 Asia/Almaty
  • Көктем дастарханы

Кетпек бар жерде келмек бар, келмек бар жерде кетпек бар... қыс кеткен соң көктем келеді; таң атып, күн шығады. Біз де бір күні дүниеге келіп, лажсыздықтан мәңгілік мақсат жаққа жету үшін уақыттың күре жолдарынан өтуіміз керек.

Құрғақ жапырақтар түсіп, олардың орындарын жас, жасыл жапырақтар басады. Адамдар дүние салып, олардың орындарына дүниеге жаңа адамдар келеді. Түнді ағарып атқан таң алмастырса, күнді түннің қараңғылығы басады...

Кетпек бар жерде келмек бар, келмек бар жерде кетпек бар... қыс кеткен соң көктем келеді; таң атып, күн шығады. Біз де бір күні дүниеге келіп, лажсыздықтан мәңгілік мақсат жаққа жету үшін уақыттың күре жолдарынан өтуіміз керек. Барлық нәрсе буырқанып, тасып, қайнауда. Уақыт тоқтау дегенді білмейді. Уақыт ешбір аялдамада тоқтамай, ағызып өтетін пойыз сынды. Ондай болса уа, адам сен неліктен тосылып тұрсың? Тұр да, әрекет ет. Өзіңнің бүгінің мен ертеңің үшін азық қамда. Мүміндердің әміршісі хазірет Әлидің мына сөзіне құлақ қой: «Екі күні бірдей болған адам ұтылған адам; ертеңі кешегісінен жаман болған адам мақұрым».

Бұлбұлдар сайрап, тіршіліктерін жалғастыру үшін талпынған күйде Құдайға мадақ айтуда. Ағаштар мәуелеп, таза оттегін бөліп шығаруымен қатар Пәруәрдігерді зікір етуден бір сәт қапылдық танытпайды. Жарытылыс иелерінің барлығы Құдайды зікір етіп, пәктейді. Аспандық соңғы кітап Құран «Исра» сүресінің 44 аятында бұл туралы былай дейді: «Жеті көк және жер, сондай-ақ ондағы болғандар Аланы пәктейді. Оны пәктеп, мақтамайтын еш нәрсе жоқ» (44).

Осындай құлшылықтың дабырында уа, адам, сенің үнсіз, тосылып тұрғаныңа не жорық?! Күндерді бос оймен өткізіп, осы бірсарындылықты өміріңнің соңына дейін жалғастырсаң, қапылдық ұйқысынан ешқашан оянбайсың.

Сұлулық пен құлшылықтың әнін сенімен айту үшін көктем келді. Ондай болса тұр да, қолыңды көктемнің буырқанған бұлағына салып, онымен көзіңді шай. Терең тыныс алып, түрлі-түсті гүлдердің әтірін бүкіл болмысыңмен сезін. Бүршік атып, гүлде. Құлшылық жолында қадам басып, ғылым үйреніп, жаның мен тәніңді тәрбиелеуге өзіңді әзірле. Ия, мақсатты зерттеу, спортпен айналысу, қуаныш пен әртүрлі шеберліктерді үйреніп, іштей және ахлақ тұрғысынан қайта қалыптастыру адамды даму мен кемелдік жолына түсіріп, оны бақытты етеді.

Тіршілік сыйлаушы көктемде шымшық құстар балғын, хош иісті өсімдіктер мен гүлдерді көріп, жаңа тынысқа ие болып, құйқылжыта ән салады. Ақ және алқызыл түсті бүршіктер мен түйіндер әдемі, көздің жауын алатын шырынды жемістерге айналып, көктемнің жаңбыры аспанның: «Ей, адам! Сен де осы сұлулықтарды көру арқылы уайым мен қайғының тамырын жүрегіңнен жұлып тастап, өзіңнен кекшілдікті алыстат; шынайылық пен дұрыс жолды саф, таза, мөлдір бұлақтан, азаттық пен құлдықтан босаудың тәсілін биік шыршалардан үйрен» деген жолдауын жерге жеткізеді. Осы жолда бір-бірін бастырмалатып, басып озып жатқан таңғажайыптардың соңынан сен де әрекет етіп, ізденіс жаса.

Таңқаларлық қияметте жер қалайша құтқарылу үдерісін бастайды? Сен топырақтан жаратылдың емес пе? Құдай өзінің демімен саған рух үрледі. Сонда да өзіңнің қияметте қайтадан тірілетіндігіңді ойламайсың ба? Қазір көбелектер өздерінің піллелерінен шыққан соң гүлдер мен өсімдіктердің үстеріне қонып алып, тіршіліктің әнін шырқайды. Қазір қарлығаштар қанаттарындағы қыстан қалған қарларды сілкіп тастап, өздерінің ұяларына үмітпен қайтып оралуда. Сен де илаһи болмысыңа оралып, кешірім мен жомарттықты бағдарың ет. Ақыретке ең жақсы азық қамдау үшін жақсылықпен достас.

Табиғаттың көктемінің келуімен барлық нәрсеге үстемдік еткен суық пен сылбырлық және салғырттық бір бұрышқа тығылып, жылу мен қуаныш, шаттық табиғаттың келбетін өзгертеді. Табиғатта құдды әдемі бір әуен ойнап жатқандай, баршаның сонда үлесі бардай...

Адамның көктемнен алатын үлесі – ғибрат алу мен ойлану. Болған нәрсе туралы ойлану. Суық пен өлімнен қайта жанданған тіршілік...

«Өмір де ақиқатқа ие ме?», «Өлім мен құрдымнан кейінгі жолда басқа тіршілік бар ма?» деген сауалдар туралы ойлану... «Тіршілік пен өмірдің ақиқаты неде?». Бұл – адамзаттың ғылымы оның құпиясын әлі аша алмаған тақырып. Бірақ илаһи діндер тіршіліктің ақиқатын баяндады. Ислам діні оны толығымен түсіндірді. Осы дінде кез келген істің ақыретте бейнесінің болатындығы, біздің осы дүниедегі іс-әрекеттеріміздің біздің о дүниедегі тағдырымызды анықтайтындығы айтылған. Жақсылық пен жамандық, зұлымдық, – бұлардың барлығының жаманды-жақсылы бейнелері бар. Олар бізді мәңгілік жұмаққа немесе жәһаннам жаққа тартып, тағдырымызды айқындайды. Бұл – кез келген ақыл мен түйсік оған қол жеткізе бермейтін ақиқат. Құранның айтуы бойынша, бұл ақиқатты тек даналар ғана түсінеді. Даналықтың бұл кезеңіне жетудің кезеңдері бар. Басында адамның ойы әлі дүмбілез болған кезде сезімдер мен ой-қиял және ақылдың арасында араласушылық болады.

Адамның ақылы қиял мен сезімнен шыққан кезеңде кемелдікке жетеді. Көктем бізді көрудің осы түріне шақырады. Ақылдың көзімен қарап, сабақ алып, жаңаруға шақырады. Бір адам мүміндердің әміршісі хазірет Әлиден «Өзіңнің Құдайыңды көрдің бе?» деп сұрапты. Сонда хазірет: «Мен егер құлшылық етпегенімде құдайымды көрмес едім» деп жауап беріп: «Көз оны көрмейді, бірақ жүректер имандарының ақиқаты арқылы оны байқайды» деген екен.

Наурыз жүзіміздегі қапылдықтың шаң-тозаңын жуып, жаңару мен өзгеру үшін ешқашан кеш емес екендігін бізге айту үшін келеді. Егер осы уақытқа дейін өмір сүру тәсіліңді өзгерте алмасаң жүректің сағатының тілін Пәруәрдігер жаққа қарай бұра. Сенімдеріңді қайта қара, бәлкім, сенімдеріңді қайта қалыптастыру керек шығар? Айналаңа бажайлап қара. Пәруәрдігердің саған табиғат пен тіршіліктің әдемі кеңістігін әзірлегенін көр. Ондай болса сен де өзіңді табу үшін өзіңнің қабілет, дарындарыңды ашуға талпын. Өзіңнің ұлылығыңнан жаратушыңның ұлылығын түсінесің. Ия, өзін өзі тану – Құдайды танудың кілті. Құдси хадисінің негізі бойынша, адам өзін тану үшін талпыныс жасамаса Пәруәрдігерін жақсы тани алмайды.

Уа, көктем! Жыл сайын келіп, жаңару мен қайта басталудың сүйінші хабарын біздің шаршаған рухымызға үрлеп, бізді түзелуге және түзетуге ынталандыратыңдығың үшін саған алғыс айтамыз!

Тегтер