Құдс күні – мұсылмандардың бірлігінің көрінісі
Имам Хомейнидің «Әлемдік Құдс» күнін жариялауынан бері 38 жыл өтті. Құдс күні үлкен арманға ие және әлемдік жолдауларды жеткізетін күн.
Құдс күні жылдар бойы заңсыз басқыншы режимнің қол астында нәсілшілдік пен Таяу Шығыстағы отаршылардың билеп-төстеушілік саясаттарының құрбаны болып, жәбір көрген Палестина халқына қолдау көрсету болып табылады. Бұл Әлемдік Құдс күнінің тек бір ғана жолдауы. Бұл күннің екінші жолдауы бүгінде ұлтаралық және дінаралық бүліктер мен лаңкестік топтардың діни экстремизмінің жалынын Таяу Шығыстың ортасынан Африкаға дейін лаулатып отырған АҚШ пен әлемдік сионизмнің сұрқия жобаларын әшкерелеу болып табылады. Бұл тұрғыдан Құдс күні исламдық үмбеттің ұлылығы мен дүниежүзінің мұсылман халықтарының үстемдікке қарсылықтарының көрінісі. Сол себепті әлемдік Құдс күнінің аясында мұсылман халықтардың Палестина халқының тартып алынған құқықтары мен Израильдің басып алған жерлерін қайтару ісі әлемдік мәселеге айналды. Таяу Шығыстың тарихы сионистердің бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Осман империясы құлдыраған соң Ұлыбритания отаршыларының қаржылай қолдаулары мен ойдан шығарған «уәде етілген жерлерге оралу» және «халықсыз жер жерсіз халық үшін» деген үгіт-насихаттарымен Палестинаға ықпал етіп, бірте-бірте кеңейтіп, «Нилден Евфратқа дейін» деген ұранымен өзінің заңсыз құрылымын құра бастағаны туралы ащы ақиқатты баяндайды. Сионистік режим сырт көзге ислам әлемінің географиялық бір бөлімін басып алып отырғанымен, оның басшыларының қисынсыз ойлары барлық исламдық елдерді нысанға алуда. Құдс күні неліктен стратегиялық маңызға ие деген сұраққа жауап беру үшін үстемшілердің қастандықтарына қарсы тұрған және әлем мұсылмандарының бірлігі мен тілеулестігінде маңызды рөл атқарған исламдық ояну қозғалысының ұлылығына тоқталу қажет. Сол себепті Құдсты қолдайтын күнді салтанатты өткізу тарихи және исламдық үлкен міндетті орындаумен бірге ислам үмбетінің оянуы мен қырағы болуына жағдай жасайды. Бірақ келесі тұрғыдан әлемнің жәбір көрген халқын, әсіресе Палестина халқын қолдау олардың аяққа тапталған құқығын қайтару болып табылады.
Имам Хомейни Ислам революциясының сәулетшісі және исламдық республика жүйесінің іргетасын қалаушы ретінде әлемдік үстемшілердің жәбір көрген халықтарға қарсы билеп-төстеушілік әрекеттерін сынап: «Үстемшілдер халықты үстемшіл саяси әрекеттері арқылы зұлым тәртіпті қабылдауға мәжбүр етті. Соның нәтижесінде халық екі топқа, атап айтқанда залымдар мен езілген халықтарға бөлінді»,- деп қуаттаған. Имам Хомейнидің пікірі бойынша әлсіз халықтар тек оянып және өздерінің құқықтарынан хабардар болып, үстемшілдерге қарсы көтерілу арқылы жеңіске ете алады. Мұндай ұстанымдармен Иранның Ислам революциясы өзінің жолының басынан әділетсіз үлгілерден өзін алыстатып, Шығыс пен Батысқа тәуелді болмай жеңіске жетті. Ол Исламның тағылымдарына сүйенген жаңа үлгілерді ұсынды. Иран Ислам республикасы құтқаратын жолға нұсқайтын ой-пікірлерге сүйеніп, аймақ пен халықаралық әртүрлі басқосуларда әрқашан бұл жерлердің негізгі тұрғындары Палестина халқының дауысына назар аудару Таяу Шығыстағы қайшылықтарды шешетін жалғыз жол деп мәлімдеп келеді. Бірақ, өкінішке орай, бұл ақиқатқа қатысты әлемдік реакциялар кеш білдіріліп, жауапсыз қалуда. ИИР әлсіздердің құқықтары тапталмасын деп жылдар бойы әрқашан сионистердің Палестина халқына қарсы әрекеттерін айыптап, олардың мақсаттарын халықаралық деңгейде әшкерелеп келеді. Иран осы салада БҰҰ-ның Жарлығы бойынша аймақ пен әлемдік мәселелерді қарастырды. Бірақ Батыстың реакциялары ақиқатқа қарсы болды. Батыс исламдық ояну мен мұсылмандардың саяси кемелдікке жетуіне алаңдап, басынан бастап әртүрлі тәсілдерді, атап айтқанда Ираннан қорқыту жобасы арқылы аймақ пен әлемдік қоғамдық пікірдің алдында ИИР-н әлемнің қауіпсіздігіне қатер тудырушы ел етіп көрсетуге әрекет жасады. Бірақ бұл әрекеттер мен іріткі салушылықтарға қарамастан Иран дүниежүзінің жәбір көрген халықтарын шынайы қолдайтынын қуаттап, мемлекеттердің әлемдік зұлымдыққа қарсы үнсіздік танытуын дағдарысқа тіреп, идеологиялық соғыста үстемшіл биліктерге қарсы шықты. Иран Палестина мәселесіне Таяу Шығыс аймағының қайшылығы емес әлемдік мәселе ретінде қарап, әсіресе әлемдік Құдс күні жолдауында бейберекеттерді өрістететін факторларды әлемдіктерге жария етті. Бұл факторлардың қатарынаа сионистердің аймақтағы басқыншылығы мен қатыгездігі кіреді. Осы салада ИИР аймақ пен әлемнің әртүрлі отырыстарына белсенді түрде қатысып, сонымен бірге Қосылмау қозғалысы сынды ұйымдардың кезеңдік басшысы ретінде бұл мәселені әлемдіктерге баяндады.
Ислам әлемі биыл да Әлемдік Құдс күні қарсаңында сионистік режимнің Газа тұрғындарына қарсы қоқан-лоққылары мен шабуылдары жалғасып отырғанына куә болуда. Көптеген жылдар бойы көптеген палестиналық балалар мен әйелдердің қандары төгілді. Сионистік қылмыскерлер Газаның көптеген инфрақұрылымдарын қиратты. Сионистер өзінің қылмыстық әрекеттерімен нәсілшілдік ұстанымдарымен Палестинаны құртып, Исламды теріс көрсетуден бас тартпайтындықтарын көрсетті. Олар өз мақсаттарына жету үшін кез келген қылмысты орындауды көздеді. Аймақтың кейбір мемлекеттері, әсіресе мұнайдан түсетін табысы үлкен Сауд Арабиясы сынды араб елдері өз халықтарының байлықтарының ақшасын Исламды теріс көрсетіп, аймақтың қауіпсіздігін бейберекеттікке айналдыруға жұмсап отыр. Бұл салада Газа халқына жылдар бойы жасалып отырған көптеген дене түршіктірерлік зұлымдықтары мен оларға қарсы орындалып жатқан қылмыстарға назар аударуға болады. Газа осы кезде 7 жылдан артық уақыт бойы Израиль режимінің толық қоршауына түсіп отыр. Оның кейбір жерлерінде сионистердің қатігез шабуылдарының салдарлары мен қирауларды көруге болады. Ғимараттардың көбі қирап, әйелдер мен балалар қираулардың астында қалды. БҰҰ-ның мәліметтері бойынша құрбандардың бестен бір бөлігін балалар құрайды. Инфрақұрылымдарды қирату су мен электр қуатына жетуді қиындаты. Адамдарды медициналық қызметтен, дәрі-дәрмек пен азық-түлікткен мақұрым ету бір жарым миллионнан астам палестиналықтың өмірін қиындатып, төзуге болмайтын күйге жеткізді. Газаның жағдайы мүшкіл. Құдсты басып алған режим ислам әлемінің бейқамдығын, сондай-ақ кейбір араб үкіметтердің қолдауларын пайдаланып, осындай қантөгістер мен апатқа себеп болып отыр. Шын мәнінде ислам әлемінің мүмкіндіктері халықаралық теңдіктің орнатылуы жолында пайдаланылуы керек. Мұндай іс-қимылдар исламдық елдердің экономикалық күш-қуаты мен халықаралық қарым-қатынастарды ислам әлемінің мүддесіне қарай бұра алады. Мүмкін мұндай жағдайда Израиль режимі еш уақытта бір жарым миллион палестиналықты қоршауға алуға батылы жетпес еді. Сол себепті әлемдік Құдс пен Палестинаның езілген халқын қолдайтын рәсімдерге қатысу бостандық сүйгіш әрбір адамның міндеті. Халық Құдс күнгі шерулерге шығып, Палестина халқына қарсы зұлымдықтарға қарсы екендіктерін және бұл халықтың сионистердің қоршауынан босауы үшін барық мүмкіндіктерінен пайдаланатындықтарын көрсетеді. Ораза тұтушы халықтың қасиетті рамазан айының соңғы жұма күні бірауыздан бірге жиналуы шын мәнінде басқыншы Израиль режимін айыптайтыны туралы әлемдік жолдауды жеткізіп, барлық мұсылмандардың ортақ мақсаттарын қорғайтындықтарын қуаттайды. Мұсылмандар еш уақытта өз армандары мен мақсаттарының негіздерінен, соның ішінде Палестина халқын құтқару мәселесінен бас тарпайтындықтарын көрсетеді. Құдс күні Палестинаның күрескер халқына үстемшілдерге қарсы күресте олардың жалғыз емес екендіктері туралы хабарды жеткізеді.