Минадағы апат 7
(last modified Tue, 13 Sep 2016 13:39:58 GMT )
Қыр 13, 2016 19:39 Asia/Almaty
  • 
Минадағы апат 7

2015-ші жылғы қажылық рәсімдерінде орын алған Мина апаты Сауд үкіметінің жаңа технологиялар мен дағдарыстарды бақылайтын жаңа тәсілдерді пайдаланғанымен, қажылық рәсімін басқара алмайтынын көрсетті.

Өткен бағдарламада Мина апаты туралы сол жерде болған қажының айтқан әңгімесін тыңдадық. Қажылық кезіндегі Мина апаты және әл-Харам мешітінің үстіне құрылыс кранының құлауы мен басқа өкіншті оқиғалардың  орын алуы бұл исламдық маңызды рәсімнің қауіпсіз еместігін көрсетеді. Аталмыш оқиғалар өздерін Мекке мен Мединедегі  қасиетті кесенелердің иесі санайтын Сауд үкіметінің қажылардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайтынын дәлелдеді. Хиджазда ағылшындардың көмегімен Сауд үкіметінің  орнатылғанына 84 жыл болды. Осы ұзақ мерзімде бұл әулет қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей жағдай қалыптастыра алмады. 2015-ші жылғы қажылық рәсімдерінде орын алған Мина апаты Сауд үкіметінің жаңа технологиялар мен дағдарыстарды бақылайтын жаңа тәсілдерді пайдаланғанымен, қажылық рәсімін басқара алмайтынын көрсетті. Сондай-ақ өткен жылы Сауд үкіметінің шектеулеріне байланысты қажылардың саны  екі есе азайды.

اМинадағы жамағат

Жан түршіктірерлік Мина апаты туралы көптеген түсінбеушіліктер мен сұрақтар бар. Бірақ Сауд үкіметі көптеген үгіт-насихаттары және үнсіздік танытулары арқылы сұрақтардың алдын алуға әрекет жасауда. Саудиялықтар қажылықты өткізу үшін үлкен қаржы жұмсалады деген уәж айтады. Алайда Минада әртүрлі оқиғалар орын алғаннан кейін неліктен Сауд режимі қажылар жүретін жолдарды қауіпсіз етпеген деген сұрақ туады. Өткен жылы 7000-нан астам адам құрбан болған Мина апаты туралы көптеген түсінбеушілік бар. Саудиялық қауіпсіздік күштері ирандықтарға 204-ші жолды нұсқаған кезде камералар арқылы қажылардың енсіз жолға түсіп, адам санының көбейіп, алға  жүрудің қиындағанын көрді.  Сауд қызметкерлері бір-бірден жанама жолдарды жапқпндықтан, халық санының  көптігінен қысымға түсті. Сауд үкіметінің қызметкерлері неліктен жанама жолдарды жауып, басқа қажыларды да бұл жолға қарай нұсқады?  204-ші жолдағы адамдардың санын азайта алатын басқа жанама жолдар неліктен жабық болды?  Өткен жылдары дағдарысты жағдайда жанама жолдар ашылатын. Алайда ең маңызды сұрақ – оқиға орын алған мекеннің, яғни 204-ші жолдың соңының жабық болуына қатысты. Егер бұл жол ашық болғанда Мина апаты орын алмас еді. Тек Сауд Арабиясының тақ мұрагерінің орынбасары әрі бұл елдің Қорғаныс министрі  ханзада Мұхаммад бен Сұлтанның бұл жолда болуы туралы хабарларды қабылдаудан басқа бұл істі түсіндіретін ешбір ақыл мен қисын жоқ. Куәлердің айтуы бойынша, ол өзін қорғайтын көптеген күштермен «Шайтанға тас лақтыру» рәсімін орындауға келгенде саудиялық қауіпсіздік күштері 204-ші жолды жауып, ол үшін «Рами джамарат» мекенін босатқан.

Мина апатына Мұхаммад бен Салман себеп болды ма?

Сауд үкіметінің Мина апаты және одан кейінгі кездегі іс-әрекеттері көптеген күмән мен сұрақ   тудырды. Ыстық күннің астында халықтың көптігінен қысылып, шөлдеген қажылардың үстінен тікұшақпен немесе басқа құралмен су шашып, көптеген адамды құтқара алатын мүмкіндік болды. Бірақ саудиялықтар бұл қарапайым істі де жасамады. Қажылық рәсімін өткізуге жауапты саудиялықтар мұны білмеді ме?    Басқа елдердің жедел жәрдем қызметкерлері апат туралы хабардар бола салысымен апат болған мекенге асықты. Бірақ саудиялық қауіпсіздік күштері  оларға кедергі болды. Жедел жәрдем қызметкерлері оларды өлуге жақындаған қажыларға көмек беруге рұқсат етуге көндірген соң көп ұзамай саудиялық қауіпсіздік күштері оларды оқиға орын алған мекеннен шығарып жіберді. Шын мәнінде тәжірибелі жедел жәрдем қызметкерлері айтарлықтай көмек көрсете алатын еді.

Жедел жәрдем көрсетушілер

204-ші жолға жақын жерде жедел жәрдем көрсететін екі орталық орналасқан болатын. Мұндай орталықтар Минаның басқа аймақтарында да болған. Апаттар орын алған кезде  зардап шеккендерге көмектесуге  бірінші болып асығатындар – жедел жәрдем қызметкерлері. Бірақ жедел жәрдем қызметкерлері апаттан екі сағаттан кейін ғана Минаға жетті. Басқа елдердің жедел жәрдем қызметкерлері олардан бұрын жеткен болатын. Саудиялық жедел жәрдем саласының қызметкерлерінің бұл мекенге жетуінің зардап шеккендерге онша пайдасы болмады. Саудиялық қызметкерлер көп уақыт өтпей бұл мекенді тазартуды бұйырды. Сөйтіп жерге құлаған адамдарды өлі-тірілігіне қарамастан, тіпті кейбірін бульдозермен жинап, басқа жерге ауыстырды. Жарақат алғандарға көмектесу туралы хабарлар да оларға дұрыс көмектің көрсетілмегенін айғақтайды. Келесі мәселе Сауд үкіметінің әртүрлі сылтаумен Мина құрбандарының жеке бастарына қатысты мәліметтерді анықтап, мәйіттерін елдеріне  жеткізу саласында басқа елдердің топтарымен ынтымақтастық жасаудан бас тартуы болды. Сауд үкіметі Мина апаты құрбандарының саны анықталмас үшін мүмкіндігіне қарай мәйіттерді ортақ көрлерге жерлеуге асықты. Қажылардың құқықтарын қорғап, қаза болған бірнеше қажыдан басқа қажының жеке бастарын анықтап, мәйіттерін еліне қайтарған жалғыз мемлекет ИИР болды.  Теһран Мина апатына кінәлілерді халықаралық сотта жауап  беруге тартуды, Сауд үкіметінің кешірімі сұрауын және оқиға құрбандарының жанұяларына шығындарын өтеуді талап етуде. Осы мәселеге байланысты саудиялықтар биыл ирандықтарды қажылық рәсіміне қатысудан мақұрым етті.  Бұл және басқа да жайттер Сауд үкіметінің әл-Харам мешітінің қажыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі қауқарсыздықтарын көрсетеді".