Ақп 15, 2017 00:52 Asia/Almaty
  • Бахрейннен шыққан қаналушылық үні

Бахрейндік үш жас жігітті өлім жазасына кесу бұл елде Халифе әулеті режиміне қарсы наразылықтардың толқынына себеп болды. Бахрейннің мыңдаған халқы елдің жер-жерінде көшелерге шығып, Халифе әулеті режимінің басып-жаныштаушы әрекеттерін, әсіресе жуырдағы қатыгездікпен өлім жасазына кесу әрекетіне жиіркеніш білдірді.

Диктор 1:

Бахрейн шиіттер санының айтарлықтай үлесінен құралған халқы (шамамен бүкіл халықтың 70 пайызы) тұрғысынан әлемдегі шиіттік елдер арасында үшінші орынға ие. Бахрейн елі үлкенді-кішілі 33 аралдан құралған. Оның астанасы – Манама. Ислам дінінің таралуына дейін Бахрейн Парсы империясының бір бөлігі болған. 16 ғасырдың басында Португалияның Үнді мұхиты мен Парсы шығанағы аймағына отарлау шапқыншылығы кезінде (1521 жылы) Бахрейн аралдары да Португалияның басқыншылығына ұшырады.

کشور بحرین

Португалия басқыншылығынан кейін шамамен бір ғасыр өткен соң 1602 жылы Аббас шах Бахрейнге шапқыншылық жасап, оны шетелдік басқыншылардан азат етіп, Иранға қайта қосып алды. Сол кезден бастап Бахрейн аралдары 180 жыл бойы толығымен Иран үкіметінің қол астында болды. 1783 жылы (немесе 1782 ж) Сауд Арабиясының Неджд мекенінде туып-өскен, Халифе әулетінен шыққан шейх Ахмад бин Халифе бұл елге шапқыншылық жасады. Осыдан кейін, Ұлыбританияның жан-жақты саяси-отаршыл қолдауының арқасында Халифе әулеті мүшелері Бахрейндегі билік тізгінін қолдарына алды. Бахрейннің қазіргі королі де осы әулеттен шыққан.

Сол кезден бері Иранның шахы шамси күнтізбесі бойынша 1346 жылға дейін өзінің Бахрейнге билік ету құқығын талап етуден бас тартпады. Алайда, елде орын алған саяси қақтығыстар мен Ұлибританияның отарында болған кезеңнен кейін, 1971 жылдың тамыз айының он төртінде Бахрейн өз тәуелсіздігін жариялады. Иран бұл елдің тәуелсіздігін мойындаған алғашқы ел болды.

سه جوان بیگناه بحرینی

Диктор 2:

Жергілікті халықтың көпшілік шиіттері бұл кішігірім аралды өздеріне тиесілі деп есептегенімен, Бахрейн үкіметі олардың көпшілігін озбырлықпен басып-жаныштауда. Халифе әулеті режимі адам құқықтарын, тіпті адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын көптеген жылдардан бері бұзып келеді. Жуырда Халифе әулеті режимі бахрейндік үш жас жігітті жалған сылтаулармен өліп жазасына кесті. Бұл күнәсіз үш жас жігітті өлім жазасына кесу Бахрейнде Халифе әулеті режиміне қарсы наразылықтардың толқынына себеп болды. Қатал әрі әділетсіз әрекеттен кейін Бахрейннің жер-жерінде мыңдаған халық көшелерге шығып, Халифе әулеті режимінің басып-жаныштаушы әрекеттерін, әсіресе жуырдағы қатыгездікпен өлім жасазына кесу әрекетіне жиіркеніш білдірді.

Диктор 1:

Бахрейндік үш жас жігіт Халифе әулеті режимі оларды қамауға алған кезеңде айыпталушылардың күнәсін дәлелдейтін ешбір айғақ келтірілмеген жағдайда өлім жазасына кесілген болатын. Бұл жастар 2014 жылы бір пәкістандық және БАӘ-нің екі әскериін өлтірді деген айыппен құрықталып, өлім жазасына кесілді. Бахрейндегі халықтың бұл жастарды өлім жазасына кесу шешіміне қатысты көптеген наразылықтары мен әділет талап етуші қозғалыстарына қарамастан, Бахрейн үкіметі халықтың талаптарына көңіл аудармай, оларды жауыздықпен өлтірді. Бұл озбыр әрі халықты қанаушы үкімет өзінің шексіз зұлымдығын көрсетуде тек бахрейндік үш жас жігітті өлтірумен шектеліп қана қоймады. Халифе әулеті режимінің басшылары өлтірген үш шәһидтің мәйіттерін отбасыларына беруден де бас тартып, оларды «Махуз» қабірстанында жерледі. Сондықтан Халифе әулеті режимінің бастан-ақ өз қылмысын толығымен қауіпсіз кеңістікте бастап және аяқтауға мүдделі болғаны айқын болып отыр. Бұл қылмыстың Халифе әулеті режимі үшін өте ауыр зардаптары болады.

Шейх Абдулла Салех Бахрейндегі Исламдық іс-қимыл қоғамдастығының бас хатшысының орынбасары  Халифе әулетінің үш бахрейндік жігітті өлім жазасына кесу әрекетін айыптап: «Ең алдымен шәһидтердің отбасыларын құттықтап, қайғыларына ортақтастық білдіремін. Бұл шәһидтердің қаны Бахрейндегі диктатура мен шексіз үстемдікті жояды. 1960 жылы Бахрейн халқы шәһид Иса Қамбардың өлім жазасына кесілуінің оның туған әкесінің шексіз билігіне қалай шек қойғанына куә болған еді. Сондықтан аталмыш үш жас жігіттің өлімі арқылы қазіргі шексіз билік те өз мәресіне жетіп қалды»,- деді.

شیخ عبدالله صالح

Бахрейннің Адам құқықтары жөніндегі орталығының басшысы Юсуф Раби: «Үш бахрейндік жас жігітті өлім жазасына кесу әрекеті Бахрейндегі саяси дағдарысты шешудің барлық жолдарын жауып тастады. Осы елде орнаған жағдай үшін Халифе әулеті жауапты болып табылады.

Бахрейндік жастарды өлім жазасына кесу елдегі жағдайды бұрынғыдан бетер ушықтыра түсті. Халифе әулеті бұл қылмыстың жауапкершілігін өз мойнына алуы тиіс»,- деп мәлімдеді.

پادشاه بحرین: حمد بن عیسی آل خلیفه

Диктор 2:

Кейбір саяси сарапшылардың пікірінше, Халифе әулеті Біріккен Араб Әмірлігі (БАӘ) үкіметінің қоқан-лоққыларынан кейін 2014 жылы орын алған оқиғаға кінәлі адамдарды табуға мәжбүр болды. Кінәлілерді жазалау арқылы Бахрейн үкіметі БАӘ-нің қоқан-лоққыларын тоқтатуды көздеді. БАӘ билік басшыларының бұл елдің екі әскери қызметкерінің өліміне қатысты айыптыларды жазаламаған жағдайда, өзінің әскери күштерін Бахрейн аумағынан шығаратыны жайлы қоқан-лоққысы арқылы Халифе әулеті билігіне қарсы жасаған қысымдарынан кейін Халифе әулеті осындай үлкен қылмысқа барды.

Халифе әулеті үш бахрейндік жасты өлім жазасына кесу арқылы БАӘ мен саудиялық жалдамалыларға Бахрейн аумағынан өз күштерін шығармауы үшін баж салығын төлеген секілді. «Арал қалқаны» атты әскери күштер біраз уақыттан бері Халифе әулеті үкіметіне бахрейндік көтерілісшілерді басып-жаныштау мақсатында көмек көрсету үшін БАӘ мен Сауд Арабиясы тарапынан осы елдің аумағына орналыстырылған болатын.

اعتراضات مردمی

Халифе әулеті халықтың наразылықтарының күшеюі мен кең етек жаюынан қатты қорқып, елде орналасқан саудиялық және БАӘ күштерін ұстап қалуға тырысады. Себебі бұл әскери күштер болмаса, халық бұл жалдамалы әрі қатыгез үкіметті биліктен құлататынын жақсы біледі.

Диктор 1:

Халифе әулеті режимі кесірлі режим мен оның одақтастарымен қосылып, халықтың наразылық топтарына қысым көрсету мақсатында ешбір әрекеттен тайынбайды. Ол халықтың талаптарын назарға алмай өзінің қатыгез әрекеттерін жалғастыруда. Осыдан біраз уақыт бұрын бұл үстемшіл режим Бахрейн мұсылмандарының рухани жетекшісі шейх Исаны үйде қамауда ұстап, Бахрейннің азаматтығынан айырған болатын. Бұл жағдай халықтық наразылық толқынына себеп болды. Халық өздерінің қамқор жетекшісі шейх Иса Қасемның үйінің алдына жиналып, қорғаныс қалқаны сынды үкіметтің оған еш зиян тигізуіне жол бермеді.

Халыққа қарсы Халифе әулеті режимі шейх Иса Қасемды Бахрейннің азаматтығынан айырып, басқа шетелдіктерге азаматтық беріп жатқанын білгендеріңіз жөн. Олар – Ирактағы Саддамның «баас» мүшелері секілді шетел азаматтары. Халифе әулеті режимі Бахрейн халқының демографиясын өзгертіп, халықтың арасынан өзіне жақтас табу мақсатында «баас» мүшелеріне Бахрейннің азаматтығын беріп жатқан тәрізді. «Баас» мүшелері деген Ирак пен көршілес елдерге, әсіресе Иран мен Кувейтке көптеген зиян келтірген қанішер Саддамды қолдаушылар болып табылады.

شیخ عیسی قاسم

Диктор 2:

Бахрейн халқы алты жылдан бері Халифе әулеті режимінің барлық қылмыстары мен азаптауларына төзіп, үкіметке қарсы бейбіт шерулер ұйымдастырып отыр. Азаматтықтан айыру, негізсіз қамауға алу, азаптау әрекеттері ешқашан халықты Халифе әулетінің қысымдары мен оның қорқынышты саясаттарының алдында жеңілуге мойынсұндыра алмады. Сонымен қатар, Бахрейн халқы Адам құқықтары ұйымы тарапынан ешқандай көмек, не қолдау көріп жатқан жоқ. Ал Халифе әулеті режимі шетелдік қолдаулар, соның ішінде саудиялық жалдамалы күштерінің қолдауына қарамастан халықтың наразылық үнін басуда еш нәтижеге жете алмады. Бұл наразылықтар 2011 жылдан бері күннен-күнге күшейе түсті. Бахрейн халқы шамамен алты жылға жуық уақыт өтсе де, әлі де шексіз билікке ие Халифе әулеті режимінің бөлінушілік пен кемсітушілік саясаттарының салдарынан бұзылған өздерінің заңды талаптары мен құқықтарының жүзеге асуын талап етуде.  Алайда жуырда орын алған үш жас жігіттің өлім жазасына кесілуі халықтың наразылық толқынын күшейте түсіп, енді бұл бейбіт наразылықтар жаңа сипатқа ие болған секілді.

شکنجه های آل خلیفه

Саяси сарапшылардың пікірінше, үш күнәсіз жас жігітті өлім жазасына кесу Халифе режимінің ойластырылмаған, асығыстықпен жасаған әрекеті халықтың өшпенділігін одан сайын күшейте түсті. Ал Бахрейн үкіметі жастары Халифе әулеті режимінің абақтыларында зорлық-зомбылық, қысым мен азаптаулардан әбден қажыған кезде мұндай үлкен қылмысқа бару арқылы өзінің лайықсыз билігіне балта шапты.

Диктор 1:

Бахрейн шиіттерінің жетекшісіне қысым мен жәбір көрсету және күнәсіз үш жас жігітті өлтіруінің нәтижесінде, егер кешегі күнге дейін Бахрейн халқы өздерінің қасиетті көтерілісінің бейбітшілік талап ету жолынан тайып кетпеуі үшін бар күштерін салып  келген болса, бүгінде Халифе әулеті режимінің қылмыстары олардың наазылықтарын былай жалғастыруына еш дәлел қалдырмады. Бұдан былай бахрейндік көтерілісшілердің қарсыласуы Халифе әулеті режиміне қарсы бағытталады.

 

Тегтер