Имам Хомейнидің әлемдік Құдс күнін белгілеу арқылы Палестина мәселесінде атқарған рөлі    
https://itolqyn.com/radio/west_asia-i28266-Имам_Хомейнидің_әлемдік_Құдс_күнін_белгілеу_арқылы_Палестина_мәселесінде_атқарған_рөлі
Иран Ислам републикасының негізін қалаушы хазірет имам Хомейни қасиетті Рамазан айының соңғы жұмасын «әлемдік Құдс күні» деп атау арқылы Палестина, Құдс пен қарсыласуды қолдау үндеуін әлемге таратып, Палестина мәселесін әлемдік деңгейге көтерді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 22, 2017 02:03 Asia/Almaty
  • Имам Хомейнидің әлемдік Құдс күнін белгілеу арқылы Палестина мәселесінде атқарған рөлі    

Иран Ислам републикасының негізін қалаушы хазірет имам Хомейни қасиетті Рамазан айының соңғы жұмасын «әлемдік Құдс күні» деп атау арқылы Палестина, Құдс пен қарсыласуды қолдау үндеуін әлемге таратып, Палестина мәселесін әлемдік деңгейге көтерді.

Хазірет имам Хомейнидің бастамасы болған әлемдік Құдс күні Құдс пен Палестина мәселесінің әлемдіктердің саналарында сақталып қалуына себеп болды. Иран Ислам Республикасының негізін қалаушы әлемдік Құдс күнін белгілеу арқылы Палестинаның мәселесі мен мақсатын Ислам әлемінің басты мәселесі ретінде атап, палестиналықтардың сионист басқыншылардың алдындағы барлық заңды құқықтарының жүзеге асырылуына үлес қосты.

Хазірет имам Хомейни х.ш.ж.с.б. 1358 жылдың мордад айының он алтысы күні, сәйкесінше, х.қ.ж.с.б. 1399 жылдың Рамазан айының он үшінші жұлдызында сионистік басқыншы режимнің Ливандағы рақымсыз қылмыстарының жаңа кезеңі басталған кезде үндеу жолдап, Рамазан айының соңғы жұмасын «Әлемдік Құдс күні» деп атады. Осы үндеудің бір бөлігінде былай деп жазылды: «Мен әлем мұсылмандары мен исламдық үкіметтерден қасапшы сионистік режим мен оның қолдаушыларына тосқауыл қою үшін бірігіп, Палестина халқының тағдырын анықтауға көмектесе алатын қасиетті Рамазан айының соңғы жұмасын «Құдс күні» ретінде таңдап, шаралар ұйымдастыру арқылы мұсылман халықтың заңды құқығын қолдау үшін халықаралық деңгейдемұсылмандардың тілектестігін жариялауды сұраймын».

Хазірет имам Хомейни түрлі баяндамаларында бірнеше рет әлемдік Құдс күнінің маңыздылығын қуаттаған болатын. Міселен, хазірет: «Құдс күні – әлемдік күн. Бұл тек Құдсқа қана тиесілі күн емес,жәбірленушілердің жәбірлеушілермен қарсыласу күні; АҚШ пен одан басқа үстемшілдердің қыспағындағы халықтардың алпауыттармен күресу күні. Құдс күні – Ислам күні. Құдс күні – Исламды жаңғыртып, исламдық мемлекеттерде Ислам заңдары мен үкімдерін жүзеге асыратын күн. Құдс күні – алпауыттарға енді Исламның олардың үстемшілдігі  және олардың зұлым тыңшылары арқылы таратылмайтынын ескертетін күн. Құдс күні – Исламның баяндылығының күні».

Имам  Хомейнидің үндеуі мен көзқарастары Құдс пен Палестина мәселесінің тек кейбір араб  елдеріне ғана емес, күллі Ислам әлеміне тиесілі мәселе екенін көрсетті. Ислам әлемі осы сезімтал мәселеге қатысты бірігуі керек. Әлемдік Құдс күні Палестина халқының сионист қылмыскерлерден көрген зорлық-зомбылығын бүкіл әлемге айқындады. Бүгінде имам Хомейнидің бастамасының арқасында Азияның батысынан бастап, АҚШ пен Африкаға дейін жердің түкпір-түкпірінде Палестина мен Құдсты қолдау дауыстары  естіледі.

Имам Хомейнидің әлемдіктердің назарын Палестина мәселесіне қаратудағы рөлі  түрлі ойшылдар мен халықтар тарапынан дәріптелді. Бүгінде имам Хомейнидің есімі Палестина мәселесімен байланыстырылады. Кез келген жерде Палестина мәселесін қарастыратын әр адам имам Хомейнидің Құдс пен Палестина мәселесін халықтыңсанасында сақтаудағы талпыныстары туралы естиді. Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін Палестина өзгерістеріне көбірек назар аударыла бастады. Әлемнің жер-жеріндегі халықтар имам Хомейнидің ой-пікірлерінің негізінде жасалған Иранның талпыныстарының арқасында палестиналық жерлердегі өзгерістердің барысынан хабардар болып, Палестина халқына қатысты қандай зұлымдықтардың жасалып жатқанын түсінді.

Имам Хомейнидің жетекшілігімен орын алған Ислам революциясы Палестина мәселесінің тарихын өзгертті. Әлемдіктер қандай алпауыттардың қандай саясаттармен Палестина халқының туған жерін басып алып, зорлық-зомбылық жасап, палестиналықтарды босқындыққа ұшыратып, олардың өмір сүру жағдайын нашарлатқанын түсінді. Ислам революциясы мен имам Хомейнидің Палестина мәселесіне аса көңіл бөлуі Палестина күрестерінің тарихына жаңа дем бергені анық. Имам Хомейни қасапшы сионистік режиммен күресудің жалғыз жолының қарсыласу екенін және қарсыласу арқылы олардың барлық құқықтарының жүзеге асырылатынын көрсетті.

Хазірет имам Хомейни сионистік режиммен күресу және қарсыласу  алаңындағы өзгерістер арқылы Таяу Шығыстың геосаяси сахнасын палестиналықтардың пайдасына қарай өзгертті. Сол үдерістің аясында бүгін Палестина жері басып алынғаннан 70 жыл өткеннен кейін де  сионистік басшылар мен олардың қолдаушылары үрей мен қорқыныштың көлеңкесінде өмір сүріп жатыр.

Палестина халқының интифаза қалпында сионистік режимнің басқыншылығымен қарсыласуы Ислам әлеміндегі үстемшіл алпауыттардың барлық жобаларын бұзды. Әл-Ақса мешіті мен Құдс бұрынғысынша Ислам әлемі мен Палестинаның жүрегі саналады. Оның баяндылығы имам Хомейнидің Палестина мәселесіне аса көңіл бөліп, әлемдік Құдс күнін белгілеу әрекетінен әсер алды. Бүгінгі күні Палестина халқы мен Ислам әлемінің Құдс мәселесіне аса мән беруі АҚШ қайраткерлерінің Израиль режимін қолдау үшін маңызды әрекеттер жасауына тосқауыл болды. Енді АҚШ-тың президенті Дональд Трамп та бұл елдің Израильдегі елшілігін Тель-Авивтен Құдс қаласына көшіру жобасын тоқтатуға мәжбүр болады.

Палестинаның бүгінгі күнгі жағдайы палестиналықтардың қол қусырып отырмағанын көрсетеді. Олар бірліктерін нығайтып, қарсыласу жолын жалғастыру арқылы Ислам дұшпандарының сұм жоспарларына тосқауыл бола алады. Палестина мәселесін шешу үшін көптеген жобалар ұсынылды. Алайда олардың ешқайсысы палестиналықтардың құқығын толығымен жүзеге асыру үшін жол аша алмады. Бітім келіссөздері де Палестина халқын сионистік режимге қарсыласу қағидасынан алыстату үшін қолданылып отырған тактика. Ал қарсыласу немесе интифаза – Палестина мәселесінің басты шешім жолы. Бүгінде Құдс интифазасы Тас интифазасы және 2000 жылғы интифазаның көмегімен Палестинаның жағдайын өзгерте алды. Осы майдандық жолды жалғастыру Палестинаның барлық армандары мен құқықтарына қол жеткізуге кепіл бола алады.

Ислам револциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи ақпан айында Теһранда өткен Палестина интифазасын қолдаудың 6-шы халықаралық конгресінде сионистік режиммен бітім үдерісінің сәтсіздікке ұшырағанына тоқталып: «Палестина халқы өткен отыз жылдағы іс-әрекеттерінде қарсыласудың екі үлгісін бастан өткерді. Бітім үдерісінің қарсы алдында палестиналықтарға үлкен жетістіктер әкелген қаһармандық қарсыласу үлгісі мен толассыз әрі қасиетті интифаза тұр» деді.

Палестинаның саяси алаңының маңыздылығымайдандық алаңға байланысты. Осы аяда түрлі тараптардың біржақты әрі сәтсіз жобаларының қасында ИИР Палестина мәселесін шешу үшін тиімді жоба ұсынып, Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи оны қуаттады. ИИР әрқашан Палестина халқының өз  тағдырын демократиялық шешім жолы арқылыанықтауы қажеттігін қуаттап келеді. Алайда, өкінішке орай, демократияның жалауын желбіретіп отырған батыс елдері бұл мәселеге көзжұма қарап отыр.

Ислам революциясының жетекшісі хижри шамси жыл санағы бойынша 1379 жылы Палестина халқының тағдырын анықтау үшін референдум өткізуге ұсыныс жасады. Бұл  әділ, құқықтар мен адамгершілікке, сондай-ақ, халықаралық қағидаларға, әсіресе, БҰҰ-ның жарлығына негізделген ұсыныс болды.

Ислам революциясының жетекшісі осы ұсынысты сараптап: «Палестина мәселесінің жалғыз шешім жолы –  қассапшы әрі басқыншы мигранттар емес, Палестинаның нағыз халқының өзі – елде қалғандары болсын, басқа елдерге кеткені болсын, өздері елді билейтін жүйені таңдауы. Егер бір халықтың дауысына жүгіну әлемдегі демократияның жалауын желбіретушілердің сөздеріне сәйкес дұрыс әрекет болса, онда бір мемлекет болып табылатын Палестинаның халқы да өзі шешім қабылдауы керек. Бүгінде Палестина жерін билеп-төстеп отырған басқыншы режимнің бұл елге қатысты еш құқығы жоқ. Бұл – зұлым алпауыттар жасаған жалған режим. Сол себепті Палестина халқынан бұл режимді ресми түрде тануды сұрауға болмайды» деп бірнеше рет қуаттады.