Имам Хосейннің сенімді серіктері (1)
(last modified Wed, 20 Sep 2017 16:48:40 GMT )
Қыр 20, 2017 22:48 Asia/Almaty
  • Имам Хосейннің сенімді серіктері (1)

Имам Хосейн (ғ.с.)-ның төңкерісі ақиқат, азаттық, ахлақ пен әділет талап ету мақсатында орын алды. Сол себепті әлемге кеңінен таралып, тарих пен қоғамдарда мәңгілікке сақталып қалды.

Иса (ғ.с.) өзініңхауариларына: «Құдай жолындағы менің көмекшілерім кім?» деп сұраған кезде олар: «Аллаға біз көмекшіміз» деп жауап беріп, хазіреттің жүрегін шаттандырған. Құран осындай жақсы үлгі келтіре отырып, жүрегінде иманы бар адамдарды Жаратушының көмекшісі болуға шақырды (Саф сүресі, 14-аят). Сол күні Алла Тағала бір топтың «Хосейн көмекшілері» деп ұрандатып,  періштелер таңырқайтындай көмек пен қолдау және табандылық көрсетенін білген еді. Осындай жағдайда Алла  жер бетін ластап, қирататын адам баласының жаратылуына қатысты алаңдаған періштелерге: «Сендер мен білетін нәрсені білмейсіңдер» деген еді.

 

Хиджри жыл санағы бойынша 60 жылы бір-біріне қайшы екі ағым пайда болды: Язид қоғамдағы әділет іздеуші рухты жойып, өзінің зұлым мақсаттарын іске асыруға бар күшін салып, тарихтың сахнасына шықты. Ал Әлидің (ғ.с.) әділет мектебінде өскен Хосейн (ғ.) Язидтің зұлым ниетімен күресу үшін бой көтерді.

Имам Хосейн (ғ.с.)-ның төңкерісі ақиқат, азаттық, ахлақ пен әділет талап ету мақсатында орын алды. Сол себепті әлемге кеңінен таралып, тарих пен қоғамдарда мәңгілікке із қалдырды. Ол иманы бар адамдарды көмекке шақырды. Хақ талап ету жолын қуушылар «Ла байк йа Хосейн!» ұранымен үлкен ерліктер жасады. Хосейн (ғ.с.) махаббат, шынайылық пен сопылықтың жолын ұстанушыларды мыңдаған, тіпті, миллиондаған мұсылмандардың арасынан таңдап алғандай болды. Олардың болмысындаИслам, Құран, махаббат пен иман оты жарқырап тұрған еді.

Ұлы оқиға орын алатын күні таңертең 72 адам Язидтің 30 мың адамдық әскеріне қарсы тұрды. Имамның жәрдемшілері аз босла да, олардың бойы ұлылық пен иманға толы еді. Бастарын өлімге тіккен мүджаһидтер Жаратушы мен оның елшісінің алдындағы ең сүйікті тұлғаны қорғауға әзір болды. Барир бен Хадир досы Абдолрахмен бен Абдраббаның көңілін көтермек болып, әзіл айтқанда Абдолрахман реніш танытып: «Қазір қалжыңдайтын уақыт емес, салмақты болатын уақыт. Осы өмірде өмір сүретін емес, Алла жолында өлетін кез» деп ескерту жасады. Сол кезде Барир өзінің жерлес досына: «Менің халқым біледі. Мен не жастық шағымда, не кәрілік шағымда да қалжыңбас болған емеспін. Бірақ, Алла куә. Қазір көріп тұрғанымашексіз қуаныштымын. Біз бен Жаратушының арасында ешқандай қашықтық қалмағанына сенімдімін. Тек дұшпанның қылышы денемізге кірген сәтке дейін ғана».

 

Имам Хосейннің адал серіктері иманның ошағы болды. Олардың жүрегі мен жаны Аллаға деген махаббатқа толы еді. Сол себепті де жүректерінде қорқынышқа орын жоқ болатын. Олардың барлығы шайқас майданында шәһид болғанымен, имамдарымен бірге зұлымға қарсы табандылық пен азаттық ағашын екті. Дәл сол себепті Алла елшісі (с.ғ.с.): «Имам Хосейннің (ғ.с.) шәһид болуы мүміндердің жүрегіне жылылық ұялатты. Олешуақытта суымайды» деген болар.

ИИР-ның негізін қалаушы имам Хомейни 1979 жылы Ислам революциясы кезінде дәл осындай толқыныс тудырды. Хазірет: «Егер Ашура және оның қызуы мен толқуы болмаса, осындай теңдессіз төңкерістің орын алғаны байқалмас еді» деді.

Ирандағы Ислам революциясның алғашқы күндерінен-ақ революцияның шынайы жақтастары имам Хосейннің (ғ.с.) атымен діни және исламдық әрекет басатаған адамдар болды. Олар Ашура оқиғасының әрбір сәтінен сабақ алған тәрізді еді. Олар да Хосейннің (ғ.с.) серіктері сияқты адал, сабырлы әрі мықты болды. Халық өздерінің ұлы ерлігін мәрттікпен байланыстырды. Олар өз имамдарына көмектесуден бас тартпай, Ашура кешінде жетекшілерін  сүйіспеншілікпен қабылдап: «Егер сіздің жолыңызда мың рет өліп, қайта тірілсек те сіздің құлыңыз болып қаламыз» деді.

Имам Хосейннің төңкерісіне жақындаған әрбір адам өз бойынанөркендеу мен толқынысты және өмірді сезінеді. Өзін Ашура мәдениетімен байланыстыратын қоғам тұрақтылыққа, даму мен күш-құдіретке қол жеткізеді. Сол себепті Ислам революциясы қоғамда бір жаңа тұлғаның қалыптасуына себеп болды. Бұл тұлға тарихқа ықпал етіп, Ашураның толқуын, батылдығы мен ұлылығын көруге болатын түрлі көріністер тудырды. Имам Хомейни айтып өткендей: «Революцияның жеңісі – ирандық азаматтың бойында пайда болған өзгерістің нәтижесі».

Ашура мен Ислам революциясы

 

Хазірет Иса  (ғ.с.) мен имам Хосейн (ғ.с.) сияқты имам Хомейнидің де киелі демі жылдар бойы  озбырлық, кемсітушілік пен зорлық-зомбылықтың көлеңкесінде езгі көріп келген Иран халқына қайтадан жаңа дем берді. Пайғамбар әулеті, Ислам мен Құранға деген махаббат Ислам революциясында қайтадан гүлдене бастады. Имам Хомейни адал әрі ынтызар көмекшілерімен Ислам революциясын ғасырдың мұғжизасына айналдырды. Революция күн тәрізді әлемді нұрландырды.

Исламның көшеті әлі тамырланбай жатып Ирактың Баас режимі Иранға қарсы соғыс ашты. Бұл жолы халық кәрі-жасына қарамай барлығы оқтай тізіліп, жауға қарсы сапқа тұрып, қасық қандары қалғанша Ислам діні мен отанды қорғады. 8 жылға созылған соғыс әрбіреуінің бойында ықылас, имам мен батылдық қайнаған Иран жастарына қырғидай тиді. Имам Хосейннің артынан еру және дін мен азаттықты қорғау Иран халқының көзін аша түсті. Тіпті, жасөспірімдерде жеке куәліктерінде көрсетілген жастарын үлкейтіп, Исламды қорғау үшін майдандарға аттанды. 13 жастағы Хосейн Фахмиде теңдессіз әрекетінде өзінің ағасы әрі сүйікті жетекшісін қорғау үшін шайқас майданына барып, бір топ жауды қырғаннан кейін өзі де шәһид болған Бани Хашемнің жасөспірімі Қасем бен Хасанның ерлігін еске түсірді.

Шәһид Мұхаммад Хосейн Фахмиде

 

Ирактық бес танк ирандық күрескерлерге қарай шабуыл жасап, оларды қоршауға алды. Хосейн Фахмиде бірнеше гранатаны беліне байлап, бірнешеуін қолына ұстаған күйі танктерге қарай жүрді. Оның аяғына оқ тиіп, тобығынан жарақат алды. Бірақ, ол еш күмәнданбастан,өз шешімін жүзеге асыруға бет алды. Жасөспірім жаңбырдай жауып тұрған оқтарға қарамастан, алдында тұрған танкке жетіп, оны жарып, өзі де сол жерде мерт болды. Ирандық күштер тарапынан шабуыл басталды деп ойлаған дұшпандар лезде танктерін тастап қаша жөнелді. Нәтижесінде қоршау бұзылып, ирандық көмекші күштер де жетті. Күрескерлер дұшпандарды сол аймақтан қуып шықты. Хосейн Фахмиде шәһид болғаннан кейін имам Хомейни бір жолдауында: «Бздің жетекшіміз – қолына граната ұстаған күйі дұшанның танкінің астына түсіп, оны жойғаннанкейін өзі де шәһид болған, құны жүздеген тіл мен сөзден де қымбат кішкентай ғана жүрегі бар он үш жастағы бала» деді.

Ислам революциясының тарихы өз еріктерімен шәһид болу арқылы жүректерге жол тапқан шәһид Хеммат, Зейнаддин, Бағери мен Бакери сияқты иманды әрі қайратты жастардың қанына қарыздар. Олар имам Хосейн (ғ.с.) тәрізді Алланың ризашылығы үшін әрекет етіп, Жаратушымен кездесуге ынтық болған.

Имам Хомейни: «Имам Хосейн (ғ.с.) Ашура күніне, шәһид болу күніне жақындаған сайын нұрлана түсті. Оның жастары шәһид болуды сайыс санады. Бірнеше сағаттан кейін шәһид болатындарын барлығы білді. Олар не үшін келгендерін де білді. Олар Жаратушы мен исламның алдындағы борыштарын өтеу  үшін келгендерінен хабардар еді» деген.

Өз заманының ашурашылары

 

Марқұм сейіт Джаафар Шаһиди бай деген: «Ашура оқиғасы – ұлы төңкеріс. Бұл төңкеріс сол күні еш нәтижеге жетпегендей көрінді. Алайда оның ықпалы әлі күнге дейін сақталып келеді. Бұл оқиғаның толқуы басылғанымен, оның әрекеті ешуақытта тоқтаған емес. Адал адам болған Сорадтың ұлы Солейманның төңкерісінде де, шәһидтердің жетекшісінен кек алу мақсатында қысқа уақытқа бой көтерген Мұхтар үкіметінде де имам Хосейннің үндеуі жаңғырып отырды. Сол кезден бастапбилеушілердің озбырлығынан езгі көрген адамдарға шабыт сыйлап келеді».