Арбағин шеруі ақпарат құралдарында кеңінен көрініс тапты
(last modified Mon, 20 Nov 2017 09:55:47 GMT )
Қар 20, 2017 15:55 Asia/Almaty
  • Арбағин шеруі ақпарат құралдарында кеңінен көрініс тапты

Арбағин шеруі – ақиқатын материалдық ойлау жүйесінде түсінуге болмайтын мағынаға толы салтанатты әрекет. Жаяу жүру рәсімдеріне қатысып, имам Хосейнге (ғ.с.) құрмет білдіру үшін зиярат шегетін түрлі ұлттар, нәсілдер мен тіпті дін өкілдерінің саны жыл сайын артып келеді.

Арбағин шеруі соны құбылыс емес, бірақ оның бүгінгі күнгідей салтанатты әрі сапалы түрде көрініс табуы теңдессіз оқиға. Ресми статистикалық мәліметтер көрсеткендей, жыл сайын Арбағин ерлігіне әлемнің түрлі елдерінен, соның ішінде, Ирак, Иран, Нигерия, Пәкістан, Ливан, Сирия, Түркия, Ауғанстан, Үндістан, Мысыр, Йемен, Арабстан, Кувейт және тағы басқа елдерден 20 миллион зияратшы қатысады. Батыстың ақпарат құралдары әлемнің көптеген жерлерінде орын алатын болмашы оқиғаларға реакция білдіріп, Ислам әлемі мен ислам мемлекеттеріне қатысты ерекше көзқарас ұстанады. Алайда, осы танымал ақпарат құралдары жақсы қолдау мен қаржылай қорға ие бола тұра, Арбағин шерулеріне қарсы неліктен бойкот жариялау саясатын ұстанып отыр? Саны шектеулі бірқатар ақпарат құралдарын есептемегенде сол ақпарат құралдары арқылы  осындай ұлы әрі салтанатты жиын мен оның рухани және революциялық көріністері туралы хабар неге таратылмайды?

Арбағин шеруі

Арбағин шеруі қазіргі қалпында әлемдегі шиіт мазхабының миллиондаған өкілі қауіп-қатерді сезінген кезде қалыптасты. Олар Батыстың ақпарат құралдары және саудиялықтар мен сионистердің қолдауымен әлемдіктердің көз алдында Ислам дінінің бейнесін бұрмалап, қасиетті мекендерді қиратып жатқан әсірешіл-салафиттік топтар мен ДАИШ-тің іс-әрекеттеріне куә болып отыр. Сол себепті мұсылмандар, әсіресе, шиіттердің арасында үлкен толқу пайда болып, осындай ауқымдағы революциялық әрекет – Арбағин шеруіне ұласты. Шын мәнінде, Арбағин ерлігі ДАИШ-тің экспансистік әрекетінің жағасуын тоқтатуға бағытталған алғашқы қадам болды. Сол күннен бастап осы жалдамалы топтың сәтсіздікке ұшырауына дейін кері санақ басталды.

Бүгінде Арбағин шеруінің өзі осы топтардың бұрмалаушылықтарынан ада Исламның шынайы үндеуін паш ететін ақпарат құралына айналып, батыс ақпарат құралдарының Исламнан жалған бейне ұсыну талпыныстарын бейтараптандырды. Тіпті, білікті маман доктор Мұхаммад Хосейн Зарифиан бүгінде Арбағиннің бір алпауыт ақпарат құралына айналғанын айтып: «Егер ақпарат құралының маңызды жұмыстарының бірін «көрініс тудыру» деп білсек, онда алпауыт ақпарат құралы – Арбағинның шиіттер туралы, тіпті ислам туралы әлемге ұсынатын көрінісі қандай? Арбағин бүгінде ақпарат құралы қалыбына сыймайтын бірқатар құндылықтың пайда болу мекеніне айналды. Сол себепті бұл кеңістіктен мұсылман емес көптеген зияратшыларды көреміз. Арбағин шын мәнінде шиіттік, тіпті, діни шеңберден бөлек құбылысқа айналды» деді.

 

Батыстың ақпараттық империясының мақсатты әрі алдын ала жобаланған стратегия негізінде әрекет ететіні белгілі. Батыс ақпарат құралдарының Еуропа және Таяу Шығыстағы лаңкестік оқиғаларға қатысты екіұшты көзқарасына сәйкес, тек Еуропада орын алған лаңкестік оқиғалардың құрбандарын ғана жеке табыттарға жатқызып, аза тұтқандары әлі ұмытылған жоқ. Арбағин шеруіне қатысты көзқарастың да дәл осы саясат тарапынан жобаланып отырғанына еш күмән жоқ.

Түрлі батыстың ақпарат құралдары тарапынан күн сайын Таяу Шығыс аймағының оқиғалары, ДАИШ пен тәкфірлік топтардың іс-әрекеттері мен қылмыстары туралы ондаған хабар таратылғанымен, соңғы бірнеше жылда сол ақпарат құралдарында Арбағин ерлігі туралы бір ауыз сөз айтылған емес. Бұл ерлік ДАИШ қылмыстарынан бірнеше шақырым ғана алысырақ жерде қалыптасып, дамыды. Бұл шеру – миллиондаған ғашық, төзімді әрі пәк адамдардың көркемдік, адамгершілік, ахлақ пен руханиятқа толы әрекеті.

Осы шеруге қатысатын керуендер, діни делегациялар мен ерікті адамдардың қайсысы үстемшіл жүйе мен батыстың үрейін тудырып отыр деген сауал туындайды. Себебі,  бір ортақ жоба бойынша Ислам мен Алла елшісінің (с.ғ.с.) бейнесін бұрмалауды көздеп келген батыстың ақпарат құралдары адамзат тарихындағы ең үлкен осы жиынға көзжұмбайлық танытып, адамгершілік мен күш-құдіретті көрсететін шындықты мойындаудан неге бас тартады?

Осы ақпарат құралдарының  жұмыстарына шолу жасасақ, олардың басым бөлігінің бұл шеруді толығымен цензураға ұшыратып, ол туралы бір ауыз сөз де айтпайтынын көреміз. Ақпарат құралдарының келесі бір тобы осы ұлы рәсімнің өздеріне қажет кейбір қоғамдық тұстарына ғана тоқталып, оны маңызсыз діни оқиға ретінде көрсетуге тырысады.

Алайда саны өте шектеулі ақпарат құралдарының келесі бір тобы деректі фильмдер түсіріп, Арбағин шеруіне кәсіби тұрғыдан қарайды. Бұл ақпарат құралдары бес құрлықтан келген түрлі ұлт өкілдерінің, тіпті ислам мен мәсихи дінінен бастап, шиіт пен сүннитке дейін әртүрлі дін және мазхаб өкілдерінің құзырын өте қызықты деп сипаттап, мұндай көріністің әлемнің ешбір жерінде қайталанбайтындығына да сенімді.

Осындай тұлғалардың бірі АҚШ-тың ақпарат саласының қайраткері Марсия Һашеми былай дейді: «Мен АҚШ-тың ақпарат саласының белсенді өкілімін. Осы ұлы шеру мен оның рухани және ахлақтық екершеліктерін жақыннан  көру үшін  осында келдім».

Америкалық өнерпаз Анбарк Мухаммад: «Бұл оқиғаның шындықтарын түсіну үшін оның бір бөлігі болуды қаладым. Имам Хосейннің (ғ.с.) құндылықтары әділет пен бейбітшілікке шақырады. Біз әлі де көзі жойылмаған зұлымдықпен күресу үшін осы өсиетті пайдалануымыз керек» дейді.

Батыс ақпарат құралдарының назарынан тыс қалған Арбағин шерулері

 

 

Соңғы кездері кейбір әлемдік ақпарат құралдары осы шеруге қатысты реакция білдіріп жатыр. Мысалы, Қытайдың ақпарат құралдарының бірі батыстың ақпарат саласының  Арбағин туралы хабарларды цензураға ұшыратудағы дәрменсіздігіне тоқталып: «20 миллион адам қатысқан Арбағин шеруі дауысының зор болғаны соншалықты, Батыс және араб ақпарат құралдарының шәһидтердің әміршісінің ғашықтарының толқынын көрмей, оның ұранын естімей қалуы мүмкін емес. Шиіттердің Ирактағы құзыры биылғы жылғы Арбағин рәсімдерін адамзаттың ең ірі жиынына айналдырды. Шетелдік ақпарат құралдары бұл оқиғаны шиіттердің Ирак пен Таяу Шығыста күш көрсетуі деп атауға мәжбүр болды»  деді.

Америкалық Huffington Post басылымы да біраз бұрын Арбағин шеруі туралы: «Егер шынайы Исламды танығың келсе, Арбағин зияратына бар. Себебі бұл – құндылықтар мен үлгілердің рәсімдері. Осы жиынға қатысушылардың саны – үш жылда бір рет Үндістанда өтетін «Кумба Милай» маңызды әрі ұлы рәсіміне қатысушылардың санынан 5 есе артық. Гаити жерсілкінісі кезінде АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі тек 4 миллион адамға тамақ ұсына алды, ал Арбағинде еріктілер тарапынан 200 миллионнан астам адамға ас дайындалады» деп жазды.

Осындай жағдайда, Арбағин ірі шеруі өткізілген кезде парсы тіліндегі көптеген батыстың ақпарат құралдары осы оқиға туралы хабар таратудан бас тартты. Олар аймақтағы басқа  мәселелерге тоқталып, бұл рәсімдерді маңызды емес етіп көрсетуге тырысты. Бұл ақпарат құралдары түрлі мәселелерге байланысты бейтараптық туралы уәждеріне қарамастан, Арбағин ұлы шеруі туралы хабар таратпай, басқа аналитикалық мәселелерге тоқталды.

Қорытындылай келе айтарымыз, батыстың ақпарат құралдарының барлық талпыныстарына қарамастан, қазіргі кездегі әлемнің мықты ақпарат құралдарының біріне айналған қоғамдық желілерде бұл күндері Арбағин тақырыбы жақтаушыларының саны артып, Twitter, Instagram мен Telegram Арбағин шеруі мен зияраты туралы хабар жеткізіп, әсерлерімен бөлісетін мекенге айналды. Кейбір сараптамалар мен зерттеулер көрсеткендей, ирандық зияратшылардың Кербалаға қарай жаяу жүріп өтуінің бас кезінен бастап осы уақытқа дейінгі аралықта виртуалды кеңістік қолданушыларының түрлі әлеуметтік желіде «Арбағин», «жаяу жүру», «шатыр» сияқты түйінді сөздерді жариялап, осы діни оқиға туралы айтарлықтай ақпарат ұсынуының арқасында солардың әрбіреуі бір ақпарат құралына айналған.

Зерттеулер көрсеткендей, ирандықтар арасында ең көп қолданысқа ие  Twitter, Instagram мен Telegram әлеуметтік желілерінде 600 мыңнан астам Арбағин туралы жазба қалдырылған. Осы мәліметке сәйкес, Telegram желісінде жазылған мәтін саны 300 мыңға жетті. Бұл жазбалар 1 миллиардтан астам қаралды. Сондай-ақ, Арбағин туралы хабарлармен бөліскен каналдардың саны 34 мыңға жетті. Осындай жағдайда, Twitter желісінде Арбағинге қатысты түйінді сөздерді қамтыған 213 мың  мәтін жазылған. Бұл жазбалар 200 мың қолдауға ие болса, 51 мың қолданушы бұл мәтіндермен басқалармен бөліскен.  Сонымен қатар  Instagram желісінің пайдаланушыларынан 36 мың адам Арбағинге қатысты 77 мың мәтін жазып, жалпы алғанда 65 миллион қолдауға ие болды.