«Ортақ қадам» бағдарламасына шолу: бір жылдан соң (1)
(last modified Thu, 14 Jul 2016 02:08:07 GMT )
Шіл 14, 2016 08:08 Asia/Almaty
  • «Ортақ қадам» бағдарламасына шолу: бір жылдан соң (1)

ИИР ядролық тақырып туралы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты бес мүшесі және Германиядан тұратын «алтылық» топпен шарықтаулар мен құлдырауларға толы келіссөздерде екі жылға жуық уақыттан кейін маңызды келісімге қол жеткізді. Осы келісімге сәйкес, Иранның ядролық құқығы, соның ішінде уранды байыту тақырыбы ресми түрде танылып, Иран тарапынан сенім қалыптастыру әрекеттерінің есесіне Иранға қарсы салынған ядролық санкциялар жойылды.

БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі 2006 жылы қарар қабылдап, Иранға қарсы бірінші санкциясын салды. Содан кейін де бес қарар қабылданды.

Бұл санкциялар Америка мен басқа елдердің Иранға қарсы біржақты санкциялардың таңылып, күшейтіліп, Иранға көп шығын мен зиянның тиюіне себеп болды.

ИИР-ның кеме компаниясына санкцияның салынуы, Иранға жіберілген немесе Ираннан аттандырылған әуе-теңіз жолдарындағы тиелімдерді тінтуге рұқсаттың берілуі, банктік және ақшаны сақтандыру мен несие салаларына кең ауқымды санкциялардың салынуы, елдің мұнай-газ саласына қысым жасау, экономика мен қаржы және сауданың әртүрлі салаларында Иранмен немесе ирандық құқықтық, жеке тұлғалармен кез келген байланысқа арнайы тыйымдардың салынуы осылардың барлығы қарсы тараптардың Иранның әлеммен әрекеттесуінің барлық жолдарын жабуды мақсат еткен шындықты көрсетеді.

Осылайша әділетсіз әрекетте Иранның ядролық қаруды таратпау туралы келісімге бұрыннан келе жатқан мүшелігіне қарамастан Иран осы келісімде анықталған барлық артықшылықтар мен құқықтардан қағылып, Иранға әділетсіз санкция салынды.

Бұл үдеріс 2009 жылға дейін біртіндеп, кейін Хасан Рухани 2013 жылы маусым айында Иран президенті сайлауында жеңіске жеткенге дейін күшейе түсті.

2013 жылдың қараша айының 21 күнгі Женевадағы келісім осы мәселені шешуде бұрын-соңды жасалмаған он бірінші үкіметтің алғашқы қадамы болды. Бұл қадам санкциялар Иранның экономикасына әсер етіп, бірақ елдің ядролық бағдарламасының дамуына тосқауыл қоя алмаған, Иранның центрифугаларының саны 2013 жылдан бері жүз есе артқан жағдайда жасалды.

Женева келісімінің сезілген алғашқы нәтижесі Иранның ядролық бағдарламасының уақытша тоқтатылып, Теһранға қарсы халықаралық санкциялардың бір бөлімінің алынуы болды. Бірақ басында бір жылда бітуі тиіс болған келіссөздер созылып, екі рет ұзартылғаннан кейін 2015 жылдың сәуір айында Лозанна мәлімдемесінің жариялануына ұласты. Иран мен «алтылық» елдері сан рет ұзарту мен саяси кеңесулерден кейін келіссөздерді тығырықтан шығарып, осы күрделі үдеріс соңында Венада қорытындыланды.

Қауіпсіздік кеңесінің бес тұрақты мүшесі және Германиядан тұратын «алтылық» топ саяси бір әрекет пен бос уәждер негізінде Иранға қарсы БҰҰ-ның жарғысының жетінші бабы мен Қауіпсіздік кеңесінің қарарлары негізінде әділетсіз санкция салған болатын.

Женева мен Венада өткен келіссөздер бастан өткерген барлық шарықтаулары және құлдырауларымен Венада шілде айының 14 күнгі келісіммен аяқталды. Осы келісімнің нәтижесі «Ортақ қадам» бағдарламасы деп аталды.

«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы өзара құрмет пен сенім тудырушылыққа негізделген өзара серіктестікке жаңа негіз әзірлеп, сонымен қатар Иранның ядролық бағдарламасына қарсы уәждер біржолата аяқталуы үшін бұрынғы улы кеңістікті өзгертті.

ИИР президентінің анықтамасы бойынша шілденің 14 күнгі келісім істің соңы мен басы саналады. Соңы деген Иран халқына қарсы зұлымдықтар мен ағат, жөнсіз айыптаулардың аяқталуына, басы деген әлемдегі жаңа серіктестіктердің басталуына қатысты айтылды.

Иран президенті Хасан Рухани осы туралы мәртебелі жетекшіге жазған хатта Ираннан үркіту жобасына сілтеме жасап: «Дұшпанның мақсаты Иранды әлемдік деңгейде оқшауландырып, әлсіретуді көздеді, бірақ Ираннан үркіту саясаты ғана жеңіліс тапқан жоқ, керісінше Иранның халықаралық жетістіктерінің артқаны соншама, тіпті әлемдік қауымдастық қазір әртүрлі салалар бойынша Иранмен сұхбаттасып, ынтымақтастық жасауды мақсат етіп отыр» деді.

Рухани сол хатта «Халықаралық байланыстар тарихындағы теңдессіз осы жетістік Қауіпсіздік кеңесінің қоқан-лоққы сипатты барлық қарарларының күшін жойып, халықаралық серіктестік үшін, тіпті ядролық саладағы әріптестік үшін негіз қалады» деді.

Осы келісімнің қорытындылануымен Иранның экономикалық болашағын аймақ деңгейінде ілгерілетіп және жоғары мәртебеге қол жеткізу үшін Иран экономикасына көлеңке түсіріп тұрған санкциялар жойылды.

Ядролық келіссөздердің нәтижесі батыстың барлық кедергі келтірулеріне қарамастан Иранның ядролық болашағына жол ашты.

Бұл келіссөздердің қорытындылануы Иран мен «алтылық» елдері арасында өзара сенім қалыптастыру әрекеттеріне негізделді. Осы тұрғыдан аталмыш келісіммен улы кеңістік пен бұрынғы сенімсіздік кезеңі өзара құрметке негізделген серіктестік үшін жаңа тарауға айналып, болашақта осы бос даудың аяқталуына келісім негізі әзірленуі үшін мүмкіндік әзірленді.

Иран СІМ Мохаммад Джавад Зариф пен Еуропа Одағының сыртқы саясат басшысы әрі Еуропа Одағының жоғары комиссары Федерика Могеринидің ортақ мәлімдемесінде шілденің 14 тарихи күн деп аталды.

Сол мәлімдемеде «Бүгін – тарихи күн. Себебі біз байланыстарымызда сенім мен жаңа тарау қалыптастыру үшін лайықты жағдай жасап жатырмыз» деп қуатталды.

«Ортақ қадам» бағдарламасы – Вена келіссөздерінен бұрын Швейцарияның Лозанна қаласында 2015 жылдың сәуір айының екісі күні қалыптасқан, келіссөздерде тең дәрежеде осы мәселені шешу жолында келесі қадамдар жасалуы үшін Иран мен «алтылық» елдері келіссөздерінің пойызын Вена аялдамасына жеткізген талпыныстар мен ерік-жігердің қорытынды өнімі.

Бұл қорытынды келісім шеңберінде «ұтыс-ұтыс» нәтижесіне жеткізген қадам.

Сол себепті аталмыш келісім аймақ үшін ғана емес, сонымен қатар әлем үшін де маңызды жолдауларға ие. Келіссөздер барлық мәселелердің, соның ішінде ядролық тақырыптың шешім жолының қоқан-лоққы мен санкция емес, тек келіссөздер мен әрекеттесу екендігін көрсетті. ИИР ең жоғары деңгейде осындай әрекеттестікті іс жүзінде көрсете алды.

Иран мен «алтылық» елдерінің Венадағы келіссөздерінің нәтижелері осы тұрғыдан мүмкіндік саналады. Бұл мүмкіндік ешқашан Иранның өзінің принципті құқығы мен ұстанымынан кейін шегінді деген мағынаны білдірмейді.

Бұл жетістіктер шын мәнінде Иран халқының саяси жігері мен табандылығының, Иранның ядролық келісімгер тобының толассыз талпыныстарының жемісі. Еш күмәнсіз, бұл аймақтық және халықаралық деңгейдегі үлкен жетістік.

Себебі Америка Вена келіссөздерінің аяқталуынан бұрын ядролық келіссөздердің қорытындылануы үшін қажеттілік деп атаған нәрсе Женева келісімі шеңберінен тыс талаптар болды. Олардың талаптары орындалған жоқ.

Мәртебелі жетекші сан рет мәлімдегендей, Иран ешқашан өзінің «қызыл сызықтарына» қатысты келіссөздер жүргізбейді. Осы негізде Иран өзінің ядролық заңды құқығын қуаттап, уран байыту саласында сәл де болса кері шегініс жасаған жоқ. Келіссөздердің бағыты Америка жобалағандай жүрген жоқ. Венада маңызды нәтижеге қол жеткізілді. Оның негізі ядролық құқықтың ресми түрде танылуы мен Иранда уран байыту ісін жалғастыру болды. Сол себепті 2015 жылдың 14 шілдесі Иран мен «алтылық» елдерінің ядролық келіссөздеріндегі маңызды кезең саналады.

«Ортақ қадам» бағдарламасы осы тұрғыдан ядролық мәселені шешу бағытында қалыптасқан, бірақ Иранның ядролық құқығы «Ортақ қадам» шеңберінде ресми түрде танылғандығын қуаттаған ортақ талпыныс пен ақылдың жетістігі.

Бұл жетістік ерекше жолдауға ие. Ядролық келісім мен «Ортақ қадам» бағдарламасының әсерлерін үлкен деңгейде қарастыру керек. Себебі үлкен әрі әсерлі қозғалыстың белгілерін Иран мен басқа елдер арасында аймақтық және халықаралық деңгейдегі саяси және экономикалық байланыстарында жаңа тарау қалыптастыруға ұластыратын

«Ортақ қадам» бағдарламасының перспективасынан көру керек. Иранның БҰҰ жарғысының жетінші бабынан ядролық үдеріс арқылы шығып, ядролық тақырыпта өзінің құқығына жетіп, Қауіпсіздік кеңесіне мүше бірнеше елдің қарсылықтарымен бетпе-бет келген уран байыту ісін жалғастыру құқығына қол жеткізуі теңдессіз жетістік.