"Ортақ қадам" бағдарламасына шолу: бір жылдан соң (5)
(last modified Wed, 20 Jul 2016 13:15:28 GMT )
Шіл 20, 2016 19:15 Asia/Almaty

Ядролық келіссөздердің аяқталуы Ислам революциясы жеңісінен отыз жеті жылдан соң Иранның әлемдік деңгейдегі мәртебесін көтерген маңызды оқиға болды.

Ядролық келіссөздердің шарықтаулар мен құлдырауларға толы жолында ИИР-ның жүйесі барлық қысымдар және қоқан-лоққыларға қарамастан өзінің саяси әлеуеттері мен мүмкіндіктерін әлемдік алпауыт елдерге дәлелдеді.  
Ядролық келісімге қол жеткізу ИИР дұшпандарының жоспарларын жеңіліске ұшыратып, Иранның ядролық тақырыбының БҰҰ жарғысының жетінші бабынан шығарылуы Иранға қарсы қоқан-лоққылардың әсерін кеміткенімен, Американың Иранға қарсы дұшпандығы аяқталған жоқ. «Ортақ қадам» бағдарламасына қол қойылуға қарамастан Иран Америкаға сенім артпайды. «Ортақ қадам» бағдарламасына бір жыл өткен соң шолу» деп аталатын бағдарламалар тізбегінің бүгінгі бесінші бөлімінде Иран ислам революциясының мәртебелі жетекшісінің «Ортақ қадам» келісімінің ақиқаттарын түсіндірудегі көзқарасына шолу жасаймыз.

Бүгінде «Ортақ қадам» келісімінен бір жыл өткенімен, келісімге қарамастан, «Ортақ қадам» шеңберінде Иранға қарсы Американың-қоқан лоққылары мен дұшпандығы әлі жалғасуда. Бұл дұшпандықтың анық себептері бар. Шын мәнінде бұлар Америка қайраткерлерінің қастандықтары мен сылтау іздеушілік және уәдеден таюшылықтарының әртүрлі каналдар арқылы, бір күні Конгресте, келесі күні АЙПАК лоббилерінің сионистері арқылы жасалатын әрекеттерінің жалғасы. «Ортақ қадам» жайлы революцияның мәртебелі жетекшісі сан рет айтқандай, бұл келісім «түсініксіз тұстар мен құрылымдық әлсіздіктерге ие, абайламаған жағдайда сәт сайын Иранның бүгіні мен болашағын үлкен қатерге ұрындыратын келісім».      
Осы салада Иранның Ұлттық Қауіпсіздік жоғары кеңесі мен мәжілісі де үкімет соларды сақтауға міндеттелген жайттарды көрсетті.

Бір жыл бұрын Иран мен «алтылық» елдері арасында «Ортақ қадам» бағдарламасына қол қойылған соң ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи ИИРның президенті Хасан Руханидің «Ортақ қадам» келісімі туралы жазған хатына жауапта ядролық келісімгер тараптағы алты елдің кейбіреуінің сенімсіз екендігіне тоқталып: «Дайындалған мәтін мұқият сарапталып, болжанған заңды жолға түсіп, бекітілген жағдайда қарсы тараптың қабылдаған міндетерін бұзуына абай болып, оның жолы жабылуы керек» деді.

«Ортақ қадам» келісімі жүзеге асырылғаннан біраз уақыт өткеннен кейінгі Американың Конгрестегі сөздері мен әрекеттері олардың Иранға қысым жасау саясатын адам құқығын бұзу немесе зымырандық қорғаныс әлеуетіне алаңдау сынды уәждер негізінде, я болмаса «Иран лаңкестікке қолдау көрсетуде-мыс» сынды қауесет тарату арқылы Иранға қарсы қысым жасау саясатын жалғастыру үшін мұрсат іздеп жатқанын көрсетті.       
Америка қайраткерлерінің ұстанымдары мен сөздері де олардың бұрынғысынша он екі жылдан астам уақыт ішінде Иранға қарсы саяси қысымдар мен қоқан-лоққы жасап, "Иранды тұралату" деп аталған санкцияларын салу арқылы қол жеткізе алмаған мақсаттарына енді басқа жолдар арқылы жету үшін күш салып жатқанын көрсетеді.

Осы жолда Ақ Үйдің көзқарасы бойынша үш мәселенің іс-қағазы әлі жабылған жоқ. Бұл үш мәселе Иранның зымырандық әлеуеті мен адам құқығы және америкалық түр бойынша "Иранды демократияландыру дауы". Аталмыш үш мәселе Ақ Үй қайраткерлерінің айтуы бойынша «үстел үстіндегі таңдаулар» ретінде қалып отыр.

Американың Қаржы министрлігі «Ортақ қадам» келісімін жүзеге асырудан бір күн өткен соң мәлімдеме жариялап, Иранның зымырандық бағдарламасына байланысты Иранға қарсы салынған санкциялар тізіміне компаниялар мен адамдарды жаңадан қосқанын хабарлады.   
Америка президенті Барак Обама Иранға қарсы жаңадан салған санкцияларды ақтауда «Вашингтон Америка мен одақтастарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осы әрекеттерді жалғастырады» деді.

Бұрын Иранға сапармен барған Еуропа азаматтарына виза беруде қиындық тудыратын заңдарды бекітуі Американың осы саладағы келесі әрекеттерінің бірі болды. Бұл Американың Иранға қарсы әрекеттерін әлі жалғастырып жатқанын, Американың әрбір мүмкіндікті Иранға қарсы кеңістік тудырып, Ираннан қорқыту үшін пайдаланатындығын көрсетті. Американың кейбір жергілікті соттары Иранның бұғатталған есебін тәркілеп, Америкадағы Иранға тиесілі активтерді бғаттауға үкім шығарды. Олардың бұл саладағы ақталуы Иранның лаңкестік әрекеттерге қатысы болуына байланысты куәгерлерге өтемақы төлеу деп түсіндірілді. Америкалықтардың осындай әрекеттерінің топтамасы «Ортақ қадамның» ядролық келіссөздердің бір жетістігі саналғанымен, бірақ қауіп-қатерден қапы қалмау және осы деңгейдегі келісімнің қалай болғанда да һәм оң, һәм осал тұстары бар екендігін естен шығармау керек деген шындықты еске салады. .       

Оң көзқарас тұрғысынан «Ортақ қадам» келісімі негізінде Американың Иранның ядролық бағдарламасын жауып, ауыр су реакторының жұмысы мен уран байыту ісін тоқтату және Форду нысанының зерттеу және дамыту ісін жою деген мақсаттары жеңіліспен бетпе бет келді. Ядролық тақырыптың шешілуі саяси тұрғыдан да оң нәтижеге ие болды. Атап айтқанда Иранның әлемнің алты алпауыт елімен әрекеттесу әлеуеті ИИР-ның аймақтық және халықаралық деңгейдегі айбынын дәлелдеді.

ИИР президенті айтқандай, Иран халқының дұшпандары тұрғызған "Ираннан қорқыту дуалы" күйреді. Бірақ ислам революциясының мәртбелі жетекшісі президенттің ядролық келіссөздердің аяқталуына байланысты жазған хатына берген жауапта сілтеме жасауы бойынша ИИР һәм дипломатия саласында, һәм білім мен ғылым саласында әділетсіз санкцияларға қарсы тұрып, дұшпандарды кейін шегінуге мәжбүрлеп, зорекерлікпен салынған санкциялардың бір бөлігін жоя алды, бірақ осы келісімде қол жеткізілген жетістіктер үшін ауыр құн төледі. Хазірет америкалық кейбір саясаткерлердің айтқан сөздеріне сілтеме жасап, осы мәселені Иран қайраткерлеріне ескертіп, қарсы тараптың өз міндеттемелерін толық түрде орындауын қадағалауды тапсырды.

Әлемдік банктің директоры «Ортақ қадам» бағдарламасының жүзеге асырылуынан бірнеше ай өткен соң бұл банктің Иранда жұмысын бастауы үшін әлі бағдарламаға ие емес екендігін мойындады. Аталмыш банктың директорының айтуы бойынша, экономикалық қиындықтарды төмендетуді көздегенімен бірақ осы талпыныстардың бір шеті Иран шекараларына жақындаған кезде ядролық келісімнің жүзеге асырылуы мен Теһранға қарсы салынған санкциялардың жойылғанына қарамастан тоқтап қалатынын мәлімдеді. Американың Қаржы министрлігінің бір қайраткері бұл туралы Франц Пресс хабар агенттігіне берген сұхбатта елінің әлемдік банктегі өкілі осы банктегі Иранға несие берудегі кез келген жобаға теріс жауап беруі керек деп қуаттады. Италияның экономикалық зерттеулер саласындағы үлкен бір институты да  де 2015 жылдың шілде айында Иранмен ядролық келісімнің жасалуы және оның жүзеге асырылуына қарамастан Иран әлемнің үлкен экономикаларының біріне айналудың әлі жағалауында тұр деп мәлімдеді. Халықаралық санкциялардың тек біраз ғана бөлігі алынды. Қаржы айналымы бұрынғысынша көптеген қиындықтармен кездесуде. Көптеген кедергілер сақталып отыр. Иран Сыртқы Істер Министрінің жуырдағы Еуропа сапарындағы дипломатиялық талпыныстарымен аталған қиындықтардың маңызды бөлігі шешілді. Батыс елдерінің, әсіресе Американың банктер мен қаржы органдарына кесімді кепілдік бермеуіне байланысты Иранмен банктік әрекеттестік жасауда оларды күдік күмәндарға душар етті.Бұл әрекеттер ислам революциясының мәртебелі жетекшісі әртүрлі шараларға байланысты Американың мақсаттары мен дұшпандығын түсіндіруде жасаған баяндамаларында еске салып: «Америка өзінің талаптарын Иран халқына таңу үшін мүмкіндік іздеуде» деген шындықтар болып табылады.      

Ислам революциясының қазіргі жетекшісі осы салада шілденің он төрті күні жүйе басшыларымен кездесуде қарсы тараптардың теріс ойлары үшін негіз қалыптастырған «Ортақ қадам» құжатының түсініксіздіктерге толы тұстарына тоқталып: «ИИР бірінші болып «Ортақ қадам» келісімін бұзбайды. Себебі уәдге берік болу Құранның бұйрығы. Бірақ егер Америка президенттігіне үміткердің «Ортақ қадам» бағдарламасын жыртып тастаймын деген қоқан лоққысы іске асырылса, ИИР бұл келісімді өртеп жібереді. Бұл да өзара келісім бұзылған жағдайдағы Құранның бұйрығы» деді. Хазірет аятолла Хаменеи сөзінің жалғасында Американың өз міндеттемелерін орындамаудағы айғақтарын түсіндіріп: «Қарсы тараптың міндеті санкцияларды залалсыздандыру болған. Бірақ олар бұл міндеттерін орындаған жоқ, яғни санкциялардың бір бөлігін алғандай болғанымен бірақ шын мәнінде санкциялар жойылған жоқ. Америкалықтар алғашқы санкцияларды толық сақтап қалды. Бұл мәселе олар да алынуы тиіс болған екінші санкцияларға да әсер етеді» деді. Хазірет аятолла Хаменеи америкалық бір қайраткердің жуырдағы: «Біз Иранның рахаттануына жол бермейміз» деген сөзін олардың екіжақты қатынасының үлгісі деп атады. Хазірет аятолла Хаменеи Американың әшкере дұшпандығын үкіметтер арасындағы әдеттегі алауыздықтардан жоғары деп атап: «Ислам жүйесі исламдық ой мен ғамал принициптері негізінде үстемшілдік, зұлымдық, кемсітушілік және күш көрсету саясатына қарсы. Барлық қысымдарға қарамастан оның құдіреті мен ықпалы күн өткен сайын аймақ пен әлемде кеңейіп, тереңдеп, жаңадан бой көтерген бір алпауыт ел ретінде үстемшіл алпауыт елдердің зұлым мүдделерін түйткілге тіреді. Кейбіреулер Иран Америкамен бітісіп, өздерінің қиындықтарын шеше алады деп ойлайды. Бұл бұрыс әрі бос ой. Америкалықтардың негізгі мәселесі ИИР жүйесінде. Бұл келіссөздер және байланыс жасаумен шешілмейді. Себебі исламнан туындайтын құдірет пен тәуелсіздікті үстемшілдер қабылдай алмайды» деді. Ислам революциясының жетекшісі жүйе басшыларымен кездесуде түсіндіргендей, қазіргі америкалықтардың болмысы Рейганның тұсындағы америкалықтардың болмысындай. Демократтар мен республикашылардың арасында да ешқандай айырмашылық жоқ. Осындай шындықтарға байланысты ислам революциясының жетекшісі келесі бір сөзінде Иранның исламдық кеңес мәжілісінің оныншы кезең депутаттарынан да төңкерісшіл түрде жұмыс істеуді сұрады, себебі олардың басында Америка тұрған дұшпандардың қауіп-қатері әлі жалғасуда. Хазірет мәжілістің Американың дұшпандық және қасақана ұстанымдарына реакция білдіріп, үстемшіл саясаттарға қарсы табандылық танытуы қажеттігін қуаттады.