Голливуд пен АҚШ сайлауының арасындағы дау-жанжал
(last modified Sun, 23 Oct 2016 06:49:03 GMT )
Қаз 23, 2016 12:49 Asia/Almaty
  • Голливуд пен АҚШ сайлауының арасындағы дау-жанжал

Клинтон мен Трамптың үгіт-насихат кампаниясы биыл да өткен кезеңдердегідей Голливуд актерларының ұзын тізімін өз үміткерлерін қолдаушылардың қатарына тізіп қойды. Бұл - барлық елдерде сайлау үміткерлері халықтың даусын жинау үшін пайдаланатын амал-шарғылардың бірі. Құрама Штаттарында да бұл тәсіл бұрыннан бері қолданылып келеді.

АҚШ-тың президенттік сайлауы өтетін күн 8 қарашаға дейін аз уақыт қалды. Танымал тұлғалар жаңа кампаниялар жасап, сайлауалды кеңістікті қыздыра түсуде.  Дегенмен бұдан бұрын да сайлауалды тартыстарына  Голливудтың көптеген актерлары  тартылатын. Дональд Трамп та, Хилари Клинтон да кинематография жұлдыздарының қасында суретке түсіп немесе олардың құзырын үгіт-насихаттық жұмыстарда пайдалануға талпыныс жасап жатыр. Кинематографиялық және саяси сарапшылардың пайымдауынша, үміткерлер танымал адамдарды неғұрлым көбірек тартатын болса, соғұрлым сайлау учаскелерінде таразының басы солардың пайдасына қарай басымырақ түсетін болады.  Бұл құзыр шын мәнісінде екіжақты мәміле болып табылады. Бір жақтан, үміткерлер олардың құзырын пайдаланып, өздеріне көбірек дауыс жинай алады. Басқа жақтан, Голливудтағы даңқын арттырғысы келетін өнерпаздар да осы жолмен АҚШ-тың ақпарат құралдарының төрінен тағы бір көрініп қалады.

Мысалы, америкалық деректі фильм режиссері Майкл Мур сейсенбі 18 қазан күні Трамп туралы түсірген жаңа фильмін таныстыру үшін қоғамдық ақпарат құралдарын пайдаланды. Мур Twitter-де былай деп жазды: ««Майкл Мур Трамплендте» атты фильм алғаш рет сейсенбі күні кешке Нью-Йорктың IFC  орталығында көрсетіледі. Одан кейін Нью-Йорк пен Лос-Анджелесте бір апта бойы көрсетілімі жалғасатын болады». Бұл фильм шын мәнісінде оның Огайодағы Трамптың жұмыстарын бейнелейтін монологы болып табылады. Майкл Мур оны екі апта бұрын екі кеш қатарынан түсірген еді. АҚШ-тың президенттік сайлауының осы кезеңіндегі Дональд Трамптың қарсыласы болып табылатын Майкл Мур осы фильмнің соңында тамашалаушыларға қаратып былай дейді: «Мүмкіндігінше неғұрлым көбірек америкалықтардың бұл фильмді көруіне талпыныс жасайық».

Мур осы деректі фильмінде Огайоның Трамптың жері екенін айтып, Трамп билікке келсе АҚШ-тың не болатыны туралы болжамдарымен бөліседі.

"Майкл Мур Трамплендте"

Жақында америкалық өнерпаздардың қатысуымен «Болашақтарыңыз үшін дауыс беріңіздер» атты кампания өз жұмысын бастады. Онда көптеген америкалық танымал тұлғалар адамдардан республикашыл немесе демократ болуына қарамастан 8 қараша күні өз таңдауындағы үміткерге дауыс берулерін сұрайды. Осы уақытқа дейін аталмыш қозғалыста Леонардо ди Каприо, Джулиа Робертс, Эмма Стоун, Дэвид Швимер, Эдвард Нортон, Сэмюэл Лерой Джексон, Роберт де Ниро, Оливия Уайлд және АҚШ-тың кинематография және көңіл көтеру индустриясының тағы басқа танымал тұлғалары қатысты.

«Болашақтарыңыз үшін дауыс беріңіз» кампаниясының ең маңызды жұмысы актерлардың қатысуымен бейнелер түсіріп, оны виртуалды кеңістік пен қоғамдық желілерде тарату болды. 30-60 секундқа созылатын бұл бейнелерде АҚШ халқының сүйікті өнерпаздары камераның алдына келіп, өздерінің үміттері туралы сөз сөйлейді. Барлық бейнелерде қойылатын осы кампанияның ең басты сауалы: «Сіз не нәрсені маңызды санайсыз?»  

Мына қызықты жайтты білгеніңіз дұрыс: осы кампанияның бейнелерін Том МакКарти және Дэвид Рассел сияқты  атақты режиссерлер түсірген.

«Болашақтарыңыз үшін дауыс беріңіз» кампаниясы

Сонымен қатар, барлық кезеңдерде үміткерлердің сөздеріне қатысты дау-жанжалдардың туындауы қалыптағы үдеріс болып табылады. Мысалы, Дональд Трамптың сөздері ең көп дау-жанжалдар тудырып, көптеген өнерпаздардың Клинтонды жақтауына себеп болды. Мэрил Стрип, Джейн Фонда, Энн Хэтэуей және тағы басқа тұлғалардың есімдерін келтіруге болады. Дегенмен олардың демократтарды қолдауы үшін бұдан да маңыздырақ себебі бар. Бұл себеп – Клинтонның әйел адам болуы. Осы әйелдермен қатар, Джордж Клуни сияқты бір әйелдің президент болуын жақтайтын ер адамдарды да көруге болады.

Осындай жағдайда қарсы тараптың тобы да қол қусырып отырмай, өздері үшін бірнеше есімді дайындап қойды. Ең қызықтысы, республикашылдар партиясын жақтаушылардың бірі болып табылатын маңызды тұлға, яғни, Арнольд Шварцнеггер Трамптың үмткерлігін қолдамай отыр. 1980 онжылдықта шытырман оқиғалы фильмдерде ойнаған бұл актер парик киген бұл мультимиллиардердің пікірлерін экстремистік деп санап отыр.

Президенттік орынға үміткер екі саясаткер де АҚШ халқы мен Голливудқа көптеген уәделер берді. Бірақ Трамптың мәдениет пен өнерден алшақ кеткен сөздері қоғамдық деңгейде жаңа даулардың туындауына себеп болды. Бұл мәселе өнерпаздардың реакцияларын тудырды. Алайда Клинт Иствуд есімді адам мұндай сөздерге мән бермеу керек екеніне сенімді. Ол жақында адамдардың Трамптың сөздеріне тоқталып, тыңдауы керек емес екенін айтты. Осы қарт актердің айтуынша, адамдар президент орнына осы үміткердің сөздерінің қасынан өте шығып, оған бола шу тудырмауы керек. Иствудтың меңзеп отырғаны – Трамптың барлық сөздері, оның ішінде, басқа діни және тайпалық топтар туралы пікірлері. Бұл сөздерді саясаткер, сарапшылар мен қарапайым халықтың басым бөлігі нәсілдік кемсітушілік ретінде бағалады.

Танымал актер Роберт де Ниро Дональд Трампты ұлттық апат деп атап, Трамп сияқты «ақымақты» АҚШ президенті бола алатындай дәрежеге жектізген америкалықтарды қатаң сынады. Осы танымал актер былай деді: «Мені осыншалықты ашуландырған нәрсе – бұл елдің мына ақымақ, мына наданды осындай дәрежеге жеткізуі. Трамп адамдардың бетінен қалай ұратынын айтады ма? Жақсы, мен оның бетінен ұрғым келеді. Ол біздің президент ретінде көргіміз келетін адам ба? Олай ойламаймын».

Роберт де Ниро

Біраз бұрын Трамп өзінің ақылға қонбайтын ұстанымдарының бірінде мұсылмандардың АҚШ-қа кіруіне тосқауыл қойып, олардың бұл елден аулақ жүруін талап етті. Америкалық актер Уил Смит осы сөздерге қарсы  ұстаным білдіріп, оны жерге қарататын әрі қорлаушы сөздер деп атады. Ол ақпарат отырысында Трамптың сөздері мен Батыс елдерінде пайда болған Исламнан үркіту кеңістігіне сілтеме жасап, бұл сөздерді масқарашылық деп атап: «Мен бір америкалық азамат ретінде Трамптың  нәсілдік кемсітушілік сөздерін естігенімде ұялдым. Бұл қорлаушы әрі ұялтатын сөздер болды. Біз адамдарды бізге көрсетілген бейне арқылы емес,  нағыз болмысы арқылы тануымыз керек. Ал осы америкалық миллиардер саясаткер барлық мұсылмандарды АҚШ-тан шығарып, олардың елге кіруіне бөгет болмақ» деді.

Айта кетер жайт, Трамптың жанжал тудырған мұсылмандар туралы сөздерінен кейін АҚШ-тың Исламдық байланыстар ассоциациясы да реакция білдірді. Бұл ұйым бір хабарландыру жариялап, барлық мұсылмандардан өздеріне қарсы кез келген қатыгездік әрекеті жасалған жағдайда, полиция мен қауіпсіздік күштері олардан сұраса да сұрамаса да осы ассоциацияның қызметкерлеріне хабар беруін талап етті.

Кампаниялар, үгіт-насихаттық фильмдер мен ақпараттық отырыстарға қатысумен қатар, Голливуд тұрғындарының президенттік орынға үміткерлерге қаржылай көмек көрсетуі Голливудтың АҚШ-тың сайлауларына көп ықпал ететінін білдіретін мәселе. Осы аяда америкалық режиссер Стивен Спилберг пен DreamWorks компаниясының директоры  Джеффри Катценберг Хилари Клинтонның АҚШ-тың президенттік сайлауына үміткер болуы үшін саяси әрекеттер комитетіне бір миллион доллар көлемінде көмек көрсетті. Бұл жуырда президенттік сайлаудың демократ үміткерін қолдау мақсатында Голливудтың атақты қонақасыларының бірі өткізілетін жағдайда орын алды. Ал Спилберг пен Катценберг сол қонақасындағы қомақты шығындардан бұрын Клинтонға  өз көмектерін көрсетпек болды.

Спилберг пен Обама

Осы екі тұлға  тарту еткен сома олардың 2012 жылы Барак Обамаға берген сомасымен тең. Бұл мәселе оларды АҚШ-тың демократтар партиясының ең қолы ашық қолдаушыларына айналдырды. 2010 жылдан бері заңға сәйкес қарапайым адамдар да шектеусіз мөлшерде сайлауалды кампанияларына қаражат бере алады. Бұл мәселе Голливуд тұрғындарына болашақ пайдалары үшін бүгіннен бастап инвестиция салуға мүмкіндік береді.

Айта кетер жайт, жаңа «Жұлдыздар соғысы» фильмінің режиссері Джи. Джи. Абрамс жолдасымен бірге бір миллион доллар көлемінде Клинтонға көмек көрсетті. Қызықты жайт, 2015 жылдың басынан 2016 жылдың маусым айының соңына дейін саяси әрекеттер комитеті 15 миллион доллар көлемінде кіріс көрді. Оның басым бөілігін Голливуд пен көңіл көтеру индустриясының қызметкерлері берді.