Трамптың президенттік кезеңі адам құқықтарын бұзумен басталды
(last modified Tue, 14 Feb 2017 22:12:07 GMT )
Ақп 15, 2017 04:12 Asia/Almaty
  • Трамптың президенттік кезеңі адам құқықтарын бұзумен басталды

АҚШ президенті осы жолы әйелдер киімі жайлы да пікір білдіруге, оларға сол жайлы пікірін таңуға өзін құқылы санады. Оның мәлімдемелері ақылға сыймайтынымен қоса, адам құқықтары құжаттарының ешбір қағидасына сәйкес келмейді әрі президенттің әйелдердің жеке өміріне араласушылығы тұрғысынан бағаланады.

Диктор 1:

Бұл күндері АҚШ халқының бостандығы мен негізгі құқықтары бейберекет жағдайға тап болып отыр. Адам құқықтарын талап етіп, бостандық негізіндегі ұрандар айтылатын бұл елде сырттай «Азаттық» мүсіні саналатын ескерткіш жанындағы халықтың жағдайы мен адамның бастапқы армандарына қол жеткізуге бағытталған талпыныс әлемдік қоғамдастықты таң қалдырды.

Өкінішке орай, бүгінде АҚШ-тағы халықтың дауыс беруі арқылы емес, әділетсіз сайлау жүйесі негізінде билік басына келген президентті көріп отырмыз. Оның ел ішіндегі нәсілшілдік пен кемсітушілік негізіндегі жарлықтары мен әлемдегі соғыс пен қауіпсіздікке қатысты қоқан-лоққылары негізгі адам құқықтарын мазақ етіп қана қоймай, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті де қауіпке ұшыратты.

Тек әр адамның негізгі құқығы саналатын өзі қалаған дінді таңдау мен Трампқа ұнамайтын мемлекеттерде дүниеге келгендіктен, Трамптың 7 мұсылман елі азаматтарына АҚШ-ның жеріне кіруіне тыйым салу туралы кемсітушілік пен нәсілшілдік жарлығы шыққаннан кейін кезек енді әйелдер қауымына жетті. Әйелдердің ұзақ жылдар бойы теңдік пен өздерінің кейбір құқықтарына қол жеткізу үшін талпыныстары мен күресінен кейін өз президентінің осы жолғы ақылға сыймайтын әрекеттері салдарынан олардың ең негізгі әрі айқын құқықтарына нұқсан келтірілді.

АҚШ президенті осы жолы әйелдер киімі жайлы да пікір білдіруге, оларға сол жайлы пікірін таңуға өзін құқылы санады. Оның мәлімдемелері ақылға сыймайтынымен қоса, адам құқықтары құжаттарының ешбір қағидасына сәйкес келмейді әрі президенттің әйелдердің жеке өміріне араласушылығы тұрғысынан бағаланады.

Бұл мәселе бүкіл әлемдегі азаттық пен адам құқықтарын талап ететін мемлекет президентінің пікірі болғанына қарамастан, өте өкінішті жағдай. Бұл Трамптың АҚШ пен азаттық армандарды кері шегіндіруге талпынысын көрсетеді.

Диктор 2:

Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы мен адам құқықтарына байланысты басқа да құжаттарға сәйкес, барлық адамдар азаттық пен сол азаттық қорғалатын жағдайларда өмір сүруге құқылы. Бірақ енді америкалық әйелдердің тіпті киім киюге қатысты ешқандай құқығы жоқ.

Негізінде, киім таңдау адамдардың ең негізгі құқықтарының бірі саналады. Осыған байланысты, әйелдер мен еркектердің арасында ешқандай кемсітушілік жоқ. Алайда, әйелдерге байланысты үнемі кемсітушілік көзқарастарға ие АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің соңғы айтқан мәлімдемесімен әйелдер қауымының ашуына себеп болды. Осы жолы АҚШ президенті Дональд Трамп әйелдердің жұмыс орнындағы киімі туралы өзінің жаңа мәлімдемесімен әйел құқықтарын қорғаушылардың ашу-ызасын  тудырып, әлеуметтік желілерде көптеген жанжалдарға себеп болды.

Әйелдердің Трампқа қарсы шеруі

Диктор 1:

Дональд Трамп өз талғамын әйелдер қауымына таңуды көздеп отыр. Дональд Трамптың командасының мүшесімен сұхбаттасқан бір кісі: «Дональд Трамп өз үкіметінде қызмет ететін ер адамдардан барлық тұрғыдан сәнді әрі талғаммен киім киюді талап етті. Егер ер адамдар үшін галстук тағып, шаштарын ұқыпты ұстау жеткілікті болса, Трамп үкіметінде қызмет ететін әйелдер үшін киім кию ережелері сәл күрделірек»,- деді. Бұл кісінің айтуынша, Дональд Трамп оған қызмет ететін әйелдердің «әйел сияқты» киім киюін қалайды. Тіпті біреу джинс шалбарын киетін болса да, әйел сияқты ұқыпты әрі сәнді болуы тиіс.

Бұл мәлімдемеге қатысты «Телеграф» газеті реакция білдірді. Алайда Дональд Трамптың «әйел секілді» киім кию деген сөздері қандай мағына білдіруі мүмкін?

Диктор 2:

Мемлекет президенті өкілеттілігінен тыс саналатын мәлімдемелер тек Трамптың қызы мен жұбайы тарапынан ғана қолдауға ие болды. Отбасы мүшелерінің мұндай қолдау көрсетуі қаншалықты табиғи болып көрінгенімен, басқа жағынан алып қарасақ, Трамптың қызы мен жұбайының көзқарасын шешім қабылдау құқығы болмаған әрі мәжбүрлі ортаның әсерінен таңдау құқығы мен бостандығынан айырылған әйелдердің пікірін көрсетеді.

Иванка Трамп 

Дональд Трамптың қызы Иванка Трамп «жұмыс істейтін әйелдер» атты хештегпен Инстаграм желісіндегі өзінің парақшасында өзінің кеңселік жейде мен биік өкшелі туфлимен түскен суреттерін жариялады.

Мелания Трамп 

Дональд Трамптың жұбайы Мелания Трамп та әйелдердің арнайы кеңселік костюмдері мен биік өкшелі туфлилердің суреттерін жариялаған болатын. Дональд Трамптың мұндай әрекеті әлеуметтік желілердегі халықтың реакциясына себеп болды.

Диктор 1:

Бірақ, бұл жолы әйелдердің киім кию мәселесіне қатысты өзіне шешім қабылдауға ерік беретін президентке қарсы шыққан америкалық әйелдер мен адам құқығын қорғаушылар міндетті түрде бұл ойланбай айтылған мәлімдемелерге қатты ашуланып, зорлыққа қарсы тұрады. Себебі бұл мәселеге қатысты қарсылық жасалмаса, АҚШ президенті өз халқының жеке істеріне араласуға қызығушылық танытып, өзінің қалауын таңатындай көрінеді.

Алайда Трамптың жанжалды бұйрығына қатысты халықтың наразылықтарына байланысты «әйел секілді» киім киіңіздер» деген хештег Твиттерде тез таралып, халықтың көпшілігі Трамптың әрекетіне қатысты өз пікірлерін білдіріп жатты.

Трамптың әрекетіне реакция ретінде өрт сөндіруші әйелдер, полиция қызметкерлері, сарбаз, оташы және тағы да басқа салаларда жұмыс істейтін әйелдер өздерінің жұмыс киімімен түскен суреттерін жариялап, Трамптың осы жаңа бұйрығын мазақ еткен болатын. Тағы біреулер америкалық теннисші Серена Уильямс пен «Тақтар ойынындағы» жауынгер әйелдің арнайы жұмыс киміндегі суреттерін жариялаған.

Олар бұл суреттерді жариялау арқылы Трамптың  әйелдер киімі туралы жаңа бұйрығына наразылық білдірді. Олардың кейбіреулері: «Бұл әйелдің киімі емес пе?»,- деп жазса, бір әскери қызметтегі әйел: «Мен әйел сияқты киім кидім. Трамп мұны ұната ма? Олай деп ойламаймын»,- деп жазды.

Диктор 2:

АҚШ халқының келесі бір бөлігі өздерінің Твиттердегі жеке парақшаларында: «Біз қалай әйел секілді киім киюді білеміз. Сен қалай мемлекет президенті секілді әрекет етуді білуің қажет»,- деп мәлімдеген. 

Шындығында, Дональд Трамп бір миллиард болса да, билік басына әділетсіз жүйе негізінде келді. Сондықтан президенттің абыройын сақтап, адам құқықтары мен халықтың құқықтарын бұзбай, қайта оларды сақтағаны жөн. Трамп халықтың құқықтары, бостандықтары мен президенттің міндеттері туралы Конститутцияда не жазылғанын бір рет оқып шығып, нағыз президент секілді әрекет жасауға шешім қабылдаса, жақсы болатын еді.

Мұнымен қатар, БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдар, Еуропа одағы мен адам құқықтарын қорғаушылар АҚШ президентінің әсірешіл және ақылға сыймайтын көзқарастарына қатысты үнемі өздерінің наразылықтарын қаншалықты білдіріп отырғанымен оның осы әрекеттеріне байланысты әлемдік қауымдастық та берік әрі қатаң шешім қабылдаса дұрыс болатын еді. Бұл әрекеттер БҰҰ-ның адам құқықтары кеңесінің күн тәртібінде қарастырылуы тиіс. Себебі, ең айқын әрі ең негізгі адам құқығын бұл президент мағынасыз деп бағалады. Қазір 21-ғасырда адам құқықтарын қорғаушылар мен азаттықты қалаушы адамдардың ұзақ уақыт бойы жасаған талпыныстарынан кейін, құқықтар мен қоршаған орта құқығы, бейбітшілік құқығы мен даму құқығы секілді адам құқықтарының үшінші және төртінші ұрпақтары халықаралық ұйымдардың күн тәртібінде болғанына қарамастан, АҚШ-тың жаңа президенті бостандық пен кемсітпеушілік қағидасы секілді адам құқықтарының бірінші ұрпақтың құқықтарын қорлап отыр. Бұл әрекет тек АҚШ халқының ғана ашуын келтіріп қоймай, сонымен қатар бүкіл әлемдегі азаттық талап етушілердің бұл халыққа өздерінің тілектестіліктерін білдіруіне итермеледі.