Латын Америкасында: наурыздан наурызға дейінгі өзгерістер
Колумбия үкіметі мен ФАРК көтерілісші тобы арасындағы бейбітшілік шартына қол қойылуға ұласқан Колумбияның 50 жылға созылған азаматсоғысының аяқталуы өткен жылы Латын Америкасында орын алған ең маңызды оқиғалардың бірі болып табылады.
1964 жылы Колумбия соғысы басталғаннан бері 220 мыңнан астам адам қаза болып, 6 миллион адам баспанасыз қалды. Колумбия президенті Хуан Мануэль Сантос2016 жылдың маусым айының жиырма үші күні Куба астанасы Гаванада колумбиялық ең басты көтерісшіл топ саналатын Колумбияның революциялық қарулы күштерінің басшысы Родриго Лондономен бірге түзетілген келісім құжатына қол қойды.
Осы келісім бойынша ФАРК көтерілісшілері қаруларын тастайтын болды. Колумбия үкіметі қазір осы мақсатпен қару-жарақтарды жинау үшін 26 аймақты белгілеп қойды. Бұл аймақтардың барлығы БҰҰ тарапынан бақыланып отыр.
Келісім жасалудан екі ай бұрын бейбітшілік келісімінің жобасы референдумның нәтижесі бойынша қабылданбаған жағдайда Колумбия үкіметі мен көтерілісшілер осындай бейбітшілік құжатына қол қойды. 50 өзгеріс енгізілген, соның ішінде, ФАРК пен Колумбия үкіметі қылмыстарының шетелдерде сотқа тартылуына жол бермеу және кейбір қылмыстар үшін өтемақы төлеу жайттарын қамтыған келісімнің жаңа нұсқасында бұрынғы келісімге қарсы болғандардың өтініштеріне, соның ішінде, ФАРК-тың қылмыскер басшыларын тұтқындау немесе олардың саяси жұмыстарына тыйым салу өтініштеріне жауап берілген жоқ.
ФАРК тобы мен Колумбия үкіметі арасындағы бейбітшілік келіссөздері 2012 жылдың қараша айында басталған болатын. Бұл келіссөздердің барысында толқулар мен үмітсіздіктер байқалып, кейбір кездері тіпті оның толығымен сәтсіздікке ұшырауына бір ғана қадам қалғанымен, осы елді әлеуметтік және экономикалық дағдарыстар жайлағандықтан екі тарап келіссөздерді жалғастыруды ұйғарды. Колумбия халқының50 жылға созылған соғыс, қантөгіс пен босқындықтан шаршауы, сондай-ақ, ұлттық бітімге жету үшін ішкі сахнада халықтың бірігуі осы елде бейбітшілікті орнату үдерісін жылдамдатты. Басқа жақтан, Латын Америкасы аймағындағы елдердің экономикалық өсу, өмір сүру деңгейін жақсарту мен аймақтық интеграцияны арттыруға қарай бет алуы Колумбиядағы қақтығысушы тараптарды осы елде бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға талпыныс жасауға итермеледі.
Колумбиядағы азаматсоғысының аяқталуын осы ел үкіметінің ұлт-азаттық көтерілісшілермен қақтығыстарын тоқтату, сонымен қатар, саяси-әлеуметтік жағдайды жақсарту және елдің экономикалық өсуі үшін өзгерісті кезең болды деп те айтуға болады.
Латын Америкасындағы ең үлкен ел Бразилияда биліктің ауысуы өткен жылы осы аймақта орын алған маңызды өзгерістердің бірі болды. Осы елдің бұрынғы президенті Дильма Русефкежемқорлық айыбы тағылып, халық тарапынан экономикалық тоқырауға байланысты наразылық білдірілгеннен кейін өзінің қызметінен кетіп, билікті Мишел Темерге тапсырды. 2011 жылдан бері Бразилияның президенті лауазымында екі төрт жылдық мерзімде қызмет атқарған Дильма Русеф өзінің экономикалық саясаттарының тиімсіздігі мен Petrobras үкіметтік мұнай компаниясындағы жанжалдан кейін дағдарысты жағдайға тап болды. Бразилияның түрлі қалалары айлар бойы Дильма Русефтің қызметінен кетуін талап еткен халықтықшерулердің сахнасына айналды. Біраз уақыттан кейін Бразилия Сенатының дауыс беруімен Дильма Русеф президенттік қызметінен шеттетілді. Ол биліктен кеткеннен кейін Бразилияда солшылдардың 13 жылға созылған билігі аяқталды. Дегенмен, жемқорлық пен экономикалық тоқыраудан басқа қоғамдық тынышсыздықтар, қылмыстар мен өлтірулердің көбеюі, тапаралық қашықтықтың артуы және халықтың бюджеттің Бразилияның түрлі штаттарына бөлінуіне қатысты наразылықтарының үдеуі сияқты сын-қатерлер биліктің оңшылдардан солшылдарға ауысуының салдарлары болып табылады.
Бразилияның қазіргі кездегі саяси-экономикалық жағдайы тіпті биліктің ауысуы да Бразилия қоғамындағы кемшіліктер, экономикалық қиыншылықтар мен тапаралық қашықтықты жоя алмайтындай деңгейге жеткен.
Бразилиядағы солшылдар Русефтің қызметінен кетуі мен үкіметтің бағытының солдан оңға ауысуының себебін АҚШ-тың сол ел халқының азаттығы мен тәуелсіздігін ойрандау мақсатындағы араласушылықтарының салдары деп санайды. Өткен бір жылда Бразилия мен Перуде биліктің ауысуынан бастап, Чилиде солшыл президенттің экономикалық саладағы бағытын оңға қарай ауыстыруына, сондай-ақ, Венесуэладағы саяси тұрақсыздыққа назар аударсақ, аймақтағы экономикалық жағдайдың нашарлауы оңшыл партиялар үшін тиімді болғандай көрінеді.
Түрлі әрекеттер, соның ішінде, шетелдік қастықтар, АҚШ-тың Латын Америкасындағы саяси ағымдар мен батысшыл ақпарат құралдарын қолдауының артуы, әлемдік экономикалық дағдарыс пен мұнай бағасының төмендеуінің аймақтық елдерге тигізген әсерлерінің байқалуы, экономикалық тоқырау, билікті теріс мақсатта пайдалану, жемқорлық пен әлеуметтік қамсыздандыру жобалары үшін қаржыкөздерінің азаюы осылардың барлығы халықтың солшыл үкіметтерге деген сенімнің азаюына себеп болды.
Шетелдік, әсіресе, америкалық араласушылықтар жалғасып, осы елдерде әлемдік экономикалық дағдарыстың тигізген әсерлерінің байқалуы және жемқорлықтың жалғасуы жағдайында оңшылдарға үміт артудың жақсылыққа жеткізбейтін іс екені анық.
Кубаның революциялық жетекшісі Фидель Кастроның қайтыс болуы өткен бір жылда Латын Америкасына ықпал еткен маңызды өзгерістердің бірі саналады. Кастро 2016 жылдың қазан айының жиырма алтысы күні саясаттағы жарты ғасырдан астам талпыныстарынан кейін 90 жасында дүниеден озды. Жастық шағында саясат алаңына аяқ басқан ол студенттік кезінде саяси белсендіге айналды. Кастро Доминика, Колумбия көтерілістеріне, одан кейін Кубаның сол кездегі диктаторы Батистаға қарсы сәтсіздікке ұшыраған бірінші көтеріліске қатысты. Батиста билігі құлатылғаннан кейін Кастро Кубадағы билік тізгінін өз қолына алды. Фидель Кастро Куба революциясына жетекшілік етуімен қатар1959-1976 жылдар аралығында Кубаның премьер-министрі, одан кейін 1976-2008 жылдар аралығында осы елдің президенті болды. Ол шамамен жарты ғасыр Кубаға басшылық еткеннен кейін 2008 жылдың ақпан айының он жетісі күні билікті өзінің інісі Рауль Кастроға тапсырды.
Куба революциясы жеңіске жеткеннен кейін Фидель Кастро Латын Америкасының ең ықпалды тұлғаларының бірі ретінде танымал болды. Тәуелсіздігін алып, АҚШ-тың отаршылдығынан құтылғаннан кейін де жылдар бойы осы елдің басшыларының үстемшілдігінің алдында бас иіп келген Кубаның тағдыры Кастро билікке келгеннен кейін өзгерді. АҚШ-тың Кубадағы мүдделерінің жолында кедергілер туындағаннан кейін Вашингтон Гаванаға қарсы дұшпандық әрекеттер жасап, сауда-экономика саласына ауыр санкциялар салды. Фидель Кастроның АҚШ-тыңКубаның жаңа құрылған үкіметін құлатуға бағытталған талпыныстарына қарсы табандылығы сарқылмады. Бұл Фидель Кастроны Латын Америкасындағы үстемшілдікке қарсы күрестің символына айналдырды. АҚШ-тың Кубаға қарсы 50 жылдық санкцияларына қарамастан, бұл ел мәдени-әлеуметтік салаларда көзге көрінерліктей ілгерілеушіліктерге қол жеткізді. Фидель Кастро дүниеден озғаннан кейін де Куба революциясының Латын Америкасы мен әлемге ықпалы жалғасып, көптеген революциялық және әділет талап етуші ағымдарды шабыттандырады деп күтілуде.
Венесуэла өткен жылы саяси-экономикалық тұрақсыздыққа душар болды. Венесуэладағы соңғы өзгерістерді талқылау әлем деңгейіндегі мұнай бағасының арзандауының салдарынан осы елде пайда болған экономикалық қиыншылықтар мен саяси дағдарыстардың азық-түлік жетіспеушілігін тудырғанын көреміз. Бұл халықтың наразылықтарына себеп болды.
Венесуэланың саяси жағдайы әлі де тұрақталмады. Саяси тартыстар мен экономикалық дағдарыс Уго Чавестің ізбасары Венесуэла президенті Николас Мадураға қатер төндіріп отыр. Латын Америкасындағы осы ел Уго Чавес қайтыс болып, Николас Мадура президент болып сайланғаннан кейін тұрақсыздық пен бейберекеттікке толы күндерді бастан өткеруде. Николас Мадура 51 пайыз оң дауыс жинап, өз бәсекелесінен басым түскеннен кейін президенттік сайлауда жеңіске жетті. Алайда әлеуметтік және экономикалық қиыншылықтардың туындауы оның президенттік лауазымындағы қызметін жалғастыру үшін қиындықтар тудырды. Ол қазіргі кезде ауқымды экономикалық сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Бұл сын-қатерлер Уго Чавес кезеңіндегі қаржылық саясаттардың салдарлары болып табылады.
Венесуэла – мұнайды көтерме түрде экспорттайтын елдердің бірі. Алайда шикі мұнай бағасының төмендеуі, қуаңшылық, күннен күнге артып келе жатқан инфляция, тауарлардың жетіспеушілігі мен басқарудағы тиімсіз саясаттар солшылдардың ісінің қиындауы мен Парламентте үкіметке қарсы солшыл фракцияның күшеюіне себеп болды. Экономикалық қиыншылықтардың үдей түсуінің саяси-әлеуметтік салдарлары болды. Қарсылас партиялар тарапынан өткізілетін шерулермен қатар, осы елдің түкпір-түкіпірінде күн сайын жетіспеушіліктерге наразылық ретінде кішігірім халықтық шерулер өтіп жатыр. Мадура қарсыластары сонымен қатар кезектен тыс президенттік сайлау өткізіп, осы елдегі Чавестің дәуірін аяқтауды көздеп отыр.
Венесуэла парламентінде оңшыл фракцияның күшеюі мен Мадуроның жұмыстарына қарсы наразылықтардың көбеюі, басқа жақтан, АҚШ-тың қарсыластарды қолдауы екі тарап арасында келісімнің жасалуына қатысты үміттерді жояды. Осы дағдарыстың ілгерілеуі кезектен тыс президенттік сайлаудың өткізілуіне жеткізеді деп болжануда.
Өткен жылы Аргентина да саяси-экономикалық тұрақсыздықтың куәсі болды. Экономикалық қиыншылықтар осы ел халқының наразылық шерулеріне шығуына себеп болды. Наразылар кедейшілікті азайтып, жалақыны көтеру үшін үкіметтің халықтың экономикалық мәселелерін шешуін талап етуде. Олар сонымен қатар инфляцияның өсуі мен қызметкерлердің жұмыстан қуылуына наразы. Аргентина үкіметі де 2016 жылдың қаңтар айынан мамыр айына дейінгі аралықта жеке секторда 52 мың жұмыс орны мен үкіметтік қызметте 11 мың жұмыс орнының жабылғанын мәлімдеді.
Макридің Латын Америкасындағы экономикасы мықты үшінші ел Аргентинаның жағдайын жақсартуға қатысты уәделеріне қарамастан, оның тиімсіз істері ауқымды наразылық тудырды. Өткен желтоқсан айында билік басына оңшыл президент Маурисио Макри келгеннен кейін түрлі бөлімдерде 200 мың жұмыс орны жабылды. Кейбір экономикалық реформаға қарамастан, бұл елдің экономикасының жағдайы нашарлап, жұмыссыздық мөлшері артты. Аргентина қазір Латын Америкасындағы жұмыссыз жастардың ең көп мөлшеріне ие ел болып отыр. Макри осы елдің экономикалық жағдайының нашарлауын ақтау үшін әрдайым осы елдің бұрынғы басшыларын адамдарды жөн-жосықсыз қызметке алып, ел экономикасын бұзды деп айыптап келеді. Ол тіпті Аргентинада кедейшілікті азайту немесе оны жоюдың мүмкін емес екенін мойындады. Осы елде еңбекақылардың теңсіздігі мен экономикалық теңсіздіктің артуы туралы жарияланған жаңа статистикалық мәліметтер батыстықтардың, әсіресе, АҚШ-тың осы елдегі оңшыл үкіметтің саясаттарын қолдап отырғанын көрсетті.
Осындай араласушылықтар тоқтатылмайынша, Аргентинаның экономикалық жағдайының жақсаруының орнына, бұл елдегі саяси-әлеуметтік жағдай да нашарлай түсетін болады.