-
Амирабдуллахиан: Американың сионистік режимді қолдауы атысты тоқтатуға қол жеткізуге кедергі болып табылады
Жел 09, 2023 17:21Иран Сыртқы істер министрі БҰҰ Бас хатшысының бұл Ұйым Жарғысының 99-бабын белсендіру әрекетін жоғары бағалай отырып, Американың сионистік режимге қолдау көрсетуі Газада атысты тоқтату келісіміне қол жеткізуге кедергі келтіретінін мәлімдеді.
-
Раиси Путинмен кездесуде: Газаға қарсы бомбалауды мүмкіндігінше тезірек тоқтату керек
Жел 08, 2023 16:49ИИР Президенті Путинмен кездесуінде Палестина мен оның езілген және құдіретті халқы мәселесіне тоқталып, Палестинада әрбір 10 минут сайын бір баланың өліп жатқанына назар аудартып, Газаны бомбалауды тезірек тоқтату керектігін қуаттады.
-
Иран Президенті Мәскеуге аттанды
Жел 07, 2023 22:36Раиси: "Газа секторын бомбалауды тоқтату, қоршауды жою және Палестинаға гуманитарлық көмек жіберу Мәскеу сапарында талқыланатын басты мәселелер болады",-деді.
-
Иран Атом қуаты ұйымының баспасөз өкілі: Гросси эмоцияға беріліп сөйлемеуі керек
Жел 07, 2023 21:12Иран Атом қуаты ұйымының баспасөз өкілі: "Өкінішке қарай, АҚХА-ның бас директоры өзінің жауапкершілігі аясынан тыс ядролық бағдарлама туралы түсініктер жайлы сөз қозғап отыр",-деді.
-
Мохсени Ежеи: Қарсыласу күштері сионистердің зұлымдығы мен қылмыстарының тамырын жояды
Жел 07, 2023 18:15Иран Жоғары сотының төрағасы қарсыласудың басыла қалатын қозғалыс емес екенін айтып: "Қарсыласу күштері сионистердің қуғын-сүргіні, зұлымдығы мен қылмыстарының тамырын жояды. Қылмыскерлер істеген істерінің сазайын тартатын болады",-деді.
-
Генерал-майор Салами: АҚШ қоғамдық пікірде оқшау қалуда
Жел 07, 2023 17:56Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы АҚШ-тың қоғамдық пікірде оқшауланып жатқанын айтып: "Палестина дағдарысына байланысты халықтар мен үкіметтер арасында екі ірі полюс пайда болды",-деді.
-
Иран мен Ресей санкцияға қарсы құжатқа қол қойды
Жел 06, 2023 19:07Иран мен Ресей сыртқы істер министрлері санкциялар шараларының салдарымен күресу жолдары туралы құжатқа қол қойды. Бұл құжатқа сәйкес екі ел біржақты санкциялар шараларының салдарын жою жолдары саласында ынтымақтасады.
-
Иран Ислам Кеңесінің төрағасы мен Кубаның президенті арасындағы кездесуде ынтымақтастықтың кеңеюі қуатталды
Жел 05, 2023 17:32Иран Ислам кеңесінің Төрағасы мен Куба Президенті кездесіп, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың кеңеюіне тоқталды.
-
Амирабдуллахиан: Каспий саммитінде аймақтық ынтымақтастық пен қарым-қатынастарды кеңейту қарастырылады
Жел 05, 2023 17:13Иран Сыртқы істер министрі: «Сапардың мақсаты өткен жылғы Каспий теңізі саммитінің қарарларын қарастыру болып табылады. Мен Каспий теңізі саммиті аясында әртүрлі елдердің сыртқы істер министрлерімен кездесемін. Келіссөздердің негізгі тақырыптарының бірі Палестина жағдайы мен сионистік режимнің қылмыстары болмақ",- деді.
-
Ислам революциясының жетекшісі Куба Президентін қабылдады
Жел 04, 2023 23:13Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи бүгін түстен кейін Куба Президенті Мигел Диас-Канелмен кездесуінде екі елдің зор саяси-экономикалық әлеуеттеріне тоқталып: "Осы әлеуеттерді АҚШ пен Батыс елдерінің үстемдігіне қарсы бірдей ұстанымға ие елдер арасында коалиция немесе одақ құруға пайдалану керек",-деді.