-
Ұлыбритания Иран мен Жапония қарым-қатынасын қалай үзді?
Сәу 08, 2024 22:32Иран мен Жапония қарым-қатынасының үзілуіне қатысты тарихи оқиғада Ұлыбритания үкіметі мен оның Теһрандағы елшілігі басты рөл ойнады.
-
Теһран жұма намазының құтпагері: Сионистік режим қылмыс символына айналды
Сәу 05, 2024 23:40Теһран жұма намазының құтпагері сионистік режимнің палестиналық әйелдер мен балаларды қырып-жоюдағы қылмысына тоқталып: "Бала өлтіргіш жалған режим халықаралық құқық жүйесінде қылмыс символына айналды",-деді.
-
Сақшылар корпусының қолбасшысы: Сионистік режим өзі құрған қақпаннан құтыла алмайды
Сәу 05, 2024 22:06Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы: "Сионистік режим қазір АҚШ-тың жасанды тыныс алу аппаратының арқасында тірі. Ол енді өзі құрған арандату қақпанынан құтыла алмайды",-деді.
-
Дүниежүзілік Құдс күніндегі ирандық шерушілер: Сионистік режимді өкінтерлік жойқын жауап күтіп тұр
Сәу 05, 2024 19:03Дүниежүзілік Құдс күнінің шерушілері қорытынды мәлімдеме жасап, Газа халқына қолдап, сионистік режимнің Сириядағы Иран елшілігіне шабуылын айыптап: "Сионистік режимді өкінтерлік жойқын жауап күтіп тұр",-деп баса айтты.
-
Иран Сыртқы істер министрлігі әлемнің барлық азаттық сүюшілері мен ақиқат талап етушілерін жұма күні шеруге шығуға шақырды
Сәу 04, 2024 18:33ИИР СІМ Дүниежүзілік Құдс күні (1403 жылы 17 фарвардин, сәйкесінше 2024 жыл 5 сәуір) қарсаңында әлемнің азаттық сүюшілері мен ақиқат талап етушілерін, мұсылман халықтар мен үкіметтердің барлығын аймақ пен әлемнің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын бұзып отырған Израиль деген обыр ісіне қарсы күресу үшін және Палестина халқына шынайы қолдау білдіру үшін жұма күні шеруге шығуға шақырды.
-
Имам Хаменеидің жолдауы: Израиль бұл қылмысына өкінетін болады
Сәу 02, 2024 19:26Ислам революциясының жетекшісі бүгін, сәрсенбі сионистік режимнің Дамасктағы Иран елшілігіне шабуылынан сардар Мұхаммедреза Захеди мен бір топ жауынгердің шәһид болуына орай жасаған мәлімдемесінде: "Иранның ержүрек ерлері узурпатор сионистік режимді осындай қылмыс жасағанына өкіндіреді",-деді.
-
Иранның Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Астана іссапармен барды
Сәу 02, 2024 17:55Иранның Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің Ұлттық қауіпсіздік кеңестері хатшыларының отырысына қатысу үшін жоғары лауазымды делегацияны бастап Астанаға аттанды.
-
Израиль Дамасктағы Иранның бас консулдығына шабуыл жасап, 7 ирандық әскери қызметкерді шәһид етті
Сәу 02, 2024 17:13Ислам революциясының Сақшылар корпусы дүйсенбі күні мәлімдеме жасап, Израильдің Дамасктағы Иранның бас консулдығына зымыранмен шабуыл жасап, аймақтың қауіпсіздігін қорғап жүрген 7 ирандық әскери қызметкерді шәһид еткенін хабарлады.
-
Исмаил Ханиенің Теһранға сапары және Хұсейн Амирабдуллахианмен кездесуі
Нау 27, 2024 18:10Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы (Хамас) саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Хание сейсенбі Теһранға барып, Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амирабдуллахианмен кездесіп, Газадағы оқиғаларды талқылады.
-
Иран Сыртқы істер министрі Батыстың қос стандарттарын сынады
Нау 26, 2024 17:21ИИР Сыртқы істер министрі Еуроодақтың сыртқы істер жөніндегі жоғары өкілімен телефон арқылы сөйлесуінде Батыстың Палестина мен Газаға қатысты екі жақты және қайшылықты стандарттарын қатаң сынға алды.