Pars Today
ИИР Президенті сейіт Ибрахим Раиси мен Сыртқы істер министрі және олармен бірге болған делегацияның тікұшақ апатында шәһид болуынан кейін әртүрлі елдердің ресми тұлғалары мен қайтаркерлері Иран халқы мен үкіметіне көңіл айтты.
Иран Сыртқы істер министрі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Шығыс Жерорта теңізі аймағы бойынша аймақтық директоры Ханан Балхимен кездесуінде халықаралық ұйымдардың, әсіресе Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Газа секторына гуманитарлық және медициналық көмек жіберудегі рөліне тоқталды.
Иран Сыртқы істер министрі мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы телефон арқылы сұхбатта Батыс Азия аймағындағы соңғы өзгерістерді талқылады.
Иран Сыртқы істер министрі мен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Бас хатшысы телефон арқылы сөйлесу барысында Батыс Азия аймағындағы соңғы өзгерістерге шолу жасады.
Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы (Хамас) саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Хание сейсенбі Теһранға барып, Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амирабдуллахианмен кездесіп, Газадағы оқиғаларды талқылады.
ИИР Сыртқы істер министрі Еуроодақтың сыртқы істер жөніндегі жоғары өкілімен телефон арқылы сөйлесуінде Батыстың Палестина мен Газаға қатысты екі жақты және қайшылықты стандарттарын қатаң сынға алды.
ИИР Президенті жолдауында Ресей президенті, үкіметі және халқына Мәскеудегі "Крокус Сити Холл" концерт залындағы лаңкестік әрекетте көптеген бейкүнә Ресей азаматтарының қаза болуына байланысты көңіл айтты.
ИИР Сыртқы істер министрі Палестинадағы өзгерістерге байланысты кейбір халықаралық және исламдық мекемелер мен қайраткерлерге жолдаған хатында сионистік режимнің қасиетті Рамазан айында басқыншылық әрекеттерін жалғастыруының салдары туралы ескертті.
ИИР Сыртқы істер министрі Хұсейн Амирабдуллахиан жолдауында қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтап, Палестина мәселесін ислам әлемінің басым бағыттарының бірі деп атады.
Иран Сыртқы істер министрі «Мета» компаниясының Ислам революциясы жетекшісінің Instagram және Facebook-тегі парақшаларын бұғаттау әрекетін сөз бостандығын бұзумен қатар қорлау, азғындық және заңсыз деп сипаттады.