-
Ғасеми: АҚШ-тың Иранға қарсы шаралары халықаралық заңдарға қайшы
Там 20, 2018 21:24ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми дүйсенбі күні отандық және шетелдік тілшілер қатысқан баспасөз конференциясында АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінде Иранға қатысты жұмыс тобының құрылғаны туралы: "Бұл елдің қатынасы мен шаралары барлық танылған халықаралық ережелерге қайшы. Мұндай әрекеттер еш нәтиже бермейді",-деді.
-
Еуропа "Ортақ қадам" келісімі мен Иранмен сауда-саттықты жалғастыруды қолдап отыр
Там 13, 2018 14:32Reuters ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, Германияның Экономика министрі Петер Альтмайер Еуропаның АҚШ-тың Иранға қатысты қысымдарының алдында мойынсұнбайтынын мәлімдеп: "Еуропа Вашингтонға қандай елмен сауда-саттық жасау туралы нұсқау беруіне рұқсат бермейді. Сондықтан Еуропа Венада бекітілген ядролық келісімге берік болып қалады.
-
Зариф: АҚШ Иранның әрекеттерінің нәтижесінде тығырыққа тірелді
Там 08, 2018 16:49Иран СІМ Зариф: "Әлем Иранның соңғы жылдардағы сыртқы саясаттағы әрекеттерінің АҚШ-ты халықаралық қатынастарда тығырыққа тірегенін мойындады ",-деді.
-
Теһранның "Ортақ қадамға" беріктігі Еуропаның стратегиясына байланысты
Шіл 10, 2018 21:24Иранның Сыртқы қарым-қатынас стратегиялық кеңесінің басшысы Теһранның "Ортақ қадамға" берік болуын Еуропаның АҚШ санкцияларымен күресуге бағытталған стратегиясымен байланыстырды.
-
НАТО ұйымының бас хатшысы Трампқа ескерту жасады
Шіл 08, 2018 18:14НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Брюссельде өтетін НАТО басшылары отырысы қарсаңында АҚШ президенті Дональд Трампқа НАТО-ға мүше елдерге қолдау көрсетудің оның өзіне пайдалы екені туралы ескерту жасады. НАТО ұйымының бас хатшысы НАТО-ны әлсіретудің АҚШ үшін пайдасыз екенін айтты.
-
Еуропа "Ортақ қадам" келісімі бойынша жүзеге асатын шешім қабылдауы тиіс
Шіл 08, 2018 17:17ИИР президенті Хасан Рухани Иранның Жоғары экономикалық үйлестіру кеңесінің сенбі күні өткен төртінші отырысында: "Еуропа елдері "Ортақ қадам" негізіндегі экономикалық ынтымақтастықтарды жалғастыруға саяси тұрғыдан ерік білдірді. Алайда бұл істі жүзеге асыру сындарлы қадамдар жасап, анық шешім қабылдауды қажет етеді. Бұл іс сонда ғана бекітілген уақытта тиісті нәтиже береді",- деді.
-
Зариф Еуропадан «Ортақ қадамға» қатысты ерік-жігерін іс жүзінде көрсетуді сұрады
Шіл 05, 2018 18:22Иран СІМ «ИИР президентінің Еуропа сапарында «Ортақ қадамға» қатысты міндеттемелер айқын болды. Бірақ ерік-жігерді іс жүзінде көрсету қажет» деп жазды.
-
Иран Мәжілісінің өкілдері Еуропамен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты келіссөздер туралы мәлімдеме жариялады
Шіл 04, 2018 15:54Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің 160 өкілі Иран Президентінің еуропалық елдермен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы туралы келіссөздеріне қатысты мәлімдеме жариялады.
-
ИИР президенті Швейцарияға аттанды
Шіл 02, 2018 19:15ИИР-ның президенті бүгін түсте еуропалық екі ел – Швейцария мен Австрия басшыларымен кездесу мақсатындағы кезеңдік сапарын бастады. Рухани бірінші кезеңде Швейцарияның астанасы Берн қаласын бетке алды.
-
Арақчи: Еуропа Иран халқының сеніміне ие болу үшін талпыныс жасауы керек
Маусым 22, 2018 17:57ИИР СІМ-нің Саяси істер жөніндегі орынбасары бейсенбі күні Брюссельде өткен Иран мен Еуропаның экономикалық және технологиялық ынтымақтастықтары жөніндегі екінші халықаралық конференцияда Еуропаның Иран халқының сеніміне ие болуы үшін талпыныс жасауы керектігін, себебі, Иран халқының басым бөлігінің еуропалықтарға сенбейтінін айтты.