-
«Пишмарге» күштері Ирактың солтүстігінде тағы бір ауданнан кері шегінді
Қаз 29, 2017 15:00Масуд Барзани бастаған Ирактың Күрдістан демократиялық партиясына қарасты күрдтердің «Пишмарге» күштері кері шегінгеннен кейін Мосулдың оңтүстік-шығысындағы Махмур ауданы Ирактың орталық үкіметінің бақылауына өтті.
-
Иранның діни жетекшісі Ирак үкіметін америкалықтардың арамдығы мен жауыздығынан сақ болуға шақырды
Қаз 28, 2017 08:35Ислам революциясының жетекшісі Ирак үкіметінің көршілес және аймақ елдерімен қарым-қатынастарды дамыту жолындағы талпыныстарын қолдап, америкалықтардың жауыздығы мен арамдығынан сақ болып, ешқашан оларға сенім артпауға кеңес берді.
-
Рухани: Иран лаңкестікпен күрес жолында Ирак үкіметі мен халқының жанынан табылады
Қаз 27, 2017 22:02Иран президенті Ирак халқының үздіксіз күресі мен жанкештілігін, жауапты тұлғалардың басқаруы мен діни жетекшінің парасатты кеңестерін қиындықтарды шешуде өте маңызды деп атап: "Иран лаңкестікпен күрес және Ирактың бірлігін нығайтып, оның территориялық біртұтастығын сақтау жолында әрдайым бұл елдің үкіметі мен халқының жанынан табылып келеді",- деді.
-
Шамхани: Ирак кейбір араб елдері секілді диктаторлық режим арқылы басқарылмайды
Қаз 27, 2017 21:24Иран Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы АҚШ Мемлекеттік хатшысының Ирактың "Хашд аш-Шааби" халықтық күштеріне қарсы айтқан жуырдағы сөздеріне реакция білдіріп: "Рекс Тиллерсон Иракты Парсы шығанағы кеңесінің кейбір елдері секілді диктаторлық және үстемшіл түрде әулет тарапынан басқарылады деп ойлайды",- деді.
-
Революция жетекшісі: Ирактың жеңістерінің сыры – халықтың бірлігі мен үкіметтің мүмін әрі батыл жастарға қолдау көрсетуінде
Қаз 26, 2017 23:22Ислам революциясының жетекшісі әртүрлі тайпалардың бірлігі мен Ирак үкіметінің халықтық күштер мен мүмін әрі батыл Ирак жастарына қолдау көрсетуін олардың лаңкестер мен демеушілеріне қарсы күрестегі жуырдағы жеңістерінің сыры деп атады.
-
Хейдар әл-Абади: Хашд әш-Шааби – Ирак пен аймақтың үміті
Қаз 24, 2017 15:05Ирак Премьер-министрі дүйсенбі күні кешке АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонмен Бағдадтағы кездесуінде Ирактың халықтық ерікті күштерін қатты қолдайтынын мәлімдеді.
-
Ирактың Күрдістан аймағының бөліну туралы референдумы БҰҰ-ның азшылықтардың құқықтары туралы жарғысына қайшы
Қаз 24, 2017 10:44Ирактың Күрдістан аймағының басшысы Масуд Барзанидің талабымен осы аймақтың бөліну туралы референдумын 2017 жылы қыркүйектің жиырма бесі күні заңсыз түрде өткізуі Ирактың Орталық үкіметі мен аймақ елдерінің Ирактың Күрдістан аймағымен қарым-қатынасында текетірестің артуына соқтырды.
-
Зариф Тиллерсонның Ирак халқының ерікті күштеріне қарсы сөздеріне реакция білдірді
Қаз 23, 2017 14:32Мұхаммад Джавад Зариф АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонның Ирак халқының ерікті күштеріне қарсы сөздеріне білдірген реакциясында Twitter әлеуметтік желісіндегі өз парақшасында: «Өзінің елі мен жерін ДАИШ лаңкестік тобынан қорғауға жұмылған ирактықтар нақты қай елге қайтулары керек?» -деп жазды.
-
Ақпарат құралдарының Хашд аш-Шааби күштерінің Киркук қаласына кіргені туралы уәждері теріске шығарылды
Қаз 21, 2017 15:16Ирактың Бадр ұйымының бас хатшысы кейбір күрд ақпарат құралдарының Хашд аш-Шааби күштерінің Киркук қаласына кіргені туралы уәждерін теріске шығарды.
-
Әл-Абади Киркукта қарулы күштердің құзырының алдын алуға бұйрық берді
Қаз 19, 2017 17:21Ирактың Премьер-министрі Киркук облысында Орталық үкіметке қарасты күштерден басқа қарулы топтардың болуының алдын алуға бұйрық берді.