Зариф Тиллерсонның Ирак халқының ерікті күштеріне қарсы сөздеріне реакция білдірді
Мұхаммад Джавад Зариф АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонның Ирак халқының ерікті күштеріне қарсы сөздеріне білдірген реакциясында Twitter әлеуметтік желісіндегі өз парақшасында: «Өзінің елі мен жерін ДАИШ лаңкестік тобынан қорғауға жұмылған ирактықтар нақты қай елге қайтулары керек?» -деп жазды.
Мұхаммад Джавад Зариф Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонның Ирак халқының ерікті күштеріне қарсы сөздеріне реакция білдіріп: «Өзінің елі мен жерін ДАИШ лаңкестік тобынан қорғауға жұмылған ирактықтар нақты қай елге қайтуы керек? АҚШ-қа Вашингтонның мұндай ұят сыртқы саясатын мұнайдан түсетін долларлар таңып отыр»,-деп жазды.
Рекс Тиллерсон жексенбі күні Сауд Арабиясына жасаған сапарда «Ирактағы содырлар өз елдеріне қайтуы тиіс» деп уәж айтқан болатын.