-
Иран: Исфаханның "Си-о-се" және "Хаджу" көпірлері
Нау 28, 2023 17:17Жыл сайын Наурыз кезінде жолаушылар Исфаханның түрлі тарихи-туристік ғимараттарын аралайды. Биыл да туристер Исфаханға көп барды. Заяндеруд өзенінің үстіне салынған "Си-о-се" және "Хаджу" көпірлері ерекше ықыласқа бөленді. Исфахан халық арасында "Жарты әлем" деген атпен әйгілі. Шетелдік туристер арасында да айрықша танымал.
-
Иран: Ниаваран сарайының кітапханасы
Нау 28, 2023 17:07Ниаваран сарайының арнайы кітапханасы 770 шаршы метр ауданды алып жатқан екі қабатты және бір жертөлелі ғимаратта орналасқан. Ниаваран тарихи-мәдени кешенінің шығыс бұрышындағы бұл кітапханада 23 мыңнан аса кітап бар.
-
Иран: Гүлістан сарайы
Нау 28, 2023 17:00Теһран қаласында орналасқан Гүлістан сарайы – түрлі замандарда салынған тарихи ғимараттар кешені. Бұл сарай сәулет өнері, тарихи-көркемдік құндылық тұрғысынан елдің ең маңызды тарихи ғимараттарының бірі саналады. Сарайға жыл бойы отандық және шетелдік туристер көп келеді.
-
Иран: "Див Асиаб" бұлағы (175)
Нау 25, 2023 17:13"Див Асиаб" бұлағы Мазандеран облысының Алборз тауындағы Лар алқабының солтүстігінде орналасқан. Бұлақтың диаметрі шамамен 20 метр, тереңдігі 2 метр.
-
Семнан Орталық мешіті
Нау 03, 2023 19:01Семнан Орталық мешіті Семнан қаласының орталығында орналасқан. Бұл мешітті хижридің бірінші ғасырында салынған Семнанның ең көне тарихи және исламдық ғимараттарының қатарына жатқызуға болады.
-
Тан Саяд ұлттық саябағы және қорғалатын аумақ
Нау 03, 2023 19:00Танг Саяд - Иранның орталығындағы Чахармахал және Бахтияр облысындағы Фаррухшахр маңында орналасқан Ирандағы қорғалатын аймақ және ұлттық саябақ.
-
Иран: Доулатабад бағы (174)
Нау 01, 2023 21:34Доулатабад бағы (Dowlat Abad Garden) Иранның Йезд қаласында орналасқан. Бұл бақ – ЮНЕСКО-ның мәдени мұра тізіміне тіркелген ең көне ирандық бақтардың бірі. Оның 260 жылдық тарихы бар. 6,4 га ауданды алып жатқан бақтың әр бұрышынан жұмақтың белгісін көруге болады. Көктем мезгілінде бақта раушан гүлінің хош иісі аңқиды. Бақтың ортасында әлемде саз кірпіштен жасалған ең биік желтартқыш орналасқан.
-
Санандадждың Дар-ул-Ихсан мешіті
Ақп 23, 2023 17:59"Дар-ул-Ихсан мешіті" деген атпен де танымал Санандадждың орталық мешіті Иранның Күрдістан облысындағы Санандадж қаласында Қаджарлар заманынан қалған маңызды діни ғимараттардың бірі.
-
Нишапурдың туристік тартымдылықтары
Ақп 23, 2023 17:36Нишапур – Иранның шығысында орналасқан Хорасан-е Разави облысындағы маңызды қалалардың бірі. Қала Биналуд тауының етегінде орналасқан.
-
Иран: Есфахак тарихи ауылы
Ақп 20, 2023 22:21Есфахак тарихи ауылы Иранның Оңтүстік Хорасан облысындағы Табас ауданында орналасқан. Ол "саз, су және айна" ауылы деген атпен танымал.