-
Зариф: АҚШ заңнан жалтарып отыр
Қаз 04, 2018 16:55ИИР Сыртқы істер министрі АҚШ-тың 1955 жылы осы ел мен Иран арасында жасалған достық келісімінен шығуын Вашингтонның заңнан жалтаруының бір үлгісі деп атады.
-
Зариф: АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан артық келісімге жетпейді
Қаз 03, 2018 16:29Иран Сыртқы істер министрі Иран мен басқа алты елдің «"Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы» деп аталған келісімнің әрбір сөзіне қатысты келіссөз жүргізгеніне тоқталып: "АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан артық келісімге жетпейді",- деп қуаттады.
-
Еуропаның ұстанымы – «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында ИИР-ның мүддесін қамтамасыз ету
Қаз 01, 2018 23:51ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Ғасеми АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін Теһранның мүддесін қамтамасыз етуге қатысты Иран мен Еуропаның ұстанымдарының бір-біріне жақындай түскенін хабарлады.
-
Арақчи: Еуропаның арнайы механизмдері қарашаның төртіне дейін іске қосылуы керек
Қыр 29, 2018 23:39Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары жұма күні еуропалықтар АҚШ санкцияларының екінші кезеңі ресми басталатын қарашаның төртіне дейін ұсынған механизмдерін іске қосуы қажеттігін қуаттады.
-
Лавров: Ядролық келісімді бар күш-қуатымызбен қорғаймыз
Қыр 29, 2018 23:25Ресей Сыртқы істер министрі жұма күні БҰҰ Бас ассамблеясында өз елінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қорғау үшін қажет кез келген істі жасайтынын жариялады.
-
Еуропаның 7 орталық банкі Иранмен ынтымақтастық жасауға келісті
Қыр 29, 2018 23:10Иран Сыртқы істер министрлігі Еуроодақтың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу жолындағы талпыныстарына тоқталып: «Осы уақытқа дейін Еуропаның жеті орталық банкі Иранмен қарым-қатынас орнату үшін арнайы қаржы механизмдерін қарастыруға келісті»,- деді.
-
Рухани: БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысы АҚШ-тың жалғыздығын көрсетті
Қыр 27, 2018 16:31ИИР Президенті: "АҚШ Президенті Дональд Трамп басқарған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысы АҚШ-тың жалғыздығын, барлық елдердің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қолдайтынын және тура немесе жанама түрде АҚШ-тың әрекетін бұрыс санайтынын көрсетті",-деді.
-
ҚХР СІМ: Бейжің Теһранмен экономикалық байланысын жалғастырады
Қыр 25, 2018 20:00ҚХР Сыртқы істер министрі Иран СІМ-мен кездесуінде Бейжіңнің "Ортақ қадамды" сақтап қалуға міндетті екенін баса айтып, Бейжіңнің Теһранмен экономикалық байланысын жалғастыратынын айтты.
-
АҚШ-тың бұрынғы қайраткерлері Трамптың "Ортақ қадам" келісіміне оралуын сұрады
Қыр 24, 2018 18:44Демократтар мен республикашылдар фракциясына жататын АҚШ-тың бұрынғы 53 қайраткері жексенбі күні мәлімдеме жариялап: "Дональд Трамптың Иранға қарсы саясаты мен оның "Ортақ қадам" бағдарламасынан шығуының АҚШ үшін ауыр салдары болады",- деді.
-
Ресей Иранның зымырандық бағдарламасын дамытуға құқылы екенін қуаттады
Қыр 22, 2018 15:312017 жылдың қаңтар айында АҚШ-та Дональд Трамп билік басына келгеннен бері "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сынап, оны қайта қарастыру қажеттігі өзекті тақырыпқа айналды. Трамптың барлық уәжі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы Иранның ядролық шараларын ауыздықтап, АҚШ-тың мүдделері мен талаптарын, әсіресе Иранның зымырандық бағдарламасы мен аймақтық саясатына шынайы шектеу қою саласындағы талаптарын қамтамасыз ете алмады дегенге саяды.