-
Зариф: Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына дейінгі жағдайға қайтып оралуға дайын
Нау 21, 2017 18:20ИИР Сыртқы істер министрі: «Ислам революциясының жетекшісі айтқандай, Иран өзінің міндеттемелеріне берік, оны бұзбайды. Бірақ, егер АҚШ өз міндеттемелерін орындамай, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын жалғастыру ирандықтардың ұлттық мүдделеріне қайшы болатын жағдайға жеткізсе, Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына дейінгі жағдайға қайтып оралуға дайын»,- деп ескертті.
-
Революция жетекшісінің 1395 жылы айтқан ең маңызды сөйлемі
Нау 20, 2017 13:57Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла әл-узма Хаменеидің х.ш.ж.с.б. 1395 жылы айтқан "Егер америкалықтар "Ортақ қадам" келісімін жыртып тастаса, біз оны отқа жағамыз" деген сөзі халық арасындағы сауалнама бойынша ең маңызды сөйлем ретінде танылды.
-
«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы: Еуропа мен АҚШ-тың көзқарасы бойынша
Нау 15, 2017 16:20Иран мен құрамына АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Ресей, Қытай және Германия кіретін «алтылық» тобы бірнеше айға созылған қарқынды келіссөздерден кейін 2015-ші жылдың маусым айында ядролық мәселеге қатысты келісімге келіп, бұл келісім 2016-шы жылдың қаңтар айынан бастап іске асырылды.
-
АҚШ конгресмені "Ортақ қадам" келісімінің күшін жоюға қатысты Трампқа ескерту жасады
Нау 05, 2017 01:38АҚШ Конгресінің демократ депутаты осы елдің президентіне "Ортақ қадам" келісімін бұзу жөніндегі сайлау алдында берген уәдесінің салдарларын ескертті.
-
Арақчи: Трамптың "Ортақ қадам" келісімін ұзартудан басқа амалы жоқ
Нау 04, 2017 22:31Иран Сыртқы істер министрінің құқықтық және халықаралық істер бойынша орынбасары Аббас Арақчи Теһранда «"Ортақ қадам» келісімі және қарсыласу экономикасы"» атты республикалық конференцияда сөйлеген сөзінде: «Дональд Трамп "Ортақ қадам" келісімін сараптаудан өткізіп жатыр. Ол 2017 жылдың мамыр айының орта шеніне дейін Иранға қарсы санкцияларды тоқтатуды ұзартуы керек. Сол кезге дейін АҚШ- тың жаңа үкіметінің саясатының қалай болатыны анықталады.
-
Арақчи: АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзатын болса, зиян шегеді
Ақп 28, 2017 17:35Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының мықты нүктелерге ие екеніне тоқталып, егер АҚШ оны шетке шығарса, өзінің зардап шегетінің ескертті.
-
Американың кедергі келтіруі "Ортақ қадам" келісіміндегі банктік келісімдерді күшіне енгізудің баяу жүруінің себебі
Ақп 27, 2017 21:56ИИР президенті: "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын банк мәселелерінде орындау Американың кедергі келтіруі мен өз міндеттемелерін нақты орындамауына байланысты осы келісімді кейінге қалдырып отыр» деді.
-
Атом қуаты халықаралық агенттігінің жаңа мәлімдемесі Иранның "Ортақ қадам" бағдарламасына беріктігін растады
Ақп 25, 2017 14:42Вена қаласындағы БҰҰ-дағы Иранның елшісі әрі АҚХА-гі өкілі Реза Наджафи: "Атом қуаты халықаралық агенттігінің бас хатшысы Юкия Аманоның 2017 жылы жасаған алғашқы баяндамасы Иранның ядролық қызметінің барлығының "Ортақ қадам" бағдарламасы аясында орындалып жатқанын тағы растады",- деді.
-
Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі "Ортақ қадам" келісімін орындауға қолдау көрсетті
Ақп 23, 2017 18:07Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің бас директоры барлық тараптар "Ортақ қадам" келісімін орындауға берік болуы керек деп мәлімдеді.
-
"Ортақ қадам" келісімінің орындалуымен Иранға үрке қараудың басым бөлігі залалсыздандырылды
Ақп 16, 2017 08:37Иран мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік комиссиясының ақпарат хатшысы: «"Ортақ қадам" келісімінің орындалуын қадағалау штабы басшысының айтуынша, "Ортақ қадам" келісімі орындалғаннан кейін Иранға қарсы санкциялар алынып, Иранның мақсаттары жүзеге асты» деді.