-
Сейіт Хасан Насролла мұсылмандардың саудиялық бүлікпен күресуі қажеттігін қуаттады
Маусым 09, 2018 16:52Ливан Хезболласының бас хатшысы өткен жұма, яғни Дүниежүзілік Құдс күні Ливанның оңтүстігінде мыңдаған адамның алдында сөйлеген сөзінде: "Дұшпанның ең қауіпті қастандығы мақсаты Палестина мәселесін шешу, Құдс пен оның қасиетті мекендерінің басқыншы сионистік режимнің алдында берілуі болып табылатын "Ғасыр мәмілесі" атты америкалық жоспар саналады",- деп мәлімдеді.
-
Дүниежүзілік Құдс күні шеруінің қорытынды мәлімдемесі жарияланды
Маусым 09, 2018 14:23Дүниежүзілік Құдс күні шеруінің қорытынды мәлімдемесінде Құдс Шәріпті азат ету мен Палестинаның мазлұм әрі қорғансыз халқын сионист басқыншылардың үстемдігінен босату және Иран ислам революциясының асқақ армандарының қатарына жататын «Израиль» атты қатерлі ісікті жоюға талпыныс жасау баса айтылды.
-
Лариджани: Палестина халқының қарсыласуы мен қырағылығы сионистердің алаңдаушылығына себеп болды
Маусым 09, 2018 14:11Дүниежүзілік Құдс күнгі шерудің баяндамашысы Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани: "Бүгінде Палестина халқының қарсыласуы мен қырағылығы сионистік режимді алаңдатып, олар қауіпсіздіктің шайқалғанын түсінді",- деді.
-
Газа секторында сионистік әскерилердің оғынан 4 палестиналық шәһид болды
Маусым 09, 2018 13:58Палестиналық ақпарат көздері сионистік әскерилердің Газа секторындағы Құдс күнгі шеруге шыққан палестиналықтарға оқ жаудырып, олардың төртеуін шәһид еткенін хабарлады.
-
Иран халқы Құдс күнгі шерулерде Палестинаның мазлұм халқымен ынтымақтастықтарын жариялады
Маусым 08, 2018 20:36Исламдық Иран халқы Дүниежүзіліқ Құдс күнгі шерулерге жаппай қатысып, Құдс Шәріп пен Палестинаның мазлұм халқын қолдайтындықтарын тағы көрсетіп, сионистер мен әлемдік үстемшілдікпен күрестегі палестиналықтармен ынтымақтастықтарын жариялады.
-
Биылғы Құдс күнінің маңыздылығының себептері
Маусым 07, 2018 00:58Қасиетті Рамазан айының соңғы жұмасы Палестинаның езілген халқына қолдау көрсету мақсатында Иран Ислам революциясының көсемі имам Хомейнидің ұсынысымен "Құдс күні" деп аталды. 2018-ші жылдың Құдс күнін өткен 30 жылдағы ең маңызды Құдс күні деп атауға болады.
-
Құдс күнгі шеру ертең Иранның 900-ден астам қаласында өтеді
Маусым 07, 2018 19:56Құдс күнгі шеру ертең Иранның 900-ден астам қаласы мен көптеген елдерде өткізіледі.
-
Палестинаны қолдау конференциясының тұрақты хатшылығы Дүниежүзілік Құдс күніне орай мәлімдеме жасады
Маусым 07, 2018 17:59Палестинаны қолдау конференциясының тұрақты хатшылығы Құдс күнін "Үлкен шайтан» мен сионистердің қастандықтарымен күресу жолында бірігуге берілген ең қолайлы мұрсат деп атады.
-
Насер Абушариф: Сионистік режим жойылуға жақын қалды
Маусым 04, 2018 17:09Теһрандағы Палестина Исламдық джихад қозғалысының өкілі: "Палестиналық қарсыласу қозғалыстары да сионистік режимге толығымен қарсы болып отыр. Илаһи көмектің арқасында бұл режимнің жойылуына аз қалды",- деді.
-
Теһранда Құдс пен Палестина халқына тілеулестік білдіру мақсатында жиын өтті
Маусым 03, 2018 16:21Сенбі күні кешке Теһранның имам Джафар Садық (ғ.) мешітінде Құдс пен Палестина халқына тілеулестік білдіру мақсатында жиын өтті.