-
Иран мен Пәкістан СІМ телефон арқылы сөйлесті
Қаз 18, 2018 10:10Иран Сыртқы істер министрі Пәкістан Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сұхбатта ирандық күштерді лаңкестердің қолынан азат ету үшін сол елдің үкіметінен жылдам және қатаң әрекет қолдануды сұрады.
-
Иран Пәкістан армиясымен бірге лаңкестерге қарсы ортақ әрекетке дайын
Қаз 17, 2018 15:23Ислам революциясы Сақшылар корпусының құрлық күштерінің қолбасшысы Иранның оңтүстік-шығысындағы Мирджаве шекарасында бірнеше ирандық шекарашының ұрланғанына тоқталып, Иранның кепілге түскендерді азат ету үшін лаңкестерге қарсы Пәкістан армиясымен ортақ әрекетке дайын екенін мәлімдеді.
-
Иран мен Пәкістанның ортақ шекаралық сауда комитетінің алтыншы отырысы басталды
Қаз 15, 2018 21:22Иран мен Пәкістанның ортақ шекаралық сауда комитетінің алтыншы отырысы бүгін Пәкістанның Белучистан облысының орталығы Кветта қаласында өз жұмысын бастады.
-
АҚШ Ираннан Пәкістанға газ тасымалдауға кедергі жасап отыр
Қаз 09, 2018 21:11Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Иран мен Пәкістан арасындағы газ тасымалы туралы жасалған келісімге сілтеме жасап: "АҚШ Пәкістанның дамуына бөгет жасап, бұл елге газдың экспортталуын қаламайды",- деді.
-
Пәкістан Үндістанды лаңкестікке дем береді деп айыптады
Қыр 30, 2018 18:05Пәкістанның Сыртқы істер министрі сенбі күні Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген сөзінде Үндістанды Пәкістанда лаңкестіктің таралуына тікелей араласып отыр деп айыптады.
-
Ираннан Пәкістанға темір жол арқылы тауар экспорты 50 пайыздан асты
Қыр 10, 2018 22:19Иранның Оңтүстік-шығыс темір жол компаниясының бас директоры Иранның Захедан қаласынан Пәкістанға темір жол арқылы тауар экспортының соңғы 5 айда 2017 жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда 52 пайызға өскенін хабарлады.
-
Рухани Пәкістан президентін сайлануымен құттықтады
Қыр 07, 2018 15:15ИИР президенті Пәкістан үкіметіне жолдаған хатында Ариф ар-Рахман Алвидің Пәкістан Ислам Республикасының президенті ретінде сайлануымен құттықтап: "Екі елдің жоғары шенді басшыларының ерік-жігерінің арқасында қос елдің жақын әрі терең ынтымақтастығы мен халықтары арасындағы байланысына куә боламыз",- деп баса айтты.
-
АҚШ пәкістандық екі компанияға санкция салды
Қыр 03, 2018 15:11Пәкістандық ақпарат құралдары жексенбі күні кешке АҚШ-тың ақпарат көздеріне сілтеме жасап, пәкістандық Techcare Services FZ Technology Links Pvt Ltd деген екі компаниясының АҚШ-тың санкциясына ілінгенін хабарлады.
-
АҚШ Пәкістанға 300 млн долларлық көмекті тоқтатты
Қыр 02, 2018 15:02АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі Пентагон сенбі күні Пәкістанның АҚШ-тың аймақтағы стратегиясын қолдамауын сынап, осы елге бөлінген 300 млн доллардың берілмейтінін айтты.
-
Иран СІМ Пәкістанның премьер-министрімен кездесті
Қыр 02, 2018 04:45ИИР Сыртқы істер министрі Пәкістанның жаңа премьер-министрімен кездесіп, сұхбаттасты.