-
Катар Сыртқы істер кеңесші-министрі Амир Абдуллахианмен кездесті
Шіл 23, 2023 18:46Катар Сыртқы істер кеңесші-министрі бүгін Иран Сыртқы істер министрімен кездесіп, сұхбаттасты.
-
Иран мен БАӘ Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сұхбаттасты
Шіл 23, 2023 18:05Иран Сыртқы істер министрі өзінің әмірлік әріптесімен телефон арқылы сұхбаттасып, екіжақты қарым-қатынасты нығайту жолдарын талқылады.
-
Сербия Парламентінің төрағасы Теһранда
Шіл 23, 2023 17:42Сербия Парламентінің төрағасы Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы орынбасарының қарсы алуымен Теһранға келді.
-
Амир Абдуллахиан: Құранға құрметсіздік білдіргендер қамауға алынып, сотталуы керек
Шіл 22, 2023 16:59Иран Сыртқы істер министрі швед әріптесімен телефон арқылы сөйлесуінде осы елде Құранға құрметсіздік білдіргендер қамауға алынып, сотталуы керектігін баса айтты.
-
Амир Абдуллахиан Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Бас хатшысымен Құран Кәрімге қайта-қайта құрметсіздік білдірілу туралы сөйлесті
Шіл 22, 2023 16:57Кеше, жұма күні кешке Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан Швецияда Құран Кәрімге қайта-қайта құрметсіздік білдірілуге қатысты Ислам Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы Хұсейн Ибрахим Тахамен телефон арқылы сөйлесті.
-
Канани АҚШ-тың Иранға қарсы жаңа шарасын айыптады
Шіл 21, 2023 23:47ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ-тың Халықаралық теңіз ұйымының жылдық отырысын Иранда өткізуге қарсылық білдіргенін айыптап: "АҚШ-тың БҰҰ-ға қарасты техникалық ұйымдарды саяси мақсатта қолдануының шеті мен шегі жоқ",-деді.
-
Иран Сирияның Баб әл-Хави өткелін пайдалануға шешім қабылдағанын құптады
Шіл 20, 2023 21:59Иран Ислам Республикасының елшісі мен өкілі Сирия үкіметінің елдің солтүстік-батысына гуманитарлық көмек жіберу үшін БҰҰ-ға Баб әл-Хави шекара өткелін пайдалануға алты ай мерзімге рұқсат беру туралы «мемлекеттік шешімін» құптады.
-
Иран АҚШ-тың сардар Сүлейманиге қарсы қылмысына қатысты құқықтық іс қозғауға шешім қабылдады
Шіл 20, 2023 20:36Иран Президентінің құқықтық істер жөніндегі орынбасары: "Иран АҚШ-тың сардар Сүлейманиге жасаған террорына қатысты құқықтық іс қозғауға кесімді түрде шешім қабылдады",-деді.
-
Амир Абдуллахиан: Оман барлық тараптарды "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындауға қайта оралуға шақырды
Шіл 20, 2023 19:20Иран Сыртқы істер министрі омандық әріптесімен кездесуі туралы: "Маскат үкіметі барлық тараптарды "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындауға қайтару үшін көзқарастарды жақындатуға тырысып жатыр. Осыған қатысты Оман тарапынан бастамалар көтерілді. Соларды талқылап, пікір алмастық",-деді.
-
Мохбер: Иран мен Ирак арасында банкаралық кедергілерді жойып, жеке сектордың белсендігін арттыру керек
Шіл 20, 2023 18:02ИИР Вице-президенті Ирактың Еңбек министрімен кездесуінде екі ел арасында банкаралық кедергілерді жойып, жеке сектордың белсендігін арттыру керегін айтты.