-
Амир Абдуллахиан: Кавказ елдерінің аумақтық тұтастығына құрметпен қарау басты принцип болуы тиіс
Қаз 21, 2022 17:27Иран Сыртқы істер министрі: «Кавказ елдерінің аумақтық тұтастығына құрметпен қарау басты принцип болуы тиіс. Иран аймақта бөгде күштердің болуына ашық түрде алаңдаушылық білдіреді»,-деп мәлімдеді.
-
Иран СІМ: Иран азаматтары Украинаға сапар шегуден бас тартсын
Қаз 21, 2022 16:22Иран СІМ-нің консулдық бөлімі Украинада әскери қақтығыстар күшейіп, тынышсыздық артқаннан кейін Иран азаматтарына осы елге сапар шегуден бас тартуға кеңес берді.
-
Иран БҰҰ-дан №2231 қарарды теріс пайдалануға жол бермеуді сұрады
Қаз 21, 2022 16:11ИИР-дың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі бейсенбі күні БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке хатында Украинаның БҰҰ сарапшыларын осы елге келіп, құлатылған ұшқышсыз ұшақтардың бөлшектерін тексеру туралы ұсынысы және оны Қауіпсіздік кеңесінің Иранның ядролық келісіміне қатысты №2231 қарарын орындаумен байланыстырудың аталмыш қарар аясында қандай да бір заңдық негізі жоқ екенін айтты.
-
Амир Абдуллахиан: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында санкциялардың жойылуы нақты айтылмаған
Қаз 19, 2022 17:29Иран Сыртқы істер министрі санкцияларды алып тастау келіссөздерінің соңғы жағдайын түсіндіре отырып: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы проблемалардың бірі міндеттемелердің нақты анықталғаны, бірақ санкциялардың жойылуы нақты айтылмағаны»,- деді.
-
Иран Украинадағы соғыс үшін Ресейге ұшқышсыз ұшақтар жіберді деген мәлімдемені жоққа шығарды
Қаз 19, 2022 16:11Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Украина соғысында пайдалану үшін Ираннан қару-жарақ, соның ішінде әскери ұшқышсыз ұшақтар жөнелтілуіне қатысты айтылған кейбір мәлімдемелерді жоққа шығарды.
-
Иран Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі өкілінің мәлімдемесіне реакция білдірді
Қаз 18, 2022 19:39Иран Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі өкілінің «Еуропа – бақ, қалған жер – орман» деген мәлімдемесіне реакция білдірді.
-
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Байденнің соңғы бүліктерді қолдауына реакция білдірді
Қаз 16, 2022 21:18Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ Президентіне қаратып, Иранның ерік күші әлсіз әрі шаршаған саясаткердің ішкі іске араласушы сөздеріне мән беруден әлдеқайда жоғары екенін айтып: «Сіздің әдетіңіз – лай судан балық аулау. Бірақ есіңізде болсын: бұл – Иран, айбынды ерлер мен әйелдердің жері»,-деді.
-
Иран Кавказ аймағында бөгде күштердің орналасуына қарсы
Қаз 16, 2022 17:45Иран Сыртқы істер министрі өзінің әзірбайжан әріптесімен телефон арқылы сұхбатында Кавказда бөгде күштердің болуын аймақтық елдердің ортақ алаңдаушылығы деп атап, Иранның шетелдік күштерді аймаққа орналастыруға қарсы екенін айтты.
-
Раиси: Азия қауіпсіздігі іштен қамтамасыз етілуі керек
Қаз 14, 2022 01:46ИИР Президенті шет елдердің араласуын аймақ мәселелерін шешу жолы емес екенін, Азия қауіпсіздігін іштен қамтамасыз ету керегін айтып: «Шетелдік алпауыттардың Азия аймағына араласуы қиыншылықтарды арттырып жібереді»,-деді.
-
Қазақстанда CICA-ға мүше елдер басшыларының саммиты өтті
Қаз 14, 2022 00:47Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің VI саммиты бейсенбі күні, 13 қазанда Қазақстан елордасы Астанада Иран Президентінің қатысуымен өз жұмысын бастады.