Pars Today
Иран Қорғаныс министрлігінің әуе-ғарыш департаментінің баспасөз өкілі осы министрліктің ирандық жерсеріктерді ғарышқа ұшыруға арналған жан-жақты бағдарламасын таныстырды.
Иранның ғарыш ұйымы 10 жылдық ғарыш бағдарламасын орындау мақсатында алғаш рет ресми жиналыс өткізіп, іс жүзінде осы стратегиялық бағдарламаны орындау үдерісін бастады.
Ақпараттық технология және коммуникация министрі: "Биылғы жылдың аяғына дейін (наурыз 2023) кемінде 2 ирандық жерсерік ғарышқа ұшырылады. Басқа жерсеріктер ұшу кезегінде тұр",-деп хабарлады.
Иранның Коммуникация және ақпараттық технология министрі "Нахид" жерсерігінің жақын болашақта ғарышқа ұшырылатынын хабарлады.
Иран үкіметінің баспасөз өкілі: "Қоршаған ортаға төнетін қатерлерді анықтау, елдің шекарасы мен ауа райы өзгерістерін бақылау, пайдалы қазбалар іздеу "Хайям" жерсерігінің қызметтерінің қатарына жатады",-деді.
Иран үкіметінің баспасөз өкілі: "Ирандық ғалымдардың қатысуымен "Хайям" жерсерігінің тағы үш нұсқасын жасау үкіметтің күн тәртібіне қойылды",-деді.
Иранның Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар министрі мен Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар мен аэроғарыш өнеркәсібі министрі екіжақты әріптестікті дамыту керегін қуаттады.
Иран Президенті жерсерікті 2000 км қашықтықтағы орбитаға шығаруға қажетті технологияға қол жеткізу керегін айтты.
Иранның Байланыстар және ақпараттық технология министрі Иса Зарепур сейсенбі күні "Хайям" жерсерігінің Жерден 500 км қашықтықтағы орбитаға шығарылғанын хабарлады.
Иранның ғарыш агенттігі алдағы аптада "Хайям" жерсерігінің ғарышқа ұшырылатынын хабарлады.