Пезешкиан: Иран Қазақстанмен қарым-қатынасты кеңейтуге дайын
ParsToday - Иран Ислам Республикасының Президенті Қазақстанның Сыртқы істер министрімен кездесті.
ИИР Президенті: «Иран мен Қазақстанның екіжақты қарым-қатынасының болашағы аймақ пен әлем үшін бейбітшілік, қауіпсіздік және гүлденуге негізделген жарқын болашақты құрудағы ортақ шешім мен ерік-жігерге байланысты»,-деді.
Қазақстан Президентінің Пезешкианға жазбаша жолдауын тапсыру кезінде Мұрат Нұртілеу: «Бұл жолдау екі ел қарым-қатынасындағы жаңа кезеңнің бастамасы болып, түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға жол ашатынына сенемдіміз», - деді.
Қазақстанның Сыртқы істер министрі: «Біз Иранды ежелгі мәдениет пен өркениетке ие ел ретінде танимыз және ядролық технологияны бейбіт мақсатта пайдаланудағы заңды құқығың қуаттаймыз. Үкіметіңіздің түрлі салалардағы реформалар жолындағы талпыныстары, сөзсіз, Иран елінің дамуына, өркендеуіне және ілгерілеуіне әкелетініне сенімдіміз»,- деді.