БҰҰ-дағы Иранның елшісі: Қауіпсіздік кеңесінің осалдығы Израильдің қылмыстарының жалғасуының себебі болып отыр
(last modified Wed, 27 Jan 2016 11:59:57 GMT )
Қаң 27, 2016 17:59 Asia/Almaty
  • БҰҰ-дағы Иранның елшісі: Қауіпсіздік кеңесінің осалдығы Израильдің қылмыстарының жалғасуының себебі болып отыр

БҰҰ-дағы Иранның елшісі Қауіпсіздік кеңесінің осалдығын сионистік режимнің палестиналықтарға қарсы қылмыстарының жалғасуының себебі деп атады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, БҰҰ-дағы Иранның елшісі Ғұламхосейн Дехқани сейсенбі күні Қауіпсіздік кеңесінің «Таяу Шығыс және Палестина» атты азат отырысында Қосылмау қозғалысының мүшелерінің атынан: «Қауіпсіздік кеңесі Палестинаның мәселесін шеше алмайтынын көрсетті. Құдсты жаулап алушы режим қорықпастан отаршыл әрі адамгершіліктен жұрдай саясаттарын жалғастыруда»,- деді.

Дехқани басып алынған жерлердегі сионистік режимнің (Израильдің) әскери емес палестиналықтарға қарсы шабуыл жасау, Газа секторының қоршауын жалғастыру, палестиналықтардың үйлерін қирату, қалашық құрылысын жалғастыру және Бейт әл-Мұқаддастың исламдық болмысына шабуыл жасап, палестиналық жерлерді заңсыз тартып алу сынды қылмыстарына тоқталып, Қосылмау қозғалысына мүше елдердің басқыншы Израиль режиміне қарсы Палестина халқының күресін қолдауды қуаттады.

Дехқани БҰҰ-дағы сионистік режим өкілінің «Иран лаңкестікті қолдайды» деген және ядролық келісімге қарсы уәждеріне жауап қайтарып: «Мұндай айыптаулар аймақтағы қатыгездік пен экстремизмнің негізгі себепкері болып отырған Израиль режимінің саясаттары мен лаңкестікті қолдайтынын жасыруды көздейді» деді.