Рухани: Иранға үрке қарау саясатын ел үкіметі Иранды мадақтауға айналдыруға тырысты
ИИР президент Иранға үрке қарау саясатын ел үкіметінің Иранды мадақтауға айналдыруға, Иран халқының шынайы бейнесін әлем жұртшылығына ұсынуға тырысқанын айтты.
ИИР президенті Хасан Рухани Теһранда «Жұмысшылар – Иран экономикасының болашағы» атты тақырыпта өткен форумда: «Иран үкіметі өз қызметінің басынан әділетсіз санкциялардың күшін жойып, ирандық тауарларды экспорттау қақпасын әлемнің алдынан ашуға талпыныс жасады» деді.
Рухани үкіметтің арзан және бәсекеге қабілетті өнім өндіріп, жастардың жұмыспен шұғылдануына жағдай жасауға талпыныс жасағанына сілтеме жасап: «Қоқан-лоққылар бүгінде мұрсатқа айналды. Кезінде Ираннан бойларын аулақ салған елдер қазір Иранға кіруге және инвестиция салу үшін өзге елдермен бәсекеге түсіп отыр.
Жұмыс, еңбек, инвестиция тарту, технология және Иран тауарларын экспорттау үшін жаңа нарықтарды ашу арқылы Иранның экономикасы өсіп, дәуірлейді» деп қуаттады.
ИИР президенті сондай- ақ ақпан айының 26-сі күні Ислам кеңесінің мәжілісі мен Эксперттер мәжілісі сайлауларының өтетіндігіне сілтеме жасап, Иран халқын дауыс беру орындарына ықыласпен келіп, сайлауға жаппай қатысуға шақырды.
Иранның ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің төрағасы баршаның, соның ішінде әлемдік алпауыт елдер мен аймақ елдерінің Ирандағы сайлауларға көз тігіп отырғанын қуаттады.