Рухани "Кеңестер мен қала әкімдері-2016" атты әлемдік саммитінде баяндама жасады
https://itolqyn.com/news/iran-i11473
ИИР президенті тұрақты бейбітшілік орнату үшін әлемдік ынтымақтастықтың қажеттілігін қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 20, 2016 22:12 Asia/Almaty
  • Рухани

ИИР президенті тұрақты бейбітшілік орнату үшін әлемдік ынтымақтастықтың қажеттілігін қуаттады.

Президент әкімшілігінің ақпарат тарату торабының хабарлауынша, ИИР президенті Хасан Рухани сәрсенбі күні Теһранда "Кеңестер мен қала әкімдері-2016" атты тұңғыш әлемдік саммитінде жасаған баяндамасында: "Қатыгездік, әсірешілдік және лаңкестікті доғарудың жалғыз жолы ұстамдылық пен бір- бірінің мәдениетін құрметтеуді жоғарылату мен түрлі қоғамдардың мәдени және тұрмыс тәсілі тұрғысынан жақындасуы болып табылады. Әлемдегі қала әкімдерінің бір- бірімен байланыста болуы ұлттар мен үкіметтер арасындағы сүйіспеншілік пен мәдени, әлеуметтік, ғылыми және басқарушылық байланыстарды күшейте алады" деді.

ИИР президенті сондай- ақ қалалық және ауылдық кеңестерді құруды діни және исламдық демократия бағытындағы аса маңызды және үлкен қадам деп атап: "Бүгінде кеңестер Иранның климаттық және мәдени ерекшеліктері мен әлемдік өркениет тұрғысынан исламдық Иранның қалаларын басқару мен дамыту үшін жақсырақ бағытта бола алады" деді.

ИИР президенті сондай- ақ «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасы туралы: "«Ортақ қадам» ядролық келісімінен  кейін исламдық Иран мен өзге елдердің арасындағы байланыстар экономикалық, әлеуметтік, мәдени және ғылыми тұрғыдан оңайырақ және жақынырақ болып отырған жағдайға жеттік" деді.