Шіл 25, 2016 09:20 Asia/Almaty
  • Бригада генералы Джазайери: Ислам әлемі халықаралық лаңкестіктің ең маңызды нысанасы

Иран қарулы күштері бас штабының орынбасары халықаралық лаңкестіктің Сауд әулеті және Американың демеушілігімен ислам әлемін нысанаға алып отырғанын айтты.

Иран студенттерінің ақпарат агенттігі ИСНА-ның хабарлауынша Иран қарулы күштері бас штабының орынбасары бригада генералы сардар Масуд Джазайери бүгін, жексенбі күні сөйлеген сөзінде халықаралық лаңкестіктің шыққан жерін баяндай келе: ««Мұнафықтар» лаңкестік тобы мен Сауд Әулеті режимінің Париждегі масқара қойылымы Ирандағы ықтималды лаңкестік шаралар бойынша айыптау саусағын Сауд Арабиясы мен Францияға қарата созып отыр» деді.

Бригада генералы Джазайери «Мұнафықтар» тобының Париждегі басқосуы мен кейбір араб және саудиялық қайраткерлердің осы басқосуға қатысуына сілтеме жасап: ««Мұнафықтар» лаңкестік тобының лас қолы Иран халқының талабы және Иран қарулы күштері мен қауіпсіздік және барлау органдарының қырағылығы және дайындығымен кесілген, бірақ әлемдік лаңкестікті демеушілер осы жексұрын ағымды жандандыруға күш салуда» деді.

Иран қарулы күштері бас штабының орынбасары лаңкестік шаралардың Еуропа, Франция және Америкаға қанат жаюын тәкфирлік лаңкестіктің аймақта жеңіліске ұшырауының нәтижесі деп сипаттап: «Лаңкестікпен күресу туралы уәж айтатын елдер, әсіресе Батыс үкіметтері екіұшты саясат ұстануды қойып, түрлі қоғамдарда бейкүнә азаматтардың үкімет қайраткерлерінің қате саясатының құнын төлеуіне рұқсат етпесін» деді.

Иран қарулы күштері бас штабының орынбасары сөзінің соңында Сауд әулеті режимі мен Америка, сионистік режим және солардың Батыс одақтастарының ислам елдеріне қарсы қолдауы мен сыбайластығын ислам әлеміндегі жағымсыз құбылыстар деп атады.

Тегтер