Рухани: Иранның тәуелсіздігі түрлі қырынан маңызға ие
https://itolqyn.com/news/iran-i12082
ИИР президенті: "Бір елдің түрлі қырынан тәуелсіздігі және халықтық қажеттіліктер негізінде өзін қамтамасыз етуі тақырыбы ерекше маңызға ие" деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 01, 2016 19:28 Asia/Almaty
  • Рухани: Иранның тәуелсіздігі түрлі қырынан маңызға ие

ИИР президенті: "Бір елдің түрлі қырынан тәуелсіздігі және халықтық қажеттіліктер негізінде өзін қамтамасыз етуі тақырыбы ерекше маңызға ие" деді.

ИИР президенті Хасан Рухани  Иранның ұлттық газ компаниясының құрылуының жылдығы форумында сөйлеген сөзінде тәуелсіздік пен азаттықтың ислам революциясының негізгі ұрандары болғанын қуаттап: «Ислам революциясы тәуелсіз және халықтың дауысына иек артып жасалды. Төңкерісшіл болу дегеннің мағынасы – ой, сөз және сынау бостандығымен бірге азат ұлтқа ие болу. Бүгінде халықтың ғаламтор кеңістігінде билік пен үкіметке және оның бағдарламаларына қатысты өз талғамы мен пікірін білдіруі сын еркіндігінің белгісі болып табылады» деді.

Атқарушы биліктің төрағасы мұнай мен газ мәселесінің тек экономикалық қана еместігін баяндай келе: «Мұнай мен газ әрдайым сыртқы саясатта және өзге елдермен байланыста әсерлі рөл атқарды» деді.

Рухани үкіметтің күніне 200 млн текше метр газ экспорттау жоспарына сілтеме жасап: «Осындай жоспары бар ел көрші елдермен және әлемдегі өзге мемлекеттермен игі байланыс орнатады. Бүгінгі әлемде даму мәселесі энергияға, әсіресе мұнай мен газға қатысты» деді.