Рухани: Еуропамен қарым-қатынастарды кеңейту Иранның сыртқы саясатының басымдылыққа ие мәселелерінің бірі
ИИР Президенті еуропалық мемлекеттермен қарым-қатынастарды кеңейтуд3 Иранның сыртқы саясатының басымдылыққа ие мәселелерінің бірі екенін жариялады.
Иран Президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Иран Президенті Хасан Рухани сейсенбі күні кешке Италия сапарының екінші күні сол елде өмір сүретін ирандықтардың алдында сөйлеген сөзінде: «Теһран өз негіздері мен құндылықтарын сақтап, әлемнің барлық мемлекеттерімен, әсіресе еуропалық елдермен ынтымақтастығы мен қарым-қатынастарын нығайтады»,- деді.
Рухани таяуда Иранға көптеген экономикалық делегациялардың келуі мен өзінің сапарында Италия үкіметімен 14 құжатқа қол қойылғанына тоқталып: «Дүниежүзі санкциялардың күші жойылған мұрсатты Иран халқымен қарым-қатынас орнату үшін пайдаланғысы келеді. Бұл үдеріс жалғасады»,- деп қуаттады.
Иран Президенті сондай-ақ, Иранның қатыгездік және лаңкестікке қарсы күрестің алдыңғы шебінде екендігіне тоқталып: «Егер Иран лаңкестерге қарсы күреске белсенді қатыспағанда бүгін әлемдіктер лаңкестік топтармен емес, аймақтағы лаңкестік үкіметтермен бетпе-бет келетін еді. Бұл әлем үшін үлкен қатер. Аймақтың мәселелері Иранның қатысуынсыз шешілмейді. Бұл мәселені бүгін әлемнің алпауыт елдері мойындады»,- деп баса айтты.