Қорғаныс министрі: «С-300» құрылғысы Иранға толығымен әкелінеді
(last modified Sun, 21 Aug 2016 02:13:21 GMT )
Там 21, 2016 08:13 Asia/Almaty
  • Қорғаныс министрі: «С-300» құрылғысы Иранға толығымен әкелінеді

Иранның Қорғаныс және қарулы күштерді қолдау министрі келесі айға дейін Ресейдің «С-300" зымырандық құрылғысының Иранға толығымен әкелінетінін мәлімдеді.

Иранның Қорғаныс министрі сардар Хосейн Деһқан сенбі күні қорғаныс өнеркәсібі күніне байланысты өткен ақпарат отырысында «С-300» құрылғысын толығымен әкелу уақыты және осы құрылғыны орналастыру аймағы туралы сауалға берген жауабында: «С-300» құрылғысының басым бөлігі Иранға әкелінді. Қалған бөлігі де тиеліп, жеткізіліп жатыр» деді.

Иранның Қорғаныс министрі Иран мен Ресей ынтымақтастығының деңгейі туралы: «Аймақта тұрақсыздық және бейберекеттікпен күресу, аймақ деңгейінде бейбітшілік пен қауіпсіздікке қол жеткізу, сонымен қатар аймақта террор мен лаңкестіктің тамырын жою бағытындағы Иран мен Ресейдің жаңа кезеңдегі ынтымақтастығы стратегиялық болып табылады» деді.

Бригада генералы сардар Деһқан Ресей қырғи ұшақтарының Иранның батысында болуы және ресейліктердің Иран әуе базаларының мүмкіндіктерін пайдалануына сілтеме жасап: йБүгінде ресейлік қырғи ұшақтар Сириядағы лаңкестік ағымдарды нысанаға алу мақсатында осы елдің үкіметінің өтінішімен Иран мен Ресейдің өзара ынтымақтастықтары шеңберінде Иранның әуе базаларының мүмкіндіктерін пайдаланып отыр» деді.

 

 

Тегтер