Иранның лаңкестікпен күрестегі тұрғылары Ресеймен жақын
(last modified Tue, 23 Aug 2016 08:26:50 GMT )
Там 23, 2016 14:26 Asia/Almaty
  • Иранның лаңкестікпен күрестегі тұрғылары Ресеймен жақын

Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы Иранның ДАИШ және лаңкестікпен күресте Ресеймен жақын тұрғыларға иек екендігін мәлімдеді.

Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми отандық және шетелдік тілшілермен өткізген ақпарат отырысында Ресейдің Иранның батысында орналасқан Хамадандағы Ноже әуе базасын пайдалануы туралы: «Иранның бұл жөнінде Ресеймен еш келісімшарты жоқ, бірақ Теһранның Мәскеумен байланысы кейбір салалар бойынша стратегиялық сипатта болып, өткен бірнеше жылда көп дамыды» деді.

Иранның дипломатиялық аппаратының ақпарат хатшысы Иранның саяси- экономикалық делегациясының Латын Америкасына басталған сапарына тоқталып: «Латын Америкасы Иранмен көптеген ортақтастықтарға ие. Жекеменшік саласының қызметін кеңейту үшін экономикалық жұмысқа алғышарт әзірлеу Иран делегациясының Латын Америкасының алты еліне жасап отырған сапарының мақсаттарының қатарына жатады" деді.

Ғасеми Түркия президентінің Теһранға сапары негізінде жарияланған ақпараттар туралы: «Иран мен көрші ел Түркияның  байланысы жақсы. Осы елде әскери төңкеріс орын алған соң Иран алғашқы ел болып оған реакция көрсетіп, оны айыптады» деді.

Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы сондай- ақ Түркия Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуның өткен аптада Теһранға жасаған сапарына сілтеме жасап: «Осы сапарда екі елдің Сыртқы істер министрлері арасында сындарлы да пайдалы келіссөздер өтіп, байланыстар түрлі деңгейлерде жалғасатын болды.

Ердоғанның сапарының уақыты әлі белгіленген жоқ. Ақпарат құралдарының хабарлап жатқандары Түркия президентінің Иранға сапары жөніндегі өз болжамдары» деді.

 

 

Тегтер