Иранға шетелдік саяхатшылар көптеп келуде
https://itolqyn.com/news/iran-i13537
Иранның Мәдени мұра, қолөнер және туризм ұйымының төрағасы шетелдік саяхатшылардың Иранға келуінің өткен екі жылда әлемдік орта есептен 2 есе жоғары болғанын мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 27, 2016 23:24 Asia/Almaty
  • Иранға шетелдік саяхатшылар көптеп келуде

Иранның Мәдени мұра, қолөнер және туризм ұйымының төрағасы шетелдік саяхатшылардың Иранға келуінің өткен екі жылда әлемдік орта есептен 2 есе жоғары болғанын мәлімдеді.

Иранның Туризм ұйымының төрағасы Масуд Солтанифард: «Иранның саяхатшылар саны және туризм бөліміндегі табысы тұрғысынан үлесі 2015 жылы жарты пайызды құраған болатын. 20 жылдық перспектива құжатының мақсаттарына сәйкес осы үлестің салмағы шамамен 2 есеге ұлғаюы керек» деді.

Масуд Солтанифард 2015 жылы әлемде туризмнен 1476 млрд доллар табыстың түскеніне тоқталып, өткен жылы 5 млн 200 мың шетелдік саяхатшының Иранға сапар шеккенін мәлімдеп: «Иранға келуші саяхатшылардың шамамен 50 пайызын зиярат ету мақсатын көздеген діни туристер құрайды. Иран халал туризм бөлімінен жақсы табыс таба алады.

Иранның туризмнен түсетін қазіргі табысы 7 жарым млрд доллар болып табылады. Осы көрсеткішті 35 млрд долларға жеткізу керек» деді.