Ислам революциясы жетекшісінің әуе жүйелері базасының қолбасшыларымен кездесуінде сөйлеген сөзі
Ислам революциясының жетекшісі Иран әскерінің Хатам ул-Әнбия әуе базасының қолбасшыларымен кездесуінде сөйлеген сөзінде: «Дұшпан шабуыл жасаса, мықты соққы алатынын түсінуі керек»,- деп қуаттады.
Иран Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы аятолла Хаменеи жексенбі күні Иран әскерінің Хатам ул-Әнбия әуе базасының қолбасшыларымен кездесуінде әуе жүйелерінің кез келген шабуылға қарсы тұратын басты шеп екендігін қуаттап, Ислам республикасына қарсы майданды жауыз, зұлым және халықтың тәуелсіздігіне қарсы майдан деп атап: «ИИР-ның қорғаныстық қуатын әлсіреткісі келетін дұшпанға қарсы қарулы күштердің дайындығы тіпті дұшпан өзіне шабуыл жасауға рұқсат ету туралы ойдан айырылатындай артуы қажет»,- деді.
Ислам революциясының жетекшісі Иран халқы мен исламдық жүйеге қарсы дұшпандылықты әлемде таралған кейбір дұшпандылықтан жоғары деп атап: «Үстемшіл жүйе немесе әлемдік сионизм сынды қарсы майдан Иран халқының діни наным-сенімдері, тәуелсіздігі және зорлықты қабылдамау негіздеріне қарсы залым ой-пікірлерге ие жауыз майдан»,- деп қосты. Ол үстем майданның дұшпандығының түрлі болуына тоқталып: «Бұл дұшпандық бір күні АҚШ-тың, келесі күні Саддам режимі сынды залым режим түрінде пайда болады. Бірақ, маңыздысы, Иранның көптеген мүмкіндіктерді пайдаланып, дұшпанның жағдайы мен бағдарламасын анықтап, дұрыс шешім қабылдап, оны іске асыруы болып табылады»,- деп баса айтты.
Аятолла Хаменеи С-300 зымырандық жүйеге немесе Форду нысанына қатысты қарсылықтар мен жанжалдарды Иран халқының дұшпанының жауыздығының белгісі деп атап: «С-300 зымырандық жүйе – қорғаныстық құрал, бірақ америкалықтар Иран мұндай мүмкіндікке ие болмау үшін бар күшімен қарсы әрекет етуде»,- деді.