Президент шәһид Раджаи фестивалінің жабылу рәсімінде сөз сөйледі
https://itolqyn.com/news/iran-i13657
ИИР президенті Ислам республикасының ұстанымын діни, ахлақтық критерийлер мен Иранның ұлттық мүддесі бойынша нақты және парасатты шешім қабылдау деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 29, 2016 22:44 Asia/Almaty
  • Президент шәһид Раджаи фестивалінің жабылу рәсімінде сөз сөйледі

ИИР президенті Ислам республикасының ұстанымын діни, ахлақтық критерийлер мен Иранның ұлттық мүддесі бойынша нақты және парасатты шешім қабылдау деп атады.

ИИР президенті Хасан Рухани  дүйсенбі күні шәһид Мұхаммад Әли Раджаи фестивалінің жабылу рәсімінде сөйлеген сөзінде ұлттық мүдде мен ислам революциясын Иран ислам республикасы үкіметінің басты бағдарлары деп атап, «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасы жөнінде: ««Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасының мағынасы исламдық Иранның саяси күшінің әлемге және ірі алпауыттарға паш етілуінде. Иран дипломаттары Иран ислам республикасына қарсы қарарлардың күшін жойды. Бүгінде Иранға қарсы салынған санкция дуалы құлатылып, инвестиция салудың банктік және қаржылық жағдайы, тауар экспорттау мен импорттау  және қызмет көрсету жеңілдетілген» деді.

Хасан Рухани  сондай- ақ өткен үш жылда денсаулықты өзгерту жобасын үкіметтің аса маңызды да бағалы шараларының бірі деп атап: «Қазір халық азырақ шығынмен, көбірек ғиззат және құрметпен, қысқа уақытта ем және медициналық қызмет алады. Бұл өте  үлкен шаруа» деді.