Ислам революциясының жетекшісі жаңа оқу жылындағы фикһтен тыс сабақтың басында баяндама жасады
Ислам революциясының жетекшісі діни қызметкерлердің бірінші әрі ең маңызды міндетін діннен айыруға және пәктікті жоюға бағытталған жоспарларға қарсы тұру деп атады.
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи бүгін, сейсенбі күні діни оқу орындарындағы жаңа оқу жылында фикһтен тыс сабақтың басында халықтың, әсіресе жастардың санасы мен жүрегін діннен алшақтатуға бағытталған көлемді бағдарламаның бар екендігіне тоқталып: «Діни оқу орындары мен діни қызметкерлер виртуалды кеңістікпен таныс болып, оның мүмкіндіктерін пайдаланып, исламдық тағылымдар мен ұғымдарды түсіндіруі керек»,-деп қуаттады.
Аятолла Хаменеи орасан зор қаражаттың көмегімен халықтың иманы мен сеніміне қарсы көптеген бағдарламалардың жасалғанына тоқталып: «Дұшпандар күдіктер тудырып, тарату арқылы, сондай-ақ, пәктік пен ұятқа қарсы мазмұндағы материалдарды шығару арқылы мүмін жастарды дін жолынан тайдырып, ұяттан айыруды көздейді. Бүгінде мұндай іс виртуалды кеңістікте атқарылып жатыр»,-деді.
Аятолла Хаменеи осындай жоспармен күресуді діни қызметкерлердің бірінші әрі ең маңызды міндеті деп атап: «Діни оқу орындары мен діни ойшылдар дұшпандардың қалың әскерімен бетпе-бет келу қабілетіне ие болуы тиіс. Виртуалды кеңістіктің сансыз пайдасы да, зияны да бар. Оның мүмкіндіктерін пайдаланып, исламдық ұғымдарды кең түрде таратуымыз керек»,-деді.