Рухани: Иран ешқашан Мина апаты шәһидтерінің қанын кешірмейді
ИИР-ның президенті Иран үкіметі мен жүйесінің Мина апатындағы мазлұм шәһидтердің қанын ешқашан кешірмейтінін мәлімдеді.
ИИР-ның президенті Хасан Рухани ал-Харам мешітінің мазлұм қажыларының шәһид болуының жылдығын атап өтіп рәсімінде «Ирандықтардың қажылық сапарға баруына кедергі жасаған Сауд үкіметі биыл бұрынғы қылмыстарымен қоса өздерінің абыройларын қажылыққа қарсы күнәмен де ластады» деді.
Рухани Арабстанмен арадағы мәселенің қажылық сынды мәселелерден жоғары екендігін айтып: «Аймақ елдері мен ислам әлемі қазіргі мәселелерді шешіп, шарапатқа толы ибраһимдік қажылықтың өзінің толық мағынасында Мекке мен Медине және қасиетті кесенелерде жүзеге асырылып, аймақ елдері осы режимнің лаңкестікті қолдауынан құтылып, Йемен халқы да бейбітшілік пен қауіпсіздікте өмір сүре алуы үшін Арабстан үкіметін жазалауда үйлесімді әрекеттер жасауы керек. ИИР-ның үкіметі Мина апатында қаза болғандардың құқықтарын қайтару үшін өзінің заңды және саяси әрекеттерін жалғастырады» деді.