Қыр 11, 2016 18:22 Asia/Almaty
  • Джаһангири: Американың «Ортақ қадам» бағдарламасына қатысты уәде бұзушылықтары қарастырылуы керек

Иран Ислам Республикасының бірінші орынбасары Иран үкіметі мен СІМ және басқа да бөлімдердің Американың «Ортақ қадам» бағдарламасына қатысты уәде бұзушылықтарын қарастыратынын айтты.

Иран Ислам Республикасының бірінші орынбасары Исхақ Джаһангири Иран Телерадио ұйымының тілшісіне берген сұхбатта: «Ортақ қадам» бағдарламасының ең маңызды көмегі Иранға мұрсат тудыруында болды. Иран осы мұрсатты маңызды қиындықтарды шешіп, экономикалық дамуы үшін  пайдаланып келеді» деді.  

Джаһангири «Ортақ қадам» бағдарламасын бақылау тобының алтыншы отырысы туралы айтқан сөзінде: «Ел президенті мен Исламдық кеңес мәжілісінің төрағасы да осы топқа мүше. Егер Американың «Ортақ қадам» бағдарламасына қатысты уәде бұзушылықтары туралы есеп болса, сонда айтылып, ол туралы шешім қабылданады» деді.

Бұдан бұрын «Ортақ қадам» бағдарламасын жүзеге асыру ісін бақылау тобының мүшесі Али Акбар Велаяти осы топтың алтыншы отырысының өткізілгенін хабарлап, Американың «Ортақ қадам» бағдарламасын жүзеге асырудағы уәде бұзушылықтарының  «Ортақ қадам» бағдарламасын жүзеге асыру ісін бақылау тобы отырысының негізгі тақырыбы болғанын айтқан болатын. 

 

Тегтер