Президенттің «Homa» компаниясының құрылған күні сөйлеген сөзі
ИИР президенті Иранның әуе флотын аймақ пен әлемде үлкен әуе алпауытына айналдыруды қуаттады.
ИИР президенті Хасан Рухани Иранның ұлттық Homa әуе компаниясының құрылуының 55- ші жылдығы рәсімінде үкіметтің Иранның әуе флотын қалпына келтіруге бекем бел буып отырғанын қуаттап: «Иранның әуе флоты аймақ пен әлемде жолаушы және жүк тасымалдау саласында үлкен әуе алпауытына айналуы керек» деді.
Хасан Рухани Иранның күш- қуаты тек мұнай және физикалық қорларында ғана емес, оның еңбек, ғылым, білім және әлеуетті күштерінде деп қуаттап: «Барлық ирандық Иранды жаңарту және құдыретті, әлеуетті де еңселі Иранды құру үшін мықты жігерге ие. Иран Батыс пен Шығысты байланыстыратын ең жақын жол ғана емес, сонымен қатар осы екеуінің арасында сапар шегу үшін ең үздік әуе жолы да болып, мәдениет және саясатпен алмасу үшін де ең үздік құрал болып табылады» деді.
ИИР президенті сондай- ақ Иран халқының 26- шы ақпанда өтетін Ислам кеңесі мәжілісі мен Эксперттер мәжілісінің сайлауларға жаппай қатысуын қуаттап: «Иран халқы үміткерлерді жақсы таниды. Олар өздерінің түсініктерімен ең үздіктерді таңдайды» деді.