Ислам революциясы жетекшісінің Ғадир оқиғасы туралы сөзі
(last modified Wed, 21 Sep 2016 16:08:40 GMT )
Қыр 21, 2016 22:08 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісінің Ғадир оқиғасы туралы сөзі

Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи сейсенбі күні Ғадир Хом мейрамына қатысты халықтың әртүрлі таптарының мыңдаған өкілімен кездесуінде мұсылмандарды осы үлкен мейраммен құттықтауымен бірге тарихи Ғадир оқиғасының әртүрлі тұрғыдағы маңыздылығына тоқталды.

Иран Ислам революциясының жетекшісі  Ғадир Хомды үлкен илаһи мейрам деп атайтын кейбір пікірлерге тоқталып: «Бұл күнді былай атаудың себебі Ғадир оқиғасында орын алған өте маңызды мәселе, яғни  Ислам дініндегі үкіметтің ережесі мен негізін анықтау болды. Бұл негіз исламдық қоғамдағы Алланың бұйрығы және Исламның ұлық пайғамбары арқылы жарияланған имамат пен велаят болды»,- деді. Иран Ислам революциясының жетекшісі   ислам әлеміндегі бірліктің маңыздылығын қуаттап: «Шиіттердің атымен басқа исламдық мазхабтардың сезімін арандату шын мәнінде ұлыбританиялық шиіттік болды. Соның салдарынан АҚШ пен Ұлыбританияның барлау қызметтеріне тәуелді ДАИШ пен Ан-Носрат сынды топтар пайда болып, аймақ  көптеген қылмыстар мен қиратушылықтардың куәсі болуда»,- деді. Өткенге жасаған шолу  отаршыл үкіметтердің тарих бойында Исламға ауыр соққы бергенін көрсетеді. Тарих осы саладағы теріске шығарылмайтын құжат. Исламға қарсы күрес үшін әртүрлі жолдар пайдалынылады. Солардың бірі мұсылмандардың діни ой-пкірлеріне әсер етіп, олардың арасында іріткі тудыру болып табылады. Бұл мәселе ежелден бөгделердің араласуына жағдай тудырып, исламдық елдердің интеграциясына кедергі болды. Қазіргі кезде тарих қайталануда. АҚШ басқарған билікқұмар елдер исламдық елдерді әлсірету үшін ДАИШ сынды лаңкестік пен экстремизмді мұсылмандар арасында қайшылықтар тудырып, оларды жою үшін пайдалануда. Исламдық Иран осы күні дұшпанның бірінші нысанасына айналып, бұл елге қарсы жұмсақ соғыс жүргізілуімен бірге экономикалық қысымдар мен санкциялар және әскери қоқан-лоққылар пайдаланылуда. Дұшпандықтардың мақсаты – ислам респбуликасын билікқұмарларға қарсы тұру және илаһи билік орнатудың жолынан шығару. Иранның дұшпандары сонымен бірге әділет пен велаятқа сүйенген жүйеге соққы беруді көздеуде. Бұл қастықтар исламдық Иранның илаһи құндылықтарға сүйенуі, мықты жігерге ие болуы және елдің негізгі қоры – жастарының арқасында нәтижеге жетпейді.  

Иран Ислам революциясының жетекшісі сөзінің жалғасында: «Қазіргі кезде дұшпанның мақсаттарының бірі өте маңызды болып табылады. Дұшпан Иранның экономикасына нұқсан келтіріп, халықтың исламдық жүйеге наразы болуын мақсат етуде» деді.

Бұл маңызды мәселеге назар аудару Ислам дінінің үлкен мүмкіндіктерімен бірге дұшпанның қастандықтарының көбінің сәтсіздікке ұшырауын көрсеткенімен жүйе мен имам Әли (ғ.с.)-ның велаятынан үлгі алған жүйені қорғауға дайын болу үшін қажет. Экономикалық қарсыласу сынды мақсаттарға көңіл бөлу қазіргі кезде әскери қоқан-лоққыларға жауап қайтару сынды маңызды. Сондықтан Иран Ислам революциясының жетекшісі    сөзінің келесі бөлімінде қарсыласу экономикасын іске асыруды сан рет қуаттап: «Мұндай жағдайда үкімет пен Мәжіліс және басқа қайраткерлер мен жалпы халық дұшпанға қарсы тұруға жоба құрып, әрекет жасаулары керек»,- деді.