Рухани Қазвиннің діни ғалымдары мен ардагерлері алдында сөз сөйледі
https://itolqyn.com/news/iran-i15268
Иран Президенті: «Әлем елдері Иранның осы уақытқа дейін басқа ұлттардың құқықтарын жақсы қорғап келгенін мойындады»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 29, 2016 14:57 Asia/Almaty
  • Рухани Қазвиннің діни ғалымдары мен ардагерлері алдында сөз сөйледі

Иран Президенті: «Әлем елдері Иранның осы уақытқа дейін басқа ұлттардың құқықтарын жақсы қорғап келгенін мойындады»,-деді.

Иран Президенті Хасан Рухани  Қазвин облысының діни ғалымдары мен ардагерлерінің алдында сөйлеген сөзінде әлемдік сахнада Иран халқы мен үкіметіне сенуді маңызды деп атап: «Иран әрдайым  әлемнің жапа шеккен халықтарының жан айқайына жауап беруді өзінің адами міндеті санап келеді. Ол Сирия, Палестина, Ливан, Бахрейн мен Йеменнің жапа шеккен халықтары көмек сұрағанда жауап берді. 

Иран кейбір әлемдік алпауыттардың тарихына байланысты өзіне міндеттеме алуға сақтықпен қарайды. Алайда міндеттеме алған соң, уәдесін бұзбаған және бұзбайды да»,-деді.

Иранның атқарушы билігінің басшысы Иранның әлемдегі қазіргі орнына тоқталып: «Бұрын БҰҰ-ның отырыстарында Иранды айыптауға талпыныстар жасалатын, алайда биыл елдер арасында Иранмен экономикалық қарым-қатынас орнатып, әріптестік жасауға талас болды.

Азия мен Еуропа елдері өкілдерінің  Венесуэлада Қосылмау қозғалысының жуырдағы отырыстары және Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясы аясында Иран қайраткерлерімен кездесуі Иран халқының ұлылығын көрсетеді»,-деді.