Революцияның мәртебелі жетекшісінің діни білім ордалары жоғары кеңесінің мүшелерін қабылдауында сөйлеген сөзі
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі «Өзгеріс жобасын" дайындауды діни білім ордаларының қазіргі жағдайдағы маңызды қажеттіліктерінің бірі деп атады.
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи жексенбі күні таңертең діни білім ордалары жоғары кеңесінің мүшелерін қабылдауында діни білім ордаларын ислам билігінің ажырағысыз бөлімі деп атады.
Хазірет аятолла Хаменеи діни таным мен исламдық үкімдердің тіршіліктің барлық қыры мен қоғам ішінде жалғасуы үшін ислам билігінің мазмұнды, ғылымға ие, жаңалық ашушы және заманауи қажеттіліктермен таныс діни білім ордасына деген қажеттілігін қуаттап: «Діни білім ордасының қазіргі кездегі маңызды қажеттіліктерінің бірі «Өзгеріс жобасын» дайындап, ұзақ мерзімді нақты жоспар құру және осы жоба бойынша көздеген мақсаттарға жету» деді.
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі ұзақ мерзімді бағдарламаны діни білім ордасы үшін қажеттілік деп атап: «Осы жоспар құруда мақсаттар анық және қолжетімді болып, уақыт кестесіне ие болып, сан жағынан сынауға тұрарлық, әрі икемді болуы керек» деді.
Хазірет аятолла Хаменеи діни білім ордасының ұзақ мерзімді бағдарламасының діни білім ордасының «Өзгеріс жобасына» негізделуі керектігін қуаттап: «Діни білім ордасындағы көрнекті тұлғалар мен парасатты кемеңгерлерден тұратын стратегиялық зерттеулер орталығы құрылып, «Өзгеріс бағдарламасы» мен діни білім ордасының басқа стратегиялық бағдарламалары осы орталықта құрастырылуы керек» деді.