Иранның саналылығы соғыстың Парсы шығанағына қарай өрістеуінің алдын алды
(last modified Sun, 09 Oct 2016 09:13:38 GMT )
Қаз 09, 2016 15:13 Asia/Almaty
  • Иранның саналылығы соғыстың Парсы шығанағына қарай өрістеуінің алдын алды

Ислам Революциясының Сақшылар корпусының теңіз күштері қолбасшысының орынбасары: "Ислам Республикасының күш-қуаты, біліктілігі мен байсалдылығы болмаған жағдайда ДАИШ-ті қолдаушылардың соғысы Парсы шығанағына қарай өрістер еді" деді.

Адмирал Алиреза Тангсири сенбі күні Парсы шығанағында Сақшылар корпусы теңіз күштерінің АҚШ-тың үстемшілдігіне қарсы ерлігінің 29-шы жылдығы рәсімдерінде: "Егер ИИР-ның сабырлығы болмаса, дұшпандардың арандатушы әрекеттері Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазында қақтығыстар мен бейберекеттіктердің басталуына себеп болар еді. ДАИШ-ті қолдаушылар мен оның басында аймақтағы сионистік қозғалыс тіпті саяси алаңда өзіне-өзі қол жұмсау арқылы өз қылмыстары мен бейберекеттіктерді Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазының аймағына қарай өрістетуге тырысты. Дұшпан қолға алған және соған бар назарын аударған құралдардың бірі аймақ елдері басшыларының тәжірибесіздігі мен хабарсыздығын Парсы шығанағы мен Оман теңізінде осы сценарийді жүзеге асыру үшін қолдануды мақсат етуі болды" деді. 

 

Тегтер